Сабақ жоспарының Үлгісі



Дата08.04.2024
өлшемі1.97 Mb.
#497933
түріСабақ
2-сабақ Екі амалды өрнектер


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Махамбеталиева Салтанат Сабитовна

Пән/Сынып:

Математика/1 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1 аптаның 2-інші сабағы

Тарау немесе бөлім атауы:

Сандарға амалдар қолдану

Сабақтың тақырыбы:

Екі амалды өрнектер

Оқу мақсаты:

1.2.1.6 екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу, амалдардың ретін анықтау

Бағалау критерийі:

жақшасыз берілген екі амалды өрнектің мәнін табуды үйренеді

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме оқушылар ?! Сабағымызды бастамас бұрын сіздермен бірге сабағымыз көңілді өту мақсатында мына өлең жолдарын бірге қайталап шығайық.
Қуан шаттан! Алақай!
Қуанатын келді күн!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!

Өте жақсы, жарайсыздар! Олай болса оқушылар бүгінге күнге сіздерге нұрлы да, шуақты күн тіледім



Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 3-бет




7 минут

Жаңа сабақ

Қосу мен азайтуға берілген жақшасыз өрнектің мәнін табу үшін амалдың ретін сақтап, солдан оңға қарай тізбектеп орындау қажет.


Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация № 4-бет


8 минут

Тәжірибе

1-тапсырма.
Автобусқа алдымен 3 жолаушы, содан кейін тағы 4 жолаушы кірді. Егер алғашында жолаушы саны 9 болса, енді автобуста неше жолаушы болды? Екі амалды өрнек құрастырып, оның мәнін тап.



2-тапсырма. Сөз құрастыр
Берілген өрнектердің мәнін тап. Жауаптарын өсу ретімен орналастыр.Жауаптарға сәйкес келетін әріптерден сөз құра
10+0+6=Т 20-1-10=Қ 40+0-20=Р
40-30+3=Ң 100-80-1=А 19-8+0=А



Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

1-тапсырма.

  1. Екі амалды өрнек құрастырады.

  2. Екі амалды өрнектің мәнін табады.

2-тапсырма

  1. Берілген өрнектердің мәнін табады.

  2. Жауаптарын өсу ретімен орналастырады.

  3. Жауаптарға сәйкес келетін әріптерден сөз құрайды.

Презентация № 5,6 -бет

Презентация № 7,8-бет





3 минут

Бекіту

3-тапсырма
Екі амалды өрнектердің мәнін тап.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабақты жақсы меңгеріпсіздер. Сау болыңыздар.



Тақырыпты меңгергенін анықтау

3-тапсырма

  1. Екі амалды өрнектің мәнін табады.

  2. Амалдардың ретін анықтайды.

Презентация № 9,10-бет





1 минут

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта жақшасыз берілген екі амалды өрнектердің мәнін табуды үйрендіңіздер.Сабақты жақсы меңгердіңіздер деп ойлаймын, келесі кездескенше сау болыңыздар!











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет