Құрастырушы: Қ. С. Ермекова – Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының жоғары санатты информатика пәні мұғалімі.
Пікір жазғандар: Г. С. Құспанова – аудандық әдістемелік кабинеттің
әдіскері.
Н. М. Жұбаниязова – Қалдығайты жалпы орта білім
беретін мектебінің I санатты информатика пәні мұғалімі.
Қаралды және мақұлданды:
Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің сараптамалық комиссия шешімімен аудан көлемінде таратуға ұсылды.
Хаттама №1, 17 тамыз, 2015 жыл
Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының информатика пәні мұғалімі Қалампыр Сансызбайқызы Ермекованың «Орта мектептің информатика пәні бойынша факультативтік курсына арнап құрастырған оқу бағдарламасына»
Пікір.
XXI ғасыр - ақпарат ғасыры. Бүгінгі таңның оқушысы заман талабына сай біліммен қарулануы тиіс. Сол себепті Қ. С. Ермекованың ұсынып отырған бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктері, техникалық және ақпараттық жабдықтаулар ескерілген. Мұғалім теориялық материалды практикамен ұштастыра отырып жүргізуге және пәнаралық байланысты басшылыққа алған. Қоғамның қажеттілігіне байланысты есептеу техникасы мен ақпараттық технологиялардың дамуы информатика ғылымын шұғыл түрде дамытуға мүдделілік артып отыр. Оның негізгі ұғымдарын жүйелеп, тез игеру және оқыту әдістемелерін, теориялық негіздерін құру өзекті мәселе болып табылады. Бағдарлама қазіргі заман оқушысының оқу процінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде, сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалаптастыруда ауданымыздағы мектептер үшін тиімді құрал, аудан көлемінде таратуға болады деп ойлаймын.
Пікір жазған: Кұспанова Г. С.,
Аудандық әдістемелік кабинетінің
меңгерушісі, информатика пәні мұғалімі
Орта мектептерде стандартқа сай информатика негіздерін оқыту 5-сыныптан басталады. Алайда, төменгі сынып оқушылары компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың қыр-сырын білуге құштар келеді. Сондықтан Қ.С.Ермекованың бұл бағдарламасы бастауыш сыныптардан бастап информатиканы мемлекеттік стандарттан тыс оқытуды қамтиды. Мұғалімнің ұсынып отырған 3-4 сыныптар үшін «Қызықты информатика», 5-сыныпқа «Компьютер әлемі», 8-сыныпқа «Логика әлемі», 9-сыныпқа «Жас программист» бағдарламалары орта мектеп мұғалімдері үшін тиімді әдістемелік құрал деп есептеймін. Себебі бағдарлама оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға негізделген.Бағдарлама арқылы оқушы өзінің алған білімін сыныптан тыс жерде тиімді қолдануға септігін тигізеді деген ойдамын.
Пікір жазған: Жұбаниязова Н.М., – Қалдығайты
жалпы орта білім беретін мектебінің I
санатты информатика пәні мұғалімі.
Бұл авторлық бағдарлама информатиканы оқу үрдісінде қосымша оқыту курсына және факультативке арнап жазылған. Жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |