Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағы



Дата23.02.2016
өлшемі69.8 Kb.
#7514
Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағы
2013 жылы еліміздің медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподақ қозғалысына 90 жыл толды.

Қазақстанның медициналық санитарлық жүйе ұйымдарында кәсіподақтың алғашқы ұяшықтары өткен ғасырдың 20 жылдары пайда бола бастады. Оның өзі аз мөлшердегі бірікпеген ұйымдар еді.

1923 жылы Орынбор қаласында өткен губерниялық съезде Қазақстандық ұйымның «Всемедикосантруд» жалпыодақтық кәсіптік одақ құрамына кіруі туралы шешім қабылданды. Осы съезде «Всемедикосантруд» кәсіподағы Орталық Комитеттің Қазақ АССР-ы бойынша өкілеттік қызметі тағайындалды. «Всемедикосантруд» кәсіподағы Орталық Комитеттің Қазақ АССР-ы бойынша алғашқы өкілеттік қызметке Ярин тағайындалды.

1924 жылы Мәскеу қаласында өткен «Всемедикосантруд» жалпыодақтық кәсіподақтың V съезінде оның атауының «Медсантруд» кәсіподағы болып өзгертілуі туралы шешім қабылданды.

1925 жылдың 1 шілдесінде «Медсантруд» кәсіподағы мүшелерінің Қазақстандағы саны 3565 кісіге, 219 біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен 30 кісіден тұратын ақылы кәсіподақ қызметкерлері құрады (1 кәсіподақ қызметкеріне 150 кәсіподақ мүшесінен).

1925 жылы наурыз айының 5-8 кундері Орынбор қаласында өткен кәсіподақтың I–ші республикалық съезінде «Медсантруд» кәсіподағының Қазақстандағы Орталық басқармасы сайланды. Съезд медицина қызметкерлерінің әлеуметтік, экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды өзінің басты міндеттері ретінде анықтады.

Осы съездің шешімі бойынша 1925 жылдан бастап Қазақстанның барлық губернияларында кәсіподақтың губерниялық бөлімдері құрыла бастады.

Бұдан әрі жалпыодақтық «Медсантруд» кәсіподағындағы өзгерістерге байланысты қазақстандық кәсіподақ ұйымы да бір шама өзгерістерді басынан кешірді. Сонымен, 1934 жылы Орталық басқарма Республикалық Комитет болып, ал 1939 - 1949 жылдары «Медсантруд» кәсіподағының кеңейтілген құқығы бар Орталық Комитеті болып өзгертілді.

1949 жылы ВЦСПС-тің 1948ж.17 қарашасындағы Қаулысына сәйкес «Медсантруд» кәсіподағының барлық орталық комитеттері Мәскеудегі кәсіподақтың Орталық Комитетіне бағынышты Республикалық Комитеттер болып атауларын өзгертті.

«Медсантруд» Республикалық кәсіподағы ел өмірінде белсенді қызмет жасады. Сонымен, соғыстан кейінгі елді қайта қалпына келтіру, сауатсыздықты жою, еңбекшілерді азық түлікпен, отынмен қамтамасыз ету, бейбіт заманда – жолдама бөлуден бастап социалистік жарыс ұйымдастыруға дейін.

Қазақстанда салалық кәсіподақ қозғалысының жаңа кезеңі 1990 жылдың 6 қыркүйегінде өткен Құрылтайшы съезінен бастау алды. Съезд Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы - тәуелсіз, дербес қоғамдық бірлестіктің құрылуын жария етті. Съезд Кәсіподақтың басты міндеті – медицина қызметкерлерінің еңбек, кәсіби және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау екенін анықтады.

Кәсіподақтың демократиялық құрылымы

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағы құрылған күнінен бастап өз дәстүріне адал және сала қызметкерлерінің көпшілік мүддесіне өкілдік етуде.

Біріңғай Жарғы аясында бүгінгі таңда Кәсіподақ құрамына 17 облыстық және аумақтық филиалдар, 1262 бастауыш кәсіподақ ұйымына біріккен 290 мыңнан аса мүше кіреді. Көптеген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдары мен оның жетекшілері қоғамдық бастама бойынша риясыз өз міндеттерін атқаруда.

Съезд – Кәсіподақтың ең жоғарғы органы болып табылады және ол кемінде бес жылда бір рет шақырылады. Съезд Кәсіподақ Орталық Кеңесі мен Кәсіподақтың тексеру-бақылау комиссиясы қызметтерінің есебін тыңдайды, басқарушы органдарды сайлайды, келер бесжылдыққа арналған Кәсіподақ саясатының негізі болып табылатын іс бағдарламасын анықтайды.

Съездер аралығында Кәсіподақтың басқарушы органы, құрамын съезд бекіткен, Кәсіподақтың Орталық Кеңесі болып табылады.

Жедел және ағымдағы жұмыстарды атқару үшін Орталық Кеңес құрамынан Атқару Комитеті сайланады.

Кәсіподақ «Кәсіподақ жаршысы» деп аталатын ақпараттық бюллетеньді тоқсан сайын 2800 дана таралым басып шығарады.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Кәсіподағын съезде сайланатын төраға басқарады. Мереке Сағымбайқызы Бутина 1983 жылдан бері Кәсіподаққа төрағалық етіп келеді.

Кәсіподақтың штаб-пәтері Қазақстан Республикасының ел ордасы – Астана қаласында орналасқан.

Кәсіподақ қызметінің негізгі принциптері мен мақсаттары

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарына, халықаралық жалпыға бірдей қабылданған нормаларға және Жарғығы сай атқарады.

Кәсіподақ өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек және кәсіптік құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатын еріктілік, теңқұқықтылық және ынтымақтастық негізінде құрып, өз жұмысын


  • салалық кәсіподақ қозғалысының бірлігі;

  • ерікті түрде Кәсіподаққа кіру және шығу;

  • кәсіподақ органдарының төменнен жоғарыға дейін сайланбалы, олардың өзінен жоғары орган мен мүшелерінің алдында жыл сайын есеп беру;

  • Кәсіподақтың сайланбалы органдарының жұмысында алқалылық, қабылданған шешімнің орындалуына жеке жауапкершілік;

  • Кәсіподақтың жоғарғы органдарының шешімдерінің орындалуы кәсіподақтың барлық органдары мен мүшелерінің міндеттілігі;

  • кәсіподақ органдары мен ұйымдарының Кәсіподақ Жарғысына қайшы қабылдаған шешімдерінің күшін Кәсіподақтың жоғарғы органдары жою, кейінге қалдыру;

  • біріңғай қаржылық саясат негізінде атқарып отыр.

Кәсіподақ өзінің сайланбалы органдары арқылы өз мүшелерін қорғау үшін:

  • кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіреді, бағдарлама береді және үйлестіреді;

- кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік органдары және жұмыс берушілер, сот және басқа органдар алдында өкілеттік етеді және қорғайды, сонымен қатар прокуратураның бақылауындағы кейбір құқықтық және нормативтік актілерге қарсылығын білдіре алады;

- мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер өкілдерімен келіссөз жүргізеді, келісімдер, ұжымдық шарттар жасайды және олардың орындалуын бақылайды;



- мемлекеттік билік органдарына Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары және мүдделеріне қатысты заң құжаттары мен нормативтік актілерді жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді, олардың құқықтарына шек қоятын нормативтік актілердің күшін жоюды талап етеді;

- еңбек туралы заңдардың және еңбекті қорғау туралы ережелердің сақталуын қоғамдық бақылауға алады, еңбек дауларын шешуге қатысады;

- өмір сүру деңгейі, отбасы бюджеті, инфляция, жұмыссыздық, еңбекті қорғау, кадрларды кәсіптік дайындау және білімін жетілдіру және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және мемлекет саясатының әлеуметтік бағытта болуына атсалысады;

