Бюджет түсімдерін болжау



бет1/2
Дата17.07.2016
өлшемі476 Kb.
  1   2


Казақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы __________ № бұйрығымен

бекітілген



Бюджет түсімдерін болжау


ӘДІСТЕМЕСІ

Астана, 2014 жыл





Мазмұны



бет.

Жалпы ережелер

4-6

I бөлім. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау




Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжаудың негіздері

6-8

1. Салықтық түсімдер




    1. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді

қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

8-10

1.2. Қосылған құн салығы




1.2.1. Қазақстан Республикасының аумағында

өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және

көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы

11

1.2.2. Қазақстан Республикасының аумағына

импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн

салығы

11-12

1.3. Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын

тауарларға салынатын акциздер



13

1.4. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді

қоспағанда, үстеме пайдаға салынатын салық



13

1.5. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді

қоспағанда, бонустар



14

1.6. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді

қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын

салық


14-15

1.7. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді

қоспағанда, экспортқа салынатын рента салығы



15

1.8. Тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем

16

1.9. Республикалық бюджетке есептелетін басқа да төлемдер

16-17

1.10. Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға

салынатын салықтар






1.10.1. Әкелінетін тауарларға салынатын кедендік баждар

17-18

1.10.2. Әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар

18

1.10.3 Шикі мұнайға салынатын әкетілетін кедендік баждар

18-19

1.10.4. Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдерді жүзеге

асырудан түсетін түсімдер

19-20

2. Салықтық емес түсімдер

20-21

3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

21-22

4. Республикалық бюджетке түсетін трансферттердің

түсімдері

22


ІІ бөлім. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді болжау




Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді болжаудың

негіздері



23-25

1. Салықтық түсімдер




1.1. Жеке табыс салығы




1.1.1. Төлем көзінен салық салынатын табыстарға

жеке табыс салығы

25-27

1.1.2 Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жеке

табыс салығы

27-28

1.2. Әлеуметтік салық

28-30

1.3. Мүлік салығы




1.3.1. Заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң мүлкiне

салынатын салық

30-31

1.3.2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

31-32

1.4. Жер салығы

32

1.5. Көлік құралдарына салынатын салық

33-34

1.6. Бірыңғай жер салығы

34

1.7. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға

салынатын акциздер



34-35

1.8. Жергілікті бюджеттерге есептелетін басқа да

төлемдер



35-36

2. Салықтық емес түсімдер

36-37

3. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

37-38

4. Жергілікті бюджеттерге түсетін трансферттердің

түсімдері

38


ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына

түсетін түсімдерді болжау




  1. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар




    1. Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтік табыс салығы

39-40

1.2. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін үстеме пайдаға

салынатын салық



40-41

1.3. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін бонустар

41

1.4. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін пайдалы

қазбаларды өндіруге салынатын салық



41-42

1.5. Роялти

42-43

1.6. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін экспортқа

салынатын рента салығы



43-44

1.7. Жасалған келісімшарттар бойынша мұнай секторы

ұйымдарынан түсетін өнімді бөлудегі

Қазақстан Республикасының үлесі


44-45

  1. Салықтық емес түсімдер

45

  1. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

45


Жалпы ережелер
1. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес әзірленді.

2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Елдің, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.

3. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және қолданыстағы заннамаларға енгізілетін өзгерістер ескеріле отырып жүргізіледі.

4. Бюджет түсімдерін болжаудың негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:

1) толықтық қағидаты – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін барлық түсімдерді жоспарлау;

2) сабақтастық қағидаты – бюджеттік мониторинг қорытындыларын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына негізделген бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді жоспарлау;

3) негізділік қағидаты – қандай да болмасын түсімдерді бюджет жобасына қосу қажеттігін және олардың көлемінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджет кірістерін жоспарлау;

4) біртұтастық қағидаты - әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындауға бірыңғай тәсілді қолдану;

5) шынайылық қағидаты – бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерінің елдің әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлері болжамдарының параметрлері мен бағыттарына сәйкестігі.

5. Кірістерді болжау процесі болжаудың және мониторингілеудің жалпы схемасында көрсетілген.

    

 Кірістерді болжаудың және мониторингілеудің жалпы схемасы:


Шоғырландырылған

бюджет кірістері





Кірістерді

болжау

Кірістерді

мониторингілеу



Кірістердің түсуін талдау

Деректерді

жаңарту





  1. Шоғырландырылған бюджетті әзірлеу кезінде ескерілетін елдің, өнірлердің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері

  2. Қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша бюджетке түсетін түсімдерді бағалау

  3. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер

  4. Салықтарды және төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер

  5. Төлем мерзімдері



  1. Шоғырландырылған бюджетке кірістердің ай сайын түсуі

(ҚР ББК кодтары бөлінісінде)

  1. Фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпаратты жалпылау ( артық төлемдер, бересі)



1. Шоғырлан

дырылған бюджетке кірістердің түсуін ай сайынғы талдау

(ҚР ББК кодтары бөлінісінде)

2.Кірістердің түсуіне әсер етуді :

а) елдегі экономикалық жағдайдың өзгеруінің

б) нормативтік құқықтық актілердің өзгеруін

в) басқа фак

торларды талдау



1. Кірістердің ай сайынғы түсуі (ҚР ББК кодтары бөлінісінде)

2.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

3.Фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпарат

( артық төлемдер, бересі)



6.Бюджетке және Ұлттық қорға түсетін түсімдерді болжау бірнеше есептеу әдістерімен жүзеге асырылуы мүмкін, бұл оңтайлы шешім қабылдау үшін қажет.

7.Жоспарлы кезеңге арналған бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде қолданыстағы заңнамаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер ескеріледі.

8. Республикалық бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің болжамдарын айқындау кезінде, қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша түсімдердің бағалауы негізге алынады.

9. Жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттердің салықтық әлеуетін айқындау кезінде қолданыстағы заңнама жағдайында ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.

10. Салықтық әлеует - үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттер мөлшерлемелерін белгілеу кезінде өңірдің кірістерінің көлемін айқындау үшін есептелетін, салықтық түсімдер мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің ең көп ықтимал сомасы.

11. Ағымдағы жыл бойынша түсімдер бағалауының (салықтық әлеуеттің) есебі шоғырландырылған бюджетке түсетін түсімдер түрлерінің бөлінісінде жүргізіледі.

12. Түсімдер бағалауын (салықтық әлеуетті) есептеу әдістері салықтық түсімдерді болжау кезінде есептеудің негізіне болып алынатын базаға байланысты әртүрлі болады.


І бөлім. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау
Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжаудың негіздері
Ағымдағы жыл бойынша кірістердің түсімдерін бағалау (трансферттер түсімдерінсіз) қолданыстағы заңнама жағдайларында жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде негізге алынады және бірнеше әдістермен есептеледі.

  1. Болжау кезінде есептеулер негізіне іс жүзіндегі базамен байланысы бар

немесе оның шамасын айқындайтын, салықтық база немесе макроэкономикалық көрсеткіштер қабылданатын, салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша қолданыстағы заңнама жағдайларындағы ағымдағы жыл бойынша түсімдер бағалауының есебі келесі әдістермен жүзеге асырылады:

  • мына формула бойынша тиісті салықтық базаға салық мөлшерлемелерін

қолдану арқылы:

Po = NOб*S, мұнда

Po - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

кірістер түсімдерінің бағалауы

NO б - салықтық база

S - Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген

мөлшерлеме


  • макроэкономикалық көрсеткіштер мен орташа тиімді мөлшерлемеге

сүйене отырып, мына формула бойынша:
Po = NOб*S есеп
S есеп= P есеп/NO есеп*100%

Po - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

кірістер түсімдерінің бағалауы

NO б - ағымдағы жылдың бағалауы бойынша макроэкономикалык

көрсеткіштердің параметрлері

S есеп - есепті жылдағы орташа тиімді мөлшерлеме, %

Р есеп – есепті кезеңдегі салықтардың іс жүзіндегі түсімдері

NO есеп - есепті жылдағы макроэкономикалық көрсеткіштердің

параметрлері
2. Салықтық базаны бағалаудың және мөлшерлемелерді қолданудың бірнеше критерийлерінің болуы себебінен есебінен үшін болжау кезінде базаны айқындау күрделі болып келетін, салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша заңнаманың қолданыстағы жағдайларында ағымдағы жыл бойынша кірістер түсімдерінің (салықтық әлеуеттің) бағалауы әдістермен айқындалады:


  • есепті жылдың белгілі бір кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдердің үлес

салмағы бойынша, мына формула бойынша:
Po = Рб(есеп)*Uесеп,
Uесеп= Pо(есеп) /Pесеп*100 , мұнда

Po - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

түсімдердің бағалауы

Pб(есеп) – ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі

түсімдер

Uесеп - есепті жылдағы ұқсас кезеңнің үлес салмағы, %

Pо(есеп) – есепті жылдың ұқсас кезеңіндегі іс жүзіндегі түсімдер

Pесеп - есепті жылдағы іс жүзіндегі түсімдер




  • ағымдағы жыл бойынша есепті кезеңдегі орташа айлық түсімдер бойынша, мына формула бойынша:

Po = Рб(есеп) /Kб( есеп)*12, мұнда


Po – қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

түсімдердің бағалауы

Pб(есеп) - ағымдағы жыл бойынша белгілі бір кезеңдегі іс жүзіндегі

түсімдер

Kб( есеп) - ағымдағы жылдың белгілі бір кезеңіндегі айлардың саны

12 - бір жылдағы айлардың саны




  • инфляция деңгейіне есепті жылдағы іс жүзіндегі түсімдерді индекстеу арқылы, мына формула бойынша:

Po = Pесеп*(100%+Iб), мұнда


Po – қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

түсімдердің бағалауы

Pесеп - есепті жылдағы іс жүзіндегі түсімдер

Iб - ағымдағы жыл бойынша инфляция деңгейі, %


Есепті кезеңдердегі және ағымдағы жыл бойынша іс жүзіндегі салықтық және салықтық емес түсімдерден жүйесіз сипатқа ие және өндірістік қызметтен тәуелсіз біржолғы түсімдер, атап айтқанда, уақытша факторлар есебінен алынған ірі мөлшердегі жылдық қайта есептеулер (бағаның тербелісі, құрылымдық өзгерістер), тексеру актілері бойынша үстеме есептелген сомалар, алынып тасталады.
1. Салықтық түсімдер
1.1. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша болжамды сома мынадай есептеулер нұсқаларымен айқындалады.

Бірінші нұсқа Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және корпоративтік табыс салығының орташа тиімді мөлшерлемесіне сәйкес жалпы қосылған құнның болжамды көлеміне негізделген және мынадай формула бойынша айқындалады.
Рр=(Vр * Sб )+NA
Sб= Рб/ Vб*100
Рб=Vб * Sесеп

Sесеп= Ресеп/ Vесеп *100, мұнда


Рр - корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы

Vр - мұнай емес сектордың жалпы қосылған құнының болжамды көлемі

Sб - %, ағымдағы жыл бойынша корпоративтік табыс салығының

бағалауы бойынша орташа тиімді мөлшерлеме

NA – салықтық әкімшілендіру ( %-да салық емес сектордың ЖҚҚ)

Рб - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

корпоративтік табыс салығының бағалауы

Vб - ағымдағы жылғы бағалау бойынша мұнай емес сектордың жалпы

қосылған құнының көлемі

Sесеп - есепті кезеңдегі орташа тиімді мөлшерлеме, %

Ресеп- есепті кезеңдегі корпоративтік табыс салығының іс жүзіндегі

түсімдері

Vесеп - есепті кезеңдегі мұнай емес сектордың жалпы қосылған құнының

көлемі


Орташа тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде салықтың іс жүзіндегі түсімдерінен жүйелі емес сипаттағы және өндірістік қызметтен тәуелсіз біржолғы төлемдер, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағалардың ауытқулары, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі өлшемдері және тексеру актілері бойынша қосымша есептелген сомалар алынып тасталады.
№ 1 қосымша

Екінші нұсқа бойынша республикалық мониторингіге жататын ірі салық төлеушілер бөлінісінде корпоративтік табыс салығының есептелген және төленген сомасы туралы ақпарат пайдаланылады. Осы нұсқа бойынша болжамды есептеудің негізіне республикалық мониторингіге жататын ірі салық төлеушілер бойынша төленген салық сомалары туралы және төленген корпоративтік табыс салығы туралы деректердің негізінде ағымдағы жыл бойынша ірі салық төлеушілерден алынатын салықтық түсімдердің бағалауы алынады.

Республика бойынша жалпы корпоративтік табыс салығы түсімдерінің болжамды сомасының есебі мынадай формула бойынша айқындалады:
PP =(Pірі.бағ.қ.бағ.) *Vқарқ, мұнда

Pp - жоспарлы кезеңге арналған корпоративтік табыс салығының

сомасы

Pірі.бағ. – ағымдағы жыл бойынша ірі салық төлеушілерден алынатын



салықтық түсімдердің бағалауы

Pқ.бағ - ағымдағы жыл бойынша қалған салық төлеушілерден алынатын

салықтық түсімдердің бағалауы

Vқарқ – %, мұнай емес сектордың жалпы қосылған құнының

болжамдалатын өсу қарқыны

Корпоративтік табыс салығы түсімдерін бағалаудың есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:


Pбағ. =Pірі.бағ.қ.бағ.
Pірі.бағ. = Рб(ірі.есеп.)/Uірі.есеп. *100
Uірі.есеп.= Pо(ірі.есеп.) /Pірі.есеп.*100
Pқ.бағ. = Рб(қ.есеп.)/Uқ.есеп. *100
Uқ.есеп.= Pо(қ.есеп.) /Pқ.есеп.*100, мұнда
Pбағ. - қолданыстағы заңнама жағдайларында ағымдағы жыл бойынша

ірі салық төлеушілерден түсетін түсімдердің бағалауы

Pірі.бағ. - ағымдағы жыл бойынша ірі салық төлеушілерден түсетін

түсімдердің бағалауы

Pқ.бағ.. - ағымдағы жыл бойынша қалған салық төлеушілерден түсетін

түсімдердің бағалауы

Pб(ірі.есеп.) – ағымдағы жылдың белгілі бір кезеңі үшін ірі салық

төлеушілерден алынатын салықтың есептелген сомасы

Uірі.есеп. – есепті жылдың ұқсас есепті кезеңінде ірі салық төлеушілер

бойынша есептелген сомалардың үлес салмағы ,%

Pо(ірі.есеп.) – есепті жылдың ұқсас есепті кезеңінде ірі салық төлеушілерден

алынатын салықтың есептелген сомасы

Pірі.есеп. – есепті жыл ішінде ірі салық төлеушілерден алынатын салықтың

есептелген сомасы

Pб(қ.есеп.) – ағымдағы жылдың белгілі бір кезеңі үшін қалған салық

төлеушілерден алынатын салықтың есептелген сомасы

Uқ.есеп. – есепті жылдың ұқсас есепті кезеңінде қалған салық төлеушілер

бойынша төленген сомалардың үлес салмағы ,%

Pо(қ.есеп.) – есепті жылдың ұқсас есепті кезеңінде қалған салық

төлеушілерден алынатын салықтың төленген сомасы

Pқ.есеп. – есепті жыл ішінде қалған салық төлеушілерден алынатын

салықтың төленген сомасы


№ 2 қосымша
Каталог: images
images -> «білім беру инновациялары: кейс-стадилердің РӨЛІ. Таңдаулы тежірибелер»
images -> Ғалымның тарих мектебі сөз басы әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады»
images -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау
images -> Кодекс миссиясы 3 біздің Ұстанымымыз 3 4 ҚОҒамның лауазымды тұЛҒадары мен қызметкерлерінің міндеттері 8 омбудсменмен, 14
images -> Дьюма-Ки (Duma Key)
images -> Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы
images -> Степанченко В. И. «Говорим. Гутарим, балакаем и применяем!» Часть I. Словник. Спб.: «Медиа групп», ООО «коста», 2009. – 176с


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет