Бюллетень Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен



Дата23.02.2016
өлшемі243.73 Kb.
#7987

Астана қаласының ҮЕҰ электронды бюллетені

Шығарылым (81)

1-15 қазан 2010
Электронды бюллетень

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен

«ҮЕҰ қолдау орталығы» шығарады


ҮЕҰ қолдау орталығы – Астана қызметі:


  • Ұйымдастырушылық дамыту, фандрайзинг пен заң сұрақтары бойынша кеңес беру

  • Семинар-тренингтерді өңдеу мен өткізу

  • Іс – шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б.)

  • Әлеуметтік зерттеулерді өткізу

  • Жобалардың мониторингін және сараптамасын өткізу

  • Пікір алмасу алаңдарын өткізу

  • Ақпараттық хабарларды жіберу

  • Әдістемелік әдебиеттерді шығару

  • Астана қаласының ҰЕҮ негізгі мәліметтерін жасау мен жанарту






Хабарландыру


2010 жылдың 10 қарашасында «Астана-ҮЕҰ қолдау орталығы» в ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде әлеуметтік идеялар және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес секторларының арасындағы жоба жәрмеңкесін өткізеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ - әлеуметтік саладағы ұйымдардың әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуін көрсету мүмкіндігі, әлеуметтік жобалардың тұсаукесері, мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік билік органдарымен және бизнес-құрылымдармен ынтымақтастығын кеңйтуге ықпал ету, іскери байланыстарды орнату және ұжымдық шешім қабылдау және халықтың осал қорғалған категориясына қолдау көрсету. Өмірмен ілгерілеу және жаңа идеялар мен технологиялардың, сондай-ақ табысты жүзеге асырылып отырған жобалардың тамыр жаюы.
Жәрмеңкені ұйымдастырушылар:  ҚР Мәдениет министрлігі,

"Астана-ҮЕҰ қолдау орталығы" ЖҚ


Жәрмеңке 2010 жылы 10 қарашада мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Қорғалжын тас жолы 2А, «Думан» қонақ үйі, конференц-зал, 2 қабат. сағат 9.30-да тіркеу басталады.
Жәрмеңке жұмысына қатысуға тілек білдірушілердің алдын ала тіркелуін сұраймыз:

8 (7172) 21 61 51, 21 63 12, npoastana08@mail.ru

«Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлықтың ұйымдастырушысы - «Бауыржан» Қайырымдылық қоры Қазақстанда шүленгерлікті және қайырымдылықты қолдау мақсатында қатарынан төртінші жыл «Алтын жүрек» сыйлығы тапсырылады. Жеңімпаздар он аталым бойынша анықталады.
Олардың ішінде:

  • «Жетім балаларға көмегі үшін» - жетім балаларға, балалар үйіне және интернаттарға тегін көмек көрсету;

  • «Білімді қолдағаны үшін» - мемлекеттік және жеке білім мекемелеріне қаржылай көмек көрсету және грант түрінде қаражат бөлу;

  • «Жыл шүленгері» - мәдениетке қолдау және өнер шеберлеріне жанашырлық көрсеткені үшін, қоғамдық өмірді жақсартуға, жетілдіруге, өзгертуге бағытталған ірі мәдени маңызды жобаларды жүзеге асырғаны үшін;

  • «Жыл ұйымы» - компанияның немесе ұйымның ірі қайырымдылық жобалары мен акцияларын іс жүзіне асырғаны, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізгені және қоғамдық маңызды шараларда қайырымдылық көмектің жағы тиімді нысандарын енгізгені үшін.


Сыйлық иегерлерінің есімдері 2010 жылы 27 қазанда сағат 19.00де Астана қаласындағы Конгресс-холда аталатын болады.
Назар аударыңыз!

Астана-ҮЕҰ Қолдау орталығында осы шараға шақыру билеттерін алуға болады. Асығыңыздар! Билет саны шектеулі!
Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша:

8 (7172) 21 61 51, 21 63 12, npoastana08@mail.ru
2010 жылдың 21-22 қазан аралығында Астанада Қазақстан Республикасы кәсіподақ проблемаларын айтып жүрген немесе айтуға тілек білдірген журналистер үшін семинар-тренинг өтті
Қазақстанның барлық аймақтарындағы 2,5 миллион адамды өз қатарына енгізген заманауи кәсіподақ азаматтық қоғамның ең ауқымды және ықпалды институты болып саналады. 2010 жыл – Қазақстан кәсіподағының 20 жылдығы.
Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен
Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясы

Астана қаласының кәсіподақ кеңесі

Қазақстан Жастары МедиаОдағы
Бағдарламада:


  • Қазақстанның кәсіподақ қозғалыстары көшбасшыларымен кездесу

  • Кәсіподақ ұйымдарына бару, еңбек ұжымдарымен кездесу

  • Қазақстанның кәсіподақ тарихы мұражайына саяхат

  • Қазақстан кәсіподақтарының тарихы және заманауи жаңдайы бойынша кең көлемді ақпараттық және анықтамалық материал

  • Алдыңғы қатарлы журналисттердің оқу сессиялары

  • Кәсіби оқыту

  • Мәдени бағдарлама

Тренинг аяқталған соң сертификат беріледі.



Семинар-тренинг қазақ, орыс тілдерінде жұмыс жүргізеді.

Қатысу шарттары: тұратын жері, тамақтану, мәдени бағдарлама ұйымдастырушылар есебінен, Астанаға дейін және кейін қайту жолы іс сапарға жіберуші тараптың есебінен.

Тренингке қатысуға өтініш 2010 жылдың 19 қазанына дейін қабылданады. Өтініште тегіңізді, аты-жөніңізді, туған жылыңызды, жұмыс орныңызды көрсетуіңізді сұраймыз.


Ұйымдастыру комитетінің орналасқан жері: Астана қаласы, Абай даңғылы, 38, 425кеңсе, телефондар 21 61 51, 97 83 69, 87771714774, e-mail: valeriya.mamonova@gmail.com, www.kalamger.kz

«Волонтерлік лагері 2010» қатысуға конкурс

Мақсаты

Волонтерлермен жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдерін оқыту арқылы ҚР волонтерлік қызмет мәдениетін қалыптастыру және олардың қызметіне жаңа әдістер мен технологияларды енгізу.



Өткізілетін орны

Бурабай демалыс орны



Өткізілу мерзімі

2010 жылдың 8-10 қарашасы (волонтерлік лагерлерді өткізу күні өзгеруі мүмкін, нақты күнін ұйымдастырушылар 2010 жылдың 1 қарашасына дейін хабарлайтын болады)



Қатысушылар және өткізу шарттары

Волонтерлермен жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдері, Қазақстандағы АҚШ Әлем Корпусының волонтерлері, БҰҰ волонтерлері, халықаралық сарапшылар және UNDP өкілдері. Сондай-ақ, бастамашылар тобының мүшелері және ҚР волонтерлікті дамыту тақырыбына сөз қозғап жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бола алады.



Қатысушының жасы – 16 жастан кем емес.

Волонтерлік лагерь 2010 негізгі үш топты оқытуға есептелген: жетекшілерді, волонтермен жұмыс жүргізуді үйлестірушілерді және волонтерлердің өздерін.

Бес өкілден аспайтын ұйым немесе бастамашы топ конкурсқа қатысу үшін тапсырыс бере алады:



  1. Ұйым жетекшісі.

  2. Волонтерлермен жұмыс жүргізуді үйлестірушілер

  3. Волонтерлер (шектеулі саны – 3 адам).

Қатысушыларды іріктеу конкурс негізінде ұсынылған тапсырыстарды негізге ала отырып жүзеге асырылады.

Қатысушылардың шектеулі саны – 60 адам.

Ұйымдастырушылар


  • «Қазақстанның Азаматтық Альянсы (Одағы)»ЗТБ

  • Қазақстандағы БҰҰ Еріктілерінің Бағдарламасы

  • Ұлттық волонтерлік жүйе.

Әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен.

Жұмсалатын шығындар

Волонтерлік лагерін ұйымдастырумен және өткізумен байланысты шығындар ұйымдастырушыларға жүктеледі, оның ішінде: қатысушылардың тұратын жері мен тамақтануы, Астанадан Щучинскіге дейін электричкамен жол жүру.



Тұрғылықты жерінен Астанаға дейін және кері жол жүру ақысын қайтару қарастырылмаған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Тек волонтерлер үшін жолдың бір бағытына (яғни, тұрғылықты жерінен Астана қаласына дейін) жұмсалған шығындарды қайтару қарастырылған.



Қатысушылардың тапсырысы және тіркелуі

Волонтерлік лагері 2010 қатысуға тапсырыстар «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ 2010 жылдың 22 қарашасына дейін сауалнама тапсырыс нысанына сәйкес берілуі керек.

Қатысушыларды іріктеуді тәуелсіз конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Қатысушыларды іріктеу кезінде ережеде көрсетілген критерийлерге сәйкестілік, сондай-ақ сауалнама тапсырыстың барлық пункттерінің міндетті түрде толтырылуы ескеріледі.

Тапсырысты толық құрамда өткізген ұйымдарға басымдылық берілетін болады: жетекші, үйлестіруші және волонтерлер.
Ұйымдастырушылардың байланыстары:

Тапсырысты электронлық мекенжайға жіберу керек: volontery@civilsociety.kz (тапсырысты Волонтерлік лагердің ұйымдастыру комитетінен ала аласыздар)

Астана қаласы, Абая көшесі 38, 417 кеңсе

Жұм. тел.: +7 7172 21 62 26, факс: +7 7172 21 61 65

Барлық сұрақтар бойынша Волонтерлік лагері 2010 үйлестірушілерінің жоғарыда көрсетілген байланысына хабарласуға болады

Вера Кимге (моб.: 87058021822) немесе Омарова Жанарға (моб.: +7 702 112 52 54; +7 700 46 222 30).


Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде мемлекеттік сатып алуларды, қызметтерді ерекше тәртіпті қолдану конкурсының жеңімпаздары туралы ақпарат


"РАХЫМ" қоғамдық қоры

Астана қаласының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында "Талапты жетер мұратқа" атты аз қамтылған және көп балалы жанұялардағы дарынды балаларды қолдау жобасы.



Жоба мақсаты аз қамтылған жаңұялардағы дарынды балаларды қолдау және ұлттық аспаптарда ойнап, дәстүрлі әнді жаңғыртып, осы дарынды жастарға жол ашуға көмектесу.

Жобаның соңғы нәтижесі:

  • дарынды баларды жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнауға үйлесімді түрде білім берілді;

  • дәстүрді қазақ музыкасын халық өмірімен тығыз байланыстырып, бүгінгі заман тіршілігі мен қазіргі музыка өнері арасындағы сабақтастық байланысты анықтап, халық музыкасының кәсіби музыкада алатын орны туралы ұғымды қалыптастырды;

  • әншілік-орындаушылық біліктілікті бекітті: әнді мәнерлеп, сазды орындау, дұрыс тыныс алу дағдыларына машықтандырды;

  • музыкалық аспаптарда баланың жеке орындау стилін қалыптастырды;

  • музыкалық аспаптарда кәсіби жеке орындау дағдыларын дамытты;

  • Халық әншісі Қарақат Абильдинадан кәсіби сабақ алынды;

  • балалардың кәсіптік деңгейін көтерді;

  • жеке дисктер шығарылды.







Конкурстар


Қазақстанның азаматтық альянсы әлеуметтік тақырыпты түсіндіріп жүрген журналистер, фотографтар мен блогерлер үшін мини-гранттар конкурсын жариялайды.
Конкурсты жариялау: 2010 жылдың 30 қыркүйегі.

Өтініштер 2010 жылдың 28 қазанына дейін қабылданады.
1 бағыт (Қоғамдық мониторинг): Мемлекеттік қызмет көрсету дегеніміз не? Қызмет көрсетудің стандарты олардың сапасын көтеру құралы ретінде. «Қоғамдық игіліктер»: олардың сапасын қалай көтеру керек (мысалы: жолдар, қалаларды жабдықталуы тағы сол сияқты). Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы реформа: заманауи реалийлер, тұрғын үй қатынасы мен тұрғын үй заңнамасын жетілдіру, ТКШ нарықтық қатынастары.

2 бағыт (Волонтерлік): Елдегі волонтерлік. 2011 жылғы Азия ойындарындағы волонтерлер. . Қазақстандық волонтерлер ұйымы: басқа көзбен қарау. Елімідегі волентерлік туралы заң керек пе? Волонтер болу қиын ба? Біздің заманымыздың волонтерлері.

3 бағыт (Үкіметтік емес сектор): Қазақстандық ҮЕҰ: елдегі жұмысы, күшті және әлсіз жақтары, тиімділігі мен танымдылығы. Үшінші секторды зерттеу: верификация, кадрлар, миссия.

4 бағыт (Қоғам: фото): Заманауи қоғам, тұлғалар, қайырымды істер.
Конкурс жайлы қосымша ақпараттарды Виктория Давлеткильдеевадан алуға болады, «ГАК»ЗТБ медиялық қызметі: media@civilsociety.kz , тел. 8-7172-21-41-05.


Заңнама және құқық


2010 жылдың 6 қазанында Елбасы Н.Назарбаев заңға қол қойды:

«Мұнай айналымы және жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін айналдыру саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», көрсетілген қызмет саласында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатайтуға бағытталған.




Астана қаласы жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалары Басқармасынан ақпарат

Астана қ. Статистика Департаментінің 2010 жылдың 1 шілдедегі мәліметтері бойынша елордамыздың халқы 705,9 мың адам құрайды, сонын ішінде экономикалық белсенді 15 жастан жоғары халқы 390,1 мың адам құрайды. Жұмыс бастыларынын саны 365,9 мың адам құрайды, оның ішінде: жалдамалы жұмысшылар 336,0%????, өз бетімен 29.9%. 141 мың адам (42,0) мемлекеттік мекемелерде еңбек етеді (білім – 25075, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет – 20854, құрылыс – 17027, өнеркәсіп – 17891, өнер, оыйн-сауық, демалыс -5042).

158 мың адам халықтың экономикалық белсенді емес тобын құрады.

Статистика Департаментінің мәліметтері бойынша жұмыссыз азаматтар саны 24,5 мың адамды құрайды. 2010 жылдың екінші ширегінде жұмыссыздық деңгейі 6,2% құрайды.

2010 жылдын басынан жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалары басқармасына жұмыс іздеп 16637 адам хабарласты. Хабарласқандар ішінде әйелдер 53,9%, 16-24 жастағы жастар 33,7% (5610).
Тамыз айының аяғына есепте жұмыссыз ретінде тұрған азаматтар саны 4818 адам құрады.

Қантар – тамыз айларында 6150 азаматқа жұмысқа тұруға жәрдем берілді. Жұмысқа тұрғызылғандар ішінде 1026 адам халықтың мақсатты тобына қарасты әлеуметтік комекті аса қажет ететіндері (21 жасқа дейінгі жастар, зейнеткерлік алдындағы жастағы адамар, ҚК құрамынан босатылғандар, бас бостандығанан айыру орындыранан босатылған адамдар, оралмандар, мүгедектер және т.б.).

2010 жылдың 1 қыркүектегі жайі бойнша мәліметтер банкінде астананың 250 жұмыс берушісінен 2357 бос орын бар.

Әр түрлі астнаны дамыту жобаларын іске асыруы жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етеді. Осы жылдың басынан 10755 жаңа жұмыс орны пайда болды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері боыйнша: өнеркәсіп – 704, сауда – 1957, құрылыс және коммуналды шаруашалық – 2149, көлік және байланыс – 586, білім және денсаулық сақтау – 2575, басқа қызмет түрлеріне – 2784 жұмыс орындары келеді. Жалпы пайда болған жұмыс орындары 4376, 40,7% жаңа жұмыс орындары кіші және орта кәспкерлік саласында.


Біліктілікті көтеруге және қайта дайындауға кәсіби дайындық

Профессиональная подготовка переподготовка и повышение квалификации

Бүгінгі нарықта қалыптасқан жағдай жұмыссыз азаматтардың біліктілігін көтеру мен қайта дайындауға кәсіби дайындықты әрі қарай жетіл дамытудың қажеттігін көрсетіп отыр.

2010 жылдын басынан бастап жұмыссыз азаматтарды кәсіби дайынадау, қайта даярлау және біліктіліктілігін көтеруді ұйымдастуру үшін 31 білім ұыймдарымен ынтымақтастық жөнінде екіжақты келісім шарттар жасалды.

Қантар – тамыз айларында «Жол картсы» аясында оқуға 3786 жұмыссыз азаматтар жіберілді, еңбек нарығында өз бәсекеге қабілеттілігін 1684 адам артты, онын ішінде тұрақты жұмыс орнына 646 адам жұмысқа орналасты.

Жұмыссыздарда ең көп сұранысқа комьютерлік курстар ие болды, мамандықтар: бухгалтер, автокөлік жүргізушісі, электрмонтері, аспазшы, және мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстары. Қосымша әлеуметтік қорғау шаралары ретінде барлық оқушыларға стипендия қарастырылған.

Осы жылдың қантар айынын бастап жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалары басқармасы норвегиалық SYSLAB international компаниясымен бірлесе жоғары білікті жұмыссыздарды кіші және орта биснестің негіздеріне және де кәсіпкерліктің бастамаларына үйрету халықаралық жобасын іске асыруда. Жылдын басынан 32 жұмыссыздар оқудан өтті, 21 тұрақты жұмыс орнына орналасты, тындаушылардың 3 биснес-пландарын даыйндап аяқтады, жақын арада өздерінің жеке істерін ашпақшы
Жұмыссыз азаматтарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру уақытша жұмыс орындарын жасауды меңзейді және астананың жұмыссыз азаматтарын қосымша табыспен қамтамассыз етеді.

Жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында Басқарма Астана қаласы әкімшілігінің 15 қантар 2010 жылдағы №23-12п қаулысына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жасассқан келесім-шарттар шебрінде астананың аудандық әкімшіліктері және ПЖК-мен ынтымақтастықты айта өту керек – аумақты көркейту, қоқыстан тазалау, қысқы кезенде қардан тазалау, тұрғын аландарын жөндеу. Ішкі істер департаментімен – құқықтық тәртіпті қамтамассыз еті және полиция уаскелік инспекторомен бірлесе патрулдеу. Салық комитетімен – Астана қаласының салық салу объектілерін тізімге түсіру, әр-түрлі қоғамдық бірлестіктермен – қоғамдық компанияын ұйымдастыру және өткізу, қоғамның пікірін анықтау т.б.

Осы жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмыстқа 983 адам қатысты.

Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу жоғары кәсіптікті талап етпейді, ұзақтығы 6 ай, төлем ақысы 22428 теңге.


Оқитын жастар сабақтан тыс уақытта істеуге арналған ақылы қоғамдық жұмыстар

Астананын жас адамдарынын еңбек нарығында бейімделуіне, оларға колдау көрсетуге және жұмысқа орналастыруына ерекше назар бөлінуде. Оқитын жастарға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар оқитын жастарды сабақтан тыс уақытта уақытша жұмыспен және уақытша табыспен (еңбек кірісі) қамтамассыз етуге арналған.

Жастар арасында көше картотекаларын жасау және астананың тіл Басқармасында оларды мемлекеттік тілде дұрыс жазу, астананың ХҚКО-да халықты құжаттау техникалық жұмыстарын істеуде көмек көрсету, ҚР ҚК шақыру қағазын рәсмдеуге және жеткізуге көмек көрсету, Мәдениет Басқармасының мәдени мекемелерінің аймағын көркейтуге және тазалауға қатысу жұмыстары кеңінен таралған.

Жыл басынан оқушылармен студенттер санынан ақылы қоғамдық жұмыстарға 491 адам жіберілген, негізгі жиынтықты жаз мерзімінде өткізу шамаланған.

Оқитын жастар күніне 4 сағат жұмыспен қамтылған, төлем ақы 22428 теңге құрайды және жергілікті қаржы есебінен жасалады.
Жастар тәжірибиесі

Жұмыс тәжірибиесін, алған мамандығы бойынша керекті ептілікті және дағды жинақтау үшін Басқармамен жұмыссыз жастарға кәсіптік дипломнан кейінгі тәжірибе ұйымдастыру жұмыстары өткізілуде.

«Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру мүмкіндіктері артты, астананың барлық тілек білдірген тұлектерін уақытша жұмыспен қамтамассыз етуге жағдай туғызыды.

Мемлекет, «Жастар тәжірибесіне» қатысатын, оқу орындарының тұлектеріне төлем ақыны Мемлекеттік қаржы есебінен төлейді. «Жастар тәжірибесінде» барынша қатысу уақыты 6 айдан аспауы тиіс.

Жыл басынан «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру шеңберінде астананың 246 жұмыс берушілерімен келсесім жасалды. Олар мемлекеттік мекемелер, астананың ірі кәсіпорындары, кіші және орта бизнес, қарржы институттары т.б. Әр тұрлі мамандық тұлектеріне жұмыс берушілердің кең тізбесі алған білім мен ептіліктерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Астананың тұлектеріне «Жастар тәжірибесі» тамыз-қыркүйек айларында, тұлектер соңғы демалыстарын өткізіп болып, жұмыс іздеуге кіріскенде, кеңінен танымал болады.

Респубилкалық қаржы есебінен 2009 жылы «Жастар тәжірибесін» қаланың 119 ұйымында 1233 тұлек өтті, қаржыландыру соммасы 73886 млн. теңге құрады. 2009 жылы тәжірибе аяқталысымен 898 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2010 жылы «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру жұмысы жалғасын тапты. Жол картасын іске асыру іс-шараларының жобасымен 2010 жылы кәсиби дипломнан кейінгі тәжірибесімен жұмыссыз жастар арасынан 1200 адамды қамту қарастырылған. Республикалық қаржыдан 144 млн. теңге осы іс-шараларды қаржыландыруға жоспарланған.

2010 жылдың 8 ай ішінде «Жастар тәжірибесін» өтуге 1283 тұлек жолданған, тұрақты жұмысқа тәжірибе аяқталғаннан кейін 241 адам орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындары

Халықтың мақсатты тобындығы адамдарды жұмыспен қамту үшін Басқарма жыл сайын әлеуметтік жұмыс орындарын ұймдастырады. ҚР «Халықты жұмыспен қамту» заңына сәйкес халықтың әлеуметтік жағдайы нашар категориясының жұмыс бастылығына көмек көрсетудің тиімді шараларын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімшілігімен «әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және каржыландыру ережелері» бекітілді.

Жыл басынан әлеметтік жұмыс орындарына 472 адам жолданған, оның ішінде 98 мүгедек, келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейді: әлеметтік жұмысшы, диспетчер, жаттығу залының нұсқаушылары, етікшілер, ЭЕМ-нің оператрлары, қызмет бөлмелерін тазалаушылары, лифтшілер, консьершілер, психологтар, мүгедек арбаларын жөндеу шеберлері және т.б.

Әлемуттік жұмыс орындарын жасаудағы кемшілік ол жұмыс берушінің, мемлекет тарабынан қаржылық көмектік жоқтығынан, мүмкіндіктері шектелген адамдарға арнайы еңбек жағдайын жасауға мүмкіндігі болмауы.

Өткізіліп жатқан жұмыстың талдауы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру әлеуметтік, коммуналды және денсаулық сақтау, мүгедектерге және зейнет алдындағы жастағы адамдарға жұмысқа тұруға мұмкіндік беретін, салаларына өте жағымды болды.
«Жол картасын» іске асыру барысы туралы ақпарат

«Жол картасы» бағыттырын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімшілігіне 2010 жылға 11 413 539 мың теңге бөлінген, оның ішінде:

- республикалық қаржы есебінен – 9 593860 мың теңге;

- жергілікті қаржы есебінен – 1 819 679 мың теңге, соның ішінде бағыттар бойынша:

- тұрғын үй- коммуналдық шаруашалығы жүесін қайта құру және жөндеу 4 856 736 мың теңге 1347 жұмыс орнын жасау үшін;

- мектептерді, ауруханаларды және басқа әлеуметтік нысандарды жөндеу және жылыту – 5 851 624 мың теңге 1910 жұмыс орнын жасау үшін;

- кадрлар дайындау, қайта дайындау – 501,2 млн. теңге 4 799 адамды оқыту үшін;

- әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламаларын және «Жастар тәжірибесін» қолдануын кеңейту 204,0 млн. теңге 500 әлеуметтік жұмыс орнын жасау үшін және «Жастар тәжірибесіне» қатысатын 1200 тұлектер.

59 жобаның іске асыруы басталды.

Графикке сәйкес 43 жоба аяқталды (17 бала бақша, «Атамекен Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық комплексі, ПС 110/35/10 кВ «Промзонасын» қайта құру, «Арнайы Бала үйі» ММ, «№ 1 Қалалық поликлиника» МҚКК, «№ 3 Қалалық поликлиника» МҚКК, «Психикалық денсаулық проблемалары дәрігерлік орталығы» ММ, «Дерматология және жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларды алдын алу орталығы» МҚКК, «Қазақ Елі» монументін қайта жасау, «№ 3 Балалар ітапханасы», «№ 1 Көпшілік кітапханасы», М. Горький атындағы Орыс Драма театрін кезекті жөндеуден өткізу, Қ. Қуанышпаев атындағы Қазақ музыка-драма театрін кезекті жөндеуден өткізу, «№9 БЖСМ» МҚКК Ату тирі, «Спорткомбинат Даулет» МҚКК оқу орталығы, «БЖСМ» МҚКК орталығының гимнастикалық залы,лыже-роллерная трасса ГККП «№ 2 БЖСМ» МҚКК шаңғы-роллерлі трассасы, «Психоневрологиялық дәрігерлі-әлеуметтік мекемесі» ММ, «Астана қаласының балалар психоневрологиялық дәрігерлі-әлеуметтік мекемесі» ММ, № 24,23,28,45, 12 ОМ, «Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға арналған жетімхана» ММ, «№1 Кәсіптік лицей» ММ, «Бала үйі» ММ).

«Жол картасын» іске асыру аясында - 3247 жаңа жұмыс орнын жасау жоспарланған. Жобаларды іске асыру үшін 3622 жұмыссыз азамат жіберілген.

Бөлінген трансферттен қаржыны пайдалану пайызы 26 тамызға 95,0 құрады, оның ішінде РҚ есебінен – 8 782,2 млн. теңге, ЖҚ есебінен – 1495 млн. теңге.

472 адамға әлеуметтік жұмыс орны жасалды.

«Жастар тәжірибесінде» 1283 тұлектер қатысты.



Кадрларды кәсіби дайындау және қайта даыйндау курстарына 3075 адам жіберілді, 1684 оқуды аяқтады.





Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдарының қызметі


«Sabi Astana» ҚҚ «Бота» ҚҚ бірлесіп қауымдастықты жұмылдыру және халықтың жеткілікті қамтамасыз етілмеген тобының мектепке дейінгі тәрбиесі бойынша жұмыс жоспарын жасау жөнінде «Әрбір үйге білім» атты жобаны іске асыруда. 2010 жылдың 18 қазанында «Sabi Astana» ҚҚ жобаның соңғы кезеңі ретінде болашақ жобаның жұмыс жоспарының соңғы әзірлемесі үшін стратегиялық шешімді қабылдау мүмкіндігімен, сондай-ақ халықтың жеткілікті қамтамасыз етілмеген топтарына мектепке дейінгі тәрбие беру проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдармен одан әрі жұмыс жасау туралы сөз болатын «Әрбір үйге білім» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.
Дөңгелек үстел барысында «Әрбір үйге білім» жобасының негізгі нәтижелерін талқылау, сондай-ақ Астана қаласының Білім бөлімі өкілдерінің және басқа да ведомостволық ұйымдар өкілдерінің есебін талқылау жоспарлануда. Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдар, саяси партиялар өкілдерінің, мақсатты аудиториялардың, ҮЕҰ және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы жоспарланып отыр.

Дөңгелек үстел өткізілетін орын: Астана қаласы, Тәуелсіздік к-сі,12/1. «Нұр Отан» ХДП конференц-залы» Қатысушыларды тіркеу сағат 14.45-те.

Дөңгелек үстелге қатысуға алдын ала тіркелу үшін e-mail – ыңызды толық байланыс ақпартымен sabi-astana@mail.ru-ға жіберіңіз.

«Sabi Astana» ҚҚ байланыс телефоны: 456-997, 8701-7201269

Директор - Жанар Надырмағамбетова

«Қазақстандық әлеуметтік технологиялар орталығы» ҚҚ Қазақстандағы (ЮНФПА) БҰҰ Қорының халықтық саласының қолдауымен мақсаты жастармен жұмыс жасау болып табылатын Қазақстанда Y-Peer жастар қозғалысының желісін кеңейту бойынша шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Y-Peer – 500-ден астам ұйым мен институтты біріктіретін, репродуктивті денсаулық және балалар құқығы саласында жұмыс істейтін мыңдаған жас адамдар кіретін халықаралық желі болып табылады.
Іс-шара шеңберінде Y-Peer қозғалысының жұмысымен танысу және қазақстандық шоу бизнес жұлдыздарының қатысуымен «Танцуй по жизни!» ойын-сауық бағдарламасы қарастырылған.
«Танцуй по жизни!» шарасы 2010 жылы 16 қазанда «King Hotel Astana» қонақ үйінің «Live Music Club» клубында сағат 16:30-дан 20:30-ға дейін Астана қаласы, Уәлиханов көшесі, 7 мекенжайында өтеді.
Сізді толғандыратын сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады:

8 (7172) 500 673

8 701 250 51 71
Азия ойындарына қолдау көрсететін флэш-моб

2010 жылы 15 қазанда , сағат 21.00-де, «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының үшінші қабатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Астана қаласының ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты Жастар қоғамдық ұйымы VII Қысқы Азия ойындарына қолдау көрсету мақсатында флэш-моб өткізеді.

Бұл – барлық жастағы адамдар қатыса алатын бірегей акция. Флэш-моб «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының нақ төріне қалың көпшілікті жинайды. Бұл акция астана тұрғындарының басын қосып, Азия ойындарына өз тарапынан қолдау көрсетуге шақырады.


Сізді толғандыратын сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады:

Баспасөз қызметі

8 700 345 09 43

8 702 254 34 03 (Айжан)


2010 жылы 15 қазанда «Құқықтың даму орталығы» Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Адами өлшемдер саласындағы құқықтық мәдениетті арттырудың халықаралық және отандық тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бұл шараның мақсаты – адами (ізгілік) өлшемдер мәселелері бойынша халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, халықаралық және отандық тәжірибені зерттеу. Дөңгелек үстел назарында келесідегідей мәселелер қарастырылды: гендерлік тепе-теңдік, көші-қон саясаты, адам саудасы, толеранттылық (төзімділік) және құқығын шектемеу, заңдардың үстінен қараушылық (заңнамалық әділдік, сот билігінің тәуелсіздігі істің әділ қаралуына құқық), сөз бостандығы, бейбіт жиындар мен ассоциациялардың бостандығы, дін бостандығы, қозғалыс бостандығы, өлім жазасы және оны болдырмау, шағын ұлттар, жек көру негізінен болған қылмыстар, адам құқығы саласындағы білім және басқалары.

Талқылауға мемлекеттік органдардың (ГП, ВС, МК және басқа) өкілдері, халықаралық сарапшылар, ғалымдар мен практиктер, ҮЕҰ өкілдері және осы бағытта жұмыс істейтін басқа да ұйымдар қатысты.
Қосымша ақпаратты алуға болады:

8 /7172/ 629258

Ажар Жолдыбаева 8 701 772 69 51

«Қазақстанның ақпараттық саясат институты» ЖҚ «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Лаңкестік пен діни экстремизмнің көрініс беруін ескертуде қоғамның рөлі» атты дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел мақсаты проблемалар бойынша нақты ұсыным жасау болып табылатын лаңкестіктің және діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралардың шеңберінде өткізіледі.
Мәлімделген мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешу жоспарланып отыр:


  • Қазақстан Республикасының аумағында діни экстремистік ұйым және лаңкестік банда-құрамалардың болу проблемасы бойынша жағдайды талдау;

  • Діни экстремизм мен лаңкестіктің көрініс беруін айқындайтын факторларды анықтау;

  • Діни экстремизм мен лаңкестіктің көрініс беруін ескерту бойынша ұсыным жобаларын талқылау.

Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, «Астана қаласының ішкі мәдениет басқармасы» ММ, діни қайраткерлер, Ұлттық мәдениет орталықтарының өкілдері және Астана қаласындағы ЖОО студенттері мен оқытушылары қатысады.
Дөңгелек үстел мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Иманов көшесі, 19, каб.301, «Алматы» іскерлік үйі» бизнес орталығы

Дөңгелек үстелдің жұмыс уақыты: 10.00-ден 12.00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты алуға болады: Яковенко Ольга Ильинична, тел/факс:

37-23-55; 8-701-302-17-51 Е-mail: centr-garmoniya@yandex.ru




2010 жылдың 14 қазанында БИ АЛАҢЫНЫҢ ШЕБЕРІ-2010 атты заманауи билердің ІІІ Республикалық фестивалі өтті. Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің қолдауымен «Есірткісіз болашақ» корпоративті қоры шараның ұйымдастырушысы болды.
Бұл фестивальдің мақсаты нашақорлықтың алдын алу және онымен күресу, салауатты өмір салтын насихаттау идеяларының айналасына белсенді жастардың басын біріктіру, сондай-ақ дарынды жастарды шығару болып табылады. Фестивальдің құрметті қонақтары және төрешілері Ресей және ТМД елдерінің ең үзік бишілерінің бірі – Евгений Барышев пен Ксения Бурыкина (Мәскеу қаласы), астаналық танымал «Не все сказано» тобы және тағы басқалар болды. Фестивальге алдын ала іріктеуден өткен еліміздің би топтары қатысты.

Қосымша ақпаратты алуға болады:

8 (7172) 493 488    8 701 658 77 74      

Астана қаласында шылым шегуге қарсы ерекше акцияға қатысушылар 200 темекі қорабынан жасалған тұлыпты өртеді.

«Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры арнайы 200 қорап темекі сатып алып, шылым шегетін адам тұлыбын жасады, оны өртеп, жастар өздерінің шылым шегуге деген кері пікірлерін білдірді.

«Шылым шегу – бұл менің ісім емес!» акциясы жастар арасындағы пейнтболдан жарыс шеңберінде «Мақсатымыз - өмір сүру!» ұранымен, мәдениет, білім және ғылым, сондайақ Астана қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірге «Есірткісіз болашақ» қорының ұйымдастыруымен өтті.



Жарысқа 19 бен 29 жас аралағындағы 40-қа жуық жас адам қатысты. Өткізілген шараның мақсаты салауатты өмр салтын насихаттау, жастар бойында топтық сезім тәрбиелеу, көшбасшылық сапасына баулу, сондайақ стратегиялық және тактикалық жоспарлауға баулу.
Қосымша ақпаратты ала аласыз:

8 (7172) 493 488, 8 701 658 77 74





Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органдардың сайттары




  1. ҚР Ішкі істер Министірлігі www.mvd.kz

  2. ҚР денсаулық сақтау Министірлігі www.mz.gov.kz

  3. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министірлігі www.mit.kz

  4. ҚР Сыртқы істер Министірлігі www.mfa.kz

  5. ҚР Мәдениет Министірлігі www.mki.gov.kz

  6. ҚР қорғаныс Министірлігі www.mod.kz

  7. ҚР білім және ғылым министірлігі www.edu.gov.kz

  8. ҚР қоршаған ортаны қорғау министірлігі www.eco.gov.kz

  9. ҚР ауыл шаруашылық министірлігі www.minagri.kz

  10. ҚР көлік және коммуникация министірлігі www.mtk.gov.kz

  11. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі www.enbek.gov.kz

  12. ҚР туризм және спорт министірлігі www.mts.gov.kz

  13. ҚР қаржы министірлігі www.minfin.kz

  14. ҚР төтенше жағдай министірлігі www.emer.kz

  15. ҚР экономикалық даму және сауда министірлігі www.minplan.kz

  16. ҚР мұнай және газ министірлігі www.mng.gov.kz

  17. ҚР әділет министірлігі www.minjust.kz

  18. ҚР байланыс және ақпарат министірлігі www.mci.gov.kz

  19. Балалардың құқығын қорғау комитеті www.bala-kkk.kz

  20. Астана қаласының әкімшілігі www.astana.kz

  21. Астана қаласының ішкі саясат Басқармасы http://ishki-sayasat.astana.kz





________________________________________________________________
Жауапкершіліктен бас тарту мәлімдемесі:

2010 ж., бюллетенде жарияланған, барлық мәліметтер үшін «Астана – ҮЕҰ колдау орталығы» ЖҚ жауап бермейді деп хабарлайды. Осы бюллетенде авторлармен көрсетілген ойлар, Астана – ҮЕҰ колдау орталығының ұстанымын көрсетуі міндетті емес.

___________________________________________________________
Мекен жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ. 010000,

Абай данғылы, 38, 410, 425 кеңселер

тел: 8 (7172) 21-61-51, 8 (7172) 21 63 12

E-mail: npoastana08@mail.ru

Сайт: www.npoastana.kz


ҮЕҰ қолдау орталығы-Астана


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет