Мотивациялық
қозғаушылық
Ізденістік-ұйымдастырушылық
Рефлексивті-түзетушілік
|
Шаттық шеңбері
-Баллар,бүгін бізде күндегіден ерекше күн.Себебі бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіп отыр.
Барлықтарың өте әдемі болып келіпсіңдер және мына әсем бөлмеде сендермен кездескеніме қуаныштымын.Алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал,кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Иә, дұрыс айтасыңдар. Даладан күннің көзін,құстардың дауысын, еріп жатырған қарды көріп тұрмыз.
-Көктемде күн жылынып,қар еріп,барлық тіршілік иелері оянып,көктем келіп, құстар да ұшып келеді.
-Балалар,біз құстар жайлы қандай ертегі білеміз?
-Өте тамаша! Дұрыс айтасыңдар.
Онда тағы да ертегі тыңдағыларың келе ме?
-Ендеше мен сендерге «Шұбар тауық» ертегісін айтып берейін.Сендер мұқият көріп,тамашалап отырыңдар.
Қуыршақ театры арқылы «Шұбар тауық» ертегісінің қойылымын сахналап көрсету.
Ертеде атай мен әжей болыпты. Олардың шұбар тауығы болыпты. Атай мен әжей шұбар тауыққа жем беріп,күтіп бағады. Бір күні шұбар тауық алтын жұмыртқа туады. Атай алтын жұмыртқаны қолына алып,әрі ұрады,бері ұрады,сынбайды. Әжей де жұмыртқаны алып,сындыра алмайды. Бір кезде анадай жерде кетіп бара жатқан тышқан жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Сол кездле алтын жұмыртқа жарылып қалады. Атай мен әжей жарылған алтын жұмыртқаны көріп,қатты жылайды. Сонан кейін шұбар тауық ақ жұмыртқа туады. Оған атай мен әжей қатты қуанады.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
-Шұбар тауық қандай жұмыртқа туады?
Дидактикалық ойын: «Бөлшектерді жинап құрастыр»
Ойын шарты:Қағаздан қиылған құс бөлшектерін жинап құрастыру және атау.
(«шиқ-шиқ» еткен шиқылдаған дыбыс естіледі)
-Балалар,естідіңдер ме әлдененің дауысы естіліп жатқан сияқты.
Кәне, бәріміз іздейік.(Кішкентай балапан көрінеді)
-Балалар,қараңдаршы мынау жұп-жұмсақ не болды екен?
-Ой,қандай сүйкімді балапан,өзі адасып қалған сияқты.
-Балапанның түсі қандай?
-Ендеше бәріміз балапанмен бірге серуенге шығайық, оған анасын табуға көмектесейік.
(Тәрбиеші балалармен бірге ағаштардың, гүлдер мен шөптердің арасымен жүріп,саяхатқа шығады)
Тәрбиеші саяхатқа шығу барысында балаларға табиғатты тамашалап, олардың ерекшеліктері жайлы өз түсініктерін айтуды ұсынады.
-Ағаштардың басында не көріп тұрсыңдар?
-Балалар, көктемде ең алғаш ұшып келетін құстарды атаңдаршы?
-Дұрыс айтасыңдар. Көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді екен.
-Балалар, қараңдаршы мынау жерде аппақ домалап жатқан не болды екен?
-Иә, балапанның анасы да осы жерде болуы мүмкін. Мына жерге жұмыртқасын тастап кетіпті.
(балапанын іздеп жүрген әжейді көреді)
-Балалар, әне әжей келе жатыр,содан сұрайық мүмкін сол кісі білер.
-Сәлеметсіз бе Әжей! Біз мына кішкентай балапанның анасын іздеп жүрміз.
Әжей: -Иә мен де осы балапанды іздеп жүр едім,рахмет сендерге!
-Балалар әжейдің қорасында үй құстары бар екен,көргілерің келеме? Олай болса үй құстарын тамашалап танысайық.
Мынау әтеш,оның басында айдары бар
-Әтештің түсі қандай?
Әтештің екі көзі, екі қанаты,екі аяғы болады және құйрығы бар екен.
Әтеш қалай дыбыстайды?
-Балалр сендерге жұмбақ жасырамын,тауып көріңдерші.
Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай Ол не?
-Иә,дұрыс таптыңдар. Ал мына тауықты мекиен деп атаймыз. Мекиен де үй құстарына жатады.Олар жем жеп, су ішеді. (Әжей тауықтарға жем шашып көрсетеді)
-Мекиеннің түсі қандай?
-Ол қалай дыбыстайды?
(Тәрбиеші үйректің жанына барып көрсетеді)
-Ал мынау құс үйрек деп аталады.Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.Үйректің де жұмыртқасы болады. Ол тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады. (Тәрбиеші жұмыртқаларды салыстырып көрсетеді)
-Балалар,құстар туралы мақал-мәтел, тақпақ білесіңдер ме?
-Жарайсыңдар балалар, сендер серуенге жол жүріп шаршаған боларсыңдар. Құстарға ұқсап қимылдар жасап алайық.
Сергіту сәті:
Қарлығаш болып ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ болып шоқиық.
Қане қанат жазайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
-Жарайсыңдар балалар! Осы құстар туралы көптеген өлеңдер,тақпақтар, ертегілер жазылған кітаптар бар.Сол кітаптар арқылы құстар туралы тағы да көптеген ертегілермен, қызықты әңгімелермен танысатын боламыз.
(Тәрбиеші балаларды «Бәрін білгім келеді» атты құстар туралы кітап көрмесімен таныстырады)
-Балалар,бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді үй құстарымен танысып қорытындылай келе, құстар біздің досымыз екенін, оларға қамқор болу керектігін түсіндік.
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді «Қарлығаш» әнімен қорытындылаймыз.
|
Балалар жартылай шеңберге тұрып,өлең жолдарын қайталап қонақтармен амандасады.
Балалар жылы тілектерін сыйлайды.
Балалар бір-біріне игі тілек сөздерін алақан жылуы арқылы сезінеді.
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-«Түлкі мен тырна», «Ұсқынсыз үйрек»
-Иә
Балалар сахналық ертегі көрінісін көріп, тамашалайды.
-Иә, ұнады.
-Атай мен әжей, тауық, тышқан.
-Шұбар тауық алтын жұмыртқа туады.
Балалар қағаздан қиылған бөлшектерден құстың бейнесін құрастырып шығарады.
Балалар құлақтарын тосады.
-Мынау балапан ғой
-Балапанның түсі сары
Балалар саяхатқа шығуға қуана келіседі.
Табиғаттағы ағаштардың,гүлдердің келбетін тамашалап, өз ойларын айтады.
-Құстарды.
-Ұзақ,қараторғай
-Бұл жұмыртқа
Балалар әжеймен амандасады.
-Иә
-Әтештің түсі қызыл
-Ку-ка-ре-ку
-Ол әтеш
-Мекиеннің түсі сұры
-Қыт-қыт-қыт
Қарға,қарға,қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Мен торғаймын, торғаймын
Суықтарда тоңбаймын.
Аққуды атпа-досыңды сатпа.
Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.
Тәрбиешімен біргелікте көрмені тамашалап, ондағы кітаптармен танысады.
-Иә ұнады.
Балалар әнді орындайды.
|