- кәсіподақ мүшелеріне дәрігерлік және зейнетақылық, қамсыздандыру, санаторлық-курорттық емдеу, демалыс ұйымдастыруға және мамандығын арттыру мен қайта дайындаудан өтуіне көмек көрсетеді;

- өз мүшелеріне және құрылымдық бөлімдеріне ұйымдастырушылық, кеңестік, құқықтық және материалдық, қайырымдылық көмек береді;

- заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша өз өкілдерін Қазақстан Республикасы Парламентіне және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынады;

- заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жиналыстар, митингілер, бой көрсету шерулер, ереуілдер және басқа бұқаралық акцияларды ұйымдастырады және өткізеді;

- осы Жарғыда белгіленген мақсаттарын орындау үшін шаруашылық қызмет атқарады, кәсіпорындар, сақтандыру және қаржы қорларын, ынтымақтастық қорын және басқа да қорларды құрады; акциялар және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және кәсіпкерлік қызметті дамытады;

- ақпараттық мәліметтендіру және баспа қызметін атқарады;

- Кәсіподақ мүшелері тиісті Кәсіподақ құрылымдары арқылы өкілеттік еткен басқа да қызметтерді атқарады.



Кәсіптік одақтың басымдықтары

2010 жылдың 28 сәуірінде өткен Кәсіподақтың кезекті IX съезі салалық кәсіподақ қозғалысының сақтағыштығын дәлелдей отырып, кәсіподақ қозғалысын реформалаудың міндеттері мен Кәсіподақтың жаңа кезеңде даму бағдарламасын тұжырымдады.

Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек және кәсіптік құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақ мүшелігіне уәждеу, ұйымдық және қаржылық нығайту Кәсіподақ қызметінің басты бағыттары болып табылады.

Сала, аймақ, ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестік қағидасы әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің негізі болып табылады.

Кәсіподақ әрдайым (үш жылда бір рет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен салалық келісім жасасады. Келісімді әзірлеу мен қол қою кезінде тараптар денсаулық сақтау қызметкерлері көтерген көкейтесті мәселелерді шешу және жедел шешім қабылдауды талап ететін бір топ мәселені анықтау қажеттілігі туралы тараптардың ұстаным мәмілесіне, өз құқықтары мен өкілеттіктеріне, мемлекеттің бюджеттік құрылымы мен Конституцияға сүйенеді. Соның ішінде саланы тиімді басқару аясында қабылданған шаралар, экономикалық қатынастарды жетілдіру мен еңбекақы төлеу, еңбек қатынастарын құқықтық реттеуді қатайту.

Денсаулық сақтау ұйымдарында аймақтық деңгейде қабылданған келісімдердің жергілікті орындарда мерзімі жеткен мәселелерді жедел түрде шешуге ықпалы зор.



Кәсіподақ қызметінің бір басымдылығы жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда оны қолдауға бағытталған ұйымдастыру мен құқықтық шара, жастарды кәсіподақ қызметіне белсенді арту бойынша мақсатты жұмыстар болып табылады. Осы мақсатта Кәсіподақта Жастар саясаты Концепциясы бекітілген. 2010 жылдан Кәсіподақтың Орталық Кеңесі жанында Жастар саясаты бойынша Кәсіподақтың тұрақты комиссиясы жұмыс жасайды. 1999 жылдан Кәсіподақта жыл сайын 28 жоғары және орта арнулы білім беретін мекемелердің қатысуымен атаулы шәкіртақы тағайындау бойынша байқау өткізіледі.

Кәсіподақтың Қазақстан Республикасындағы басқа да кәсіподақтармен ортақ әрекеттестігі саладағы қызметкерлердің еңбек жалақысы мөлшерінің артуына, еңбекшілер мен кәсіподақтар үшін негіз болатын Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің, кәсіподақтар бастамасымен қызметкерлердің құқықтық жағдайын жақсарту нормалары енгізілген денсаулық сақтау жүйесі мен денсаулық туралы Кодекстің қабылдануына елеулі ықпалын тигізді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет