Дәріс 4 Өндірістік шығындар есебі және өнімнің Өзіндік қҰнын калькуляциялау



Дата22.11.2022
өлшемі361.52 Kb.
#465416
дәріс 5


ДӘРІС 4
ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖӘНЕ
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ

Дәріс мақсаты:
Білім алушыларға өзіндік құн, калькуляция ұғымдарымен таныстыру, тақырыпты меңгеру барысында өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесін білуі қажет.
Өнімнің өзіндік құнының түрлері
Өзіндік құн- өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпорында жумсалған негізгі шикізаттар мен материалдар, отын мен энергия, еңбек және басқа да ресурстарды пайдалану шығындарының ақшалай көрінісі.
Өнімнің негізгі өндірістік өзіндік құны үш бөліктен тұрады:
-тікелей кеткен материалдар құны
-тікелей кеткен жұмыс күшінің құны
-үстеме шығындар
Тікелей шығындарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни оның құнына) басқа да шығындармен қосылып есептелінеді. Мысалға,автомобиль өндірісі үшін – металл, жиһаз өндірісі үшін- ағаш негізгі материалдар болып табылады.
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар- бұл өнімді өндіруге тікелей қатысқан өндіріс жұмыскерлеріне төленетін еңбекақы болып табылады. Қызмет көрсететін цехтың көмекші жұмыскерлерінің тікелей еңбекақы болып табылмайды, олар үстаме шығындарға жатқызылады.
Үстеме шығындардың қатарына амортизация аударымдары,еңбекақысы сақтандыру жарнасы,тұрғын үй қызметі,жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқта қалуының шығындары жатады. Үстеме шығындар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды шегеріп тастағанда пайда болады.
Жағдайға, мәніне және нақты есептеу нысанына байланысты өнеркәсіптің іс-тәжірибесінде өзіндік құнның келесі негізгі түрлері болады:
1.Жеке және салалық өзіндік. Әрбір кәсіпорын барлық өндірілетін өнімнің өзіндік құнын өзінің техникалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін ескере отырып анықтайды, бұл өнімнің және өзіндік құнының деңгейі мен құрылымына байланысты болады.
2. Цехтық, өндірістік толық өзіндік құны кәсіпорында цехты басқару жүйесі қалыптасқан жағдайға оның шығындарының қосындысы ретінде анықталады. Өндірістік өзіндік құн тек өнім өндіретін цехтардың барлық шығындарының жиынтығы анықтау арқылы есептеледі.
3. Шығындар орталығының өзіндік құны. Бұл өзіндік құн өнім өндірудіңбелгілі бір аяқталған технологиялық циклінің іс-әрекетімен байланысты кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелері (цехтар, төлімдер, бригадалар) бойынша қалыптасады. Бұл технологиялық циклді менеджер басқарады, ол тек шығындар орталығының байланысты шығындарға жауап береді.
4. Бастапқы өзіндік құн өнімді өндіруші кәсіпорынның ұсыныс бағасын анықтау үшін қажет. Ол кәсіпорынның нақты уақыттағы таңдаған баға стратегиясына байланысты толық шығындар негізінде немесе тікелей айнымалы шығындар негізінде есептелуі мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы

Тәжірибе жүзінде өнімнің өзіндік құнының 2 түрі қарастырылған:
1. Өндірістік өзінік құн
2. Толық өзіндік құн
Өндірістік өзіндік құн - бұл технологиялық қажетіліктерге жұмсаған материалдық шығындары, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысына кететін шығындар және жалпы өндірістік шығындар кіреді.
Толық өзіндік құн - есепті кезеңдегі коммерциялық және әкімшілік шығындар, тауар өнімінің өзіндік құнының сомасы кіреді.
Өзіндік құнының формалары (нысандары):

Жоспарлы өзіндік құн -белгілі жоспарлы кезеңдегі кәсіпорын жұмыстарын анықтайды (1жылға, яғни әр тоқсанға бөліп жасалынады) бұл жоспарлы өзіндік құн кез келген кәсіпорын үшін максималды мүмкін шама болып табылады.
Нормативті өзіндік құн - оның жоспалы өзіндік құннан айырмашылығы материалдар мен еңбек ресурстарының ағындық нормасы негізінде номалар мен нормативтердің өзгерісі 1 жылда қанша рет болса,сонша рет есептелінеді.
Есептік өзіндік құн (фактілік) - өнімді өндіру және өткізуге кететін нақты шығындармен анықталады және есепті кезеңдегі жоспардың орындалу дәрежесін сипаттайды.Жоспардан арту кәсіпорын жұмысының қанағаттанарлықсыздығына,яғни көп жағдайда өндірістің тоқтауынан болатын жоғалтулар,ақаулар және материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінен және сонымен қатар кәсіпорын қызметі тікелей тәуелді емес себептерге де байланысты.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің негізгі көздері:
1. Өнім өндіру көлемін арттыру
2. Еңбек өнімділігі деңгейін арттыру
3. Материалды ресурстарды үнемді пайдалану есебінен
4. Өндірістік емес шығындарды және жоғалтуларды қысқарту есебінен өндіріске кететін шығындарды төмендету.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет