Бюджетаралық Қатынастардағы салықТЫҚ реттеудің ролі мен маңызы к. С. Джрауова, А. Абдраманова



Дата17.07.2016
өлшемі70.71 Kb.
#204625
БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
К.С. Джрауова, А. Абдраманова

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: 75zhkyra@mail.ru


Барлық деңгейдегі бюджеттердің кіріс базасын қалыптастырудағы салықтардың рөлі басым болады. Сондықтан аумақтар бойынша және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында салықтық кірістерді бөлу механизмі арқылы салықтық реттеу бюджеттік жүйенің негізі болып табылады

Салықтық реттеу - бұл бюджетаралық қатынастарды реттеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілерге салық ауыртпалығын жеңілдетуді, мемлекетгің салыктық кірістерін толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін салықтык механизмнің және мемлекеттік салықтык менеджмент өрісінің икемді элементгерінің бірі. Осы анықтамаға сәйкес, салықтық реттеу мәнін толығырақ ашып корсету мақсатында кұрастырылған сызба 1 суретте келтірілген.

Келтірілген 1- суретте салықтық реттеу екі тұрғыдан қарастырылған: біріншіден, бюджетаралық қатынастарды реттеу кұралы ретінде; екіншіден, өнеркәсіп өндірісін ынталандырушы ретінде. Бюджетаралық қатынастарды реттеуде салықтар екі түрде қолданылуы мүмкін: 1) бөлу нормативтерін бекіту. Қазіргі уақытта бюджет кодексіне сәйкес, облыстық және аудандық (облыстык маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында кірістерді бөлу нормативтері қолданылады. 2) параллель салықтарды енгізу. Кейбір шетелдерде жергілікті бюджеттерге қосымша салықтар енгізу құқығы берілген, бірақ Қазақстанда мұндай практика қолданылмайды. Тек жер салығы бойынша ғана жергілікті өкілетті органдар Қазақстан Республикасының жер туралы заңында көрсетілетін жерлерді аймақтарға бөлу жобалары негізінде, жер салығының мөлшерлемелерін белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайыздан аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құкығы бар [3, 7б].

Өнеркәсіп өндірісін салықтар көмегімен реттеу әдістері негізінде салық мөлшерлемелері, салықтық жеңілдіктер, санкциялар қолданылады. Салық заңында салық мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізе отырып, салық ауыртпалығын төмендетуге немесе жоғарылатуға болады. Салықтык реттеуде жеңілдіктерді қолдану әдісі шаруашылық жүргізуші субъектілерге, азаматтарға ынталандырушы әсерін тигізеді. Суретте керсетілген салықтық жеңілдіктер түрлері субъектілерге түсетін салык ауыртпалығын төмендетуге бағытталған.


Сурет 1.Салыктық реттеу әдістері


Барлық деңгейдегі бюджеттердің кіріс базасын қалыптастырудағы салықтардың ролі басым болады. Сондықтан аумақтар бойынша және әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында салықтык кірістерді бөлу механизмі бюджеттік жүйенің негізі болып табылады.

Бюджетаралық қатынастарды реттеу республика үшін өте күрделі, көкейкесті мәселеге айналды. Реттеуші салықтардан тұрақты нормативтерді бекіту өңірлер бюджеттерін негізді жоспарлаудың мәселесін шешпеді.

Осыған орай 2001 жылдың аяғында «Бюджет жүйесі туралы» заңға өзгерістер енгізіле бастады. Заң жобасы әр деңгейдегі бюджеттер арасында салықтык кірістерді бөлуді, сондай-ақ бюджетгік алулар мен субвенцияларды қайта қарастырып, түзетулер жасауға негізделді. Саяси түрғыдан өзгеріс кірістерді дұрыс саралап, жсргілікті бюджет тұрақтылығына әкелетін, биліктерді орталыктандырмау мәселесін шешуге мүдделі. Сонымен 2002 жылы бюджет жобасына сәйкес үкімет бюджет жүйесіне өзгерістер енгізген: заңды тұлғалардан табыс салығы толығымен республикалық бюджетке беріліп, акциздердің кейбір түрлері және қоршаған ортаны қорғаудан түсетін табыстар толығымен жергілікті бюджет кірістерінің көзі болды. Мұндай өзгеріс енгізудің негізгі себептері: корпорациялық табыс салығы әр түрлі өзгерістерге ұшырауға бейім болатындықтан, салықты толығымен республикалык деңгейге беру жолымен салықтық түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге болатындығымен; акциз сияқты мәселелі салықты әкімшіліктендіруді жергілікті деңгейде жүргізу тиімділігінен, акциздерді толығымен жсргілікті бюджетке қалдыру қажеттігі туатындығымен түсіндірілді.

Енгізілген өзгерістердін себептерін, олардың негізділігін тұжырымдайтын көзқарасты қарастыра келе, мынадай қайшылықтар туды:

-өзгеріс орталыктандырылмауды жүзеге асыру мақсатын көздеген. Бірақ мемлекеттік басқару деңгейлсрі арасында функциялардың накты шектелуі, жергілікті бюджеттің тұрақты кірістермен қамтамасыз етілуі, бюджеттердің қаржылық дербестігі сияқты мәселелелер толық қарастырылмайынша орталықтандырылмау мәселесі шешілмейді;

- заңды тұлғалардың табыс салығын бөлуден жергілікгі бюджетке түсімдер барлық салықтық түсімдердің 1/3 бөлігін құрады. Бұл түсімдер республикалық деңгейге берілсе облыстар ресми трансферттерді алуға мәжбүрлі болады, сондықтан дербестікке қол жсткізу мүмкін емес;

- толық дербестікке реттеуші салықтардан басым мелшерде бөлу жасағанда және үкімет облыстық бюджеттер тапшылығына бақылау жасамай, олардың табыстарына түзету енгізгенде кол жсткізуге болады;

- жергілікті бюджеттерге толығымен түсетін акциздер жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайта алмайды. Сондықтан, жергілікті бюджеттер корпорациялық табыс салығы мен акциздер арасындағы айырмашылықтың орнын толтыратын соманы калыптастыруы қажет болады.

Аталып өткен өзгеріс орталық жәнс жергілікті бюджеттер арасындағы қарама-қарсы каражат ағынын күшейтті. Осы қаражат ағыны темендегі 2-суретте кескінделген.

Сурет 2. Бюджет деңгейлері арасындағы қаражат ағыны


Қазіргі бюджеттік мәселелерді шешу және деңгейаралық бюджеттік қаржылық ағындарды оңтайландыру үшін бюджеттік жүйенің барлық деңгейлеріне салықтардан бөлулер немесе салықтарды бекіту жүйесін жетілдіру қажет. Осы мәселені шешуге мүмкіндік жасайтын, салықтар тізімі белгілі және шектеулі. Басты мақсат - оларды бюджеттік жүйе деңгейлері арасында орынды бөлу.

Суретте көріп отырғанымыздай, бюджет деңгейлері арасындағы қаражат ағыны өте жоғары. Жергілікті бюджеттерден корпорациялық табыс салығы, қосылған кұн салығы сияқты ірі салықтар толығымен республикалық бюджетке жіберіліп, мемлекеттік біоджеттегі салықтық түсімдердің едәуір бөлігін кұрайды. Ал жергілікті бюджеттер осы салықтардан елеулі үлесті жоғалтады. Аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржылық теңестірудің мемлекеттік құралы трансферттер болып табылады. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджет субвенциялары мен бюджеттік алулар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер субвенциялар болып табылады. Ал төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер бюджеттік алулар болып табылады. Осы трансферттер көмегімен мемлекет жергілікті бюджеттердің корпорациялык табыс салығынан, қосылған құн салығынан жоғалтқан сомасының орнын толтыруға тырысқан, бірақ бұл жоғары дәрежедегі қаражат ағынына әкелген.

Қазіргі кезде осы мәселе төңірегіндегі пікірталастар үш бағытта болып отыр:

- салықтарды бюджеттік жүйенің қандай да бір деңгейіне бекіту немесе олардан бөлулердің мақсаттылығы;

- бюджеттік жүйенің әр түрлі деңгейлеріне салықтардан бөлулер мөлшері;

- "бір салық- бір бюджет" кағидаты бойынша бюджеттік жүйе деңгейлеріне салықтарды бекіту мақсаттылығы.

Бірақ біздің ойымызша, салықтарды бекіту жүйесінің негізін салушы қағидаттарды анықтамайынша, бюджеттік жүйенің әр түрлі деңгейлеріне салықтардан бөлулер және оларды бекітудің оңтайлы нұсқаларына қол жсткізу не практикалык, не теориялық тұрғыдан мүмкін емес. Қағидаттарды таңдау бюджеттік жүйе шешуге негізделген міндеттерге тәуелді.

Қазіргі салық жүйесінің жағдайын және бюджеттік жүйе алдындағы міндеттерді ескеріп, салықтарды бекіту және олардан бөлулер мынадай қағидаттар негізінде жүргізілуі қажет:

а) мемлекеттің баға және ақша-несие саясатына көп молшерде тәуелді, бірнеше жылдар қатарындағы түсу динамикасы олардың түрақсыздығын дәлелдейтін, салықтарды олардың аумақ экономикасына әсеріне қарай
сараланған түрдегі нормативтср негізінде республикалык бюджетке және жергілікті бюджеттерге бөлу, ал неғүрлым тұрақты салықтарды жергілікті бюджеттерге бекіту қажет;

б) базасы елдің өңірлері бойынша әркелкі және тұрғындардың экономикалық белсенділігіне аз дәрежеде тәуелді салықтарды да жоғары бюджеттерге бекіту қажет (табиғи ресурстарға салықтар, акциздер және тағы


басқа);

в) халықтың әл-ауқаттылығымен, оның кәсіпкерлік және еңбек белсенділігімен тікелей байланысты салықтарды жергілікті бюджетке аудару қажет.

Қандай да бір салық бекітілетін, бюджет деңгейін аныктау кезінде, өкіметтің кандай деңгейі салық жүйесін құрайтын элементтерді реттейтіндігін, яғни салық базасы құрылатын кызмет өрісін ескеру қажет.

Әлемдік тәжірибе жиналатын салықтарды бөлу проблемаларын шешудің үш жолын ұсынады: 1) салықтарды алу бойынша өкілеттілікті шектеу және оларды белгілі билік деңгейіне бекіту; 2) салық салу базасын бірігіп пайдалану; 3) салықтарды үлестік бөлу.



Салықтарды және салықтық өкілеттіктерді шектеу мәні, мемлекеттегі биліктің әрбір деңгейі өзінің салықтарын жинауға және тағайындауға толық құқық және жауапкершілік алатындығына негізделеді. Бұл кезде билік деңгейлеріне тиісті салықтарды алуға және пайдалануға ғана емес, сонымен қатар салықтар мөлшерлемелерін бекітуге және салық салу базасын аныктауға құқылы болады.
Әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Алматы, 2009, 420 б.

  2. Скакова Г.Е. Қазақстан Республикасындағы салық саясатын мемлекеттік реттеу// АльПари, 2010,№2, б.44

  3. Д.А.Тлеужанова Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы салықтардың реттеушілік механизмін жетілдіру (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)// Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2006, 26 б.

  4. Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты. - Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания «Профи Полиграф» баспасы, 2008. – 211 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет