Целиноград ауданы Шалқар орта мектебінде «Қазақстанның Елбасы»



Дата05.07.2016
өлшемі22.11 Kb.
#179299
Целиноград ауданы

Шалқар орта мектебінде

«Қазақстанның Елбасы»

күніне қатысты өткізілген

мерекелік іс – шараның

ЕСЕБІ

/2014-2015 оқу жылы/

Мектебіміз бойынша 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті күні мерекесіне қатысты бірқатар іс – шаралар жоспар бойынша өткізілді.

Іс – шараның мақсаты:



  • Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

  • Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

  • Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Қарашаның 21-30 аралығында 1-11 сыныптарда «Менің елім. Менің Президентім», «Ұлт көшбасшысы: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.

1-5 сыныптар арасында «Әлем балалар көзімен» атты тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылды, ал 6-11 сыныптар қабырға газеттерін шығарды «Менің Қазақстаным» атты тақырыппен, атап айтсақ 7,8,9,10 сыныптардың газеттері өте мазмұнды болды.

Сонымен қоса астыңғы қабатта «Ұлттық идеямыз – мәңгілік ел!» атты тақырыппен көрме, тарихи-хронологиялық альбом, бүктемелер дайындап жасалынды.

Кітапханада «Елбасы күні елдікке құрмет» атты тақырыппен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Және де әр буындар арасында Р.Абдрашевтың «Балалық шағымның аспаны», «Елбасы жолы» көркем фильмдері көрсетілді.

Тіл мамандары кітапханашымен бірлесе отырып әдеби кеш ұйымдастырды, оған 7-9 сынып оқушылары белсене қатысты.


Тарих, география мамандары бірігіп 8-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізді «Елімнің болашағы менің болашағым» атты тақырыпта.

Әскери – спорттық жарыс «Ел намысы – ер намысы» атты тақырыпта 10-11 сыныптар арасында ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: оқушы бойына ұлттық рух, намыс, жігер сияқты асыл қасиеттерді терең сіңіру; ерлік атты теңдесі жоқ абыройлы әрекетті қадір тұта білуге баулу болды.

Көңілді тапқырлар клубының ойыны 6-11 сыныптар арасында «Әдебиет маусымы» атты тақырыпта өткізілді, жеңіске жеткен 7-ші, 9-шы сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.

5-7 сыныптарға слайд – презентация «Менің Президентім» атты тақырыпта дайындалып, өткізілді.

Ал, бастауыш сыныптар арасында «Көңілді тапқырлар» сайысын тәлімгер ұйымдастырды, оқушылар бар ынталарымен қатысып, сайыс өте қызықты өтті.

Қарашаның 29-ы «Қазақстанның Елбасы» күніне қатысты «Президент күні – барша Қазақстан халқының бірлігі күні» атты тақырыпта мерекелік мәдени-жаппай жиын өткізілді, оған ауыл әкімі Нығметов Қ.Қ., шаруашылық басшысы Камзебаев Д.Қ., ардагерлер ұйымының төрағасы, ауыл тұрғындары және мектеп мұғалімдері қатысты. Құттықтау сөздер айтылды, баяндама оқылды «Ұлт көшбасшысы – Ел президенті» атты тақырыпта және концерттік бағдарлама ұсынылды.

Тәуелсіз Қазақстан мен Тұңғыш Президент – егіз ұғым екеніне көз жеткіздік.



Тәрбие ісінің меңгерушісі: Оспанова А.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет