Букетов // Қазақ Совет энциклопедиясы. Т. 2. Ә-Венгрлер. – Алматы, 1973. – 485б. БУКЕТОВ Евней Арыстан ұлы (23.3.1925 ж. т., Солт. Қазақстан обл., Октябрь ауд., Бағанаты аулы) — түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы саласының ғалымы, Қаз. ССР ҒА-ның корр. мүшесі (1969), СССР Мин. Советі жанындағы Ғылым мен техника жөніндегі Мемл. комитеттің; «Гидрометаллургия» ғылыми советінің мүшесі, СССР. Мемл. сыйлығының; лауреаты (1969), тех. ғыл. докторы; (1967), профессор, І949 жылдан КПСС мүшесі, Қаз. ССР ҒА Химия-металлургия ин-тының директоры болып: қызмет істеді, ал 1972 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінің ректоры. Негізгі жұмыстары селен мен теллурдың технологиясы мен химиясын жасауға арналған. Оның басшылығымен Балқаштың кен-металлургия комбинатында конверторда қайта - өңдеу үшін Жезқазған концентратын даярлау тәсілі енгізілді, рений; мен молибденді бөліп алу тәсілі жетілдірілді. Б. марганец рудаларын комплексті түрде қайта өңдеу проблемасын шешуде елеулі үлес қосты. Оның жүзге жуық ғылыми мақалалары жарық көрді. Жиырмадан артық авторлық куәлік алған. Б. — әдебиет саласында сыншы, аудармашы ретінде де танылған ғалым.