«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата03.07.2016
өлшемі81.5 Kb.
#174158


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығы




«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің

объектілерін алып қоюға квоталар бөлу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезде:

аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу – аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар дүниесінің объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қою квоталары (бұдан әрі – квота).

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді алдындағы жылдың 1 қазанына дейін береді.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу кезінде:

осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін береді.



Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі ақпараттық жүйесі арқылы алады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.

Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюы керек.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері

ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің − www.minagri.gov.kz;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.fhc.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

____________________

«Бекітілген лимит негізінде
жануарлар дүниесінің объектілерін
алып қоюға квоталар бөлу»
мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына


1-қосымша
______________________________________ аңшылық шаруашылығы үшін

      Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша



алып қою квотасын алуға

өтінім


Аңшылық шаруашылығының атауы

Жануардың түрі

Үстіміздегі жылғы (дарақтар) саны

Бекітілген (дарақтар) алып қою квотасы

Сұралып отырған алу квотасы (дарақтар)

Оның ішінде (тұяқтылар үшін)

ата

лық


тары

ұрғашылары

төлі
































































































Берілген күні:________________


      Аңшылық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі аты-жөні әкесінің аты (бар болса)______________________________________________

__________________________________________________________________

                   

Қолы______________


Мөрдің орны
____________________

«Бекітілген лимит негізінде


жануарлар дүниесінің объектілерін
алып қоюға квоталар бөлу»
мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

       


Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар әлемі объектілерін алып қоюға

өтінім
1. Балық шаруашылығы субъектісінің атауы ______________________
2. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және
(немесе) учаскенің атауы ____________________________________________
____________________________________________________________________
аумақтық бөлімшесімен жасалған Балық шаруашылығын жүргізуге арналған
______ жылғы «___» ______________ № _______ шарт

3. Ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған


қаржы қаражатының көлемі (мың/теңгемен) ____________________________
____________________________________________________________________
      4. Аулау және көлік флотының болуы, соның ішінде:

1) қуаты 40 а/к және одан жоғары балық аулау кемелері (бірлік)

_______________________________________________________________
      2) моторлы қайықтар (бірлік) __________________________________
      3) көлік кемелері (бірлік) ____________________________________
      5. Балық аулау қағидаларына сәйкес келетін балық ресурстарын
және басқа су жануарларын аулау құралдары:

1) торлар (дана) _________________________________________________


      2) аулар, қабадандар (дана) _______________________________________
      3) басқа да аулау құралдары (дана) _________________________________
      6. Ағымдағы жылы бөлінген квотаның нақты игерілуі (тн) _____________
      7. Балықшылардың саны (адам) ____________________________________

    


Берілген күні:________________
      Балық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі аты-жөні әкесінің аты (бар болса)______________________________________________

__________________________________________________________________


Қолы_____________________
Мөрдің орны
____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет