Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы «____»____________№_______қаулысына
қосымша
Жоба
Қызылорда облысы елдi мекендерiнiң
аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң
аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау
және қорғау қағидаларын бекiту туралы
"Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТI:
1. Қоса берiлiп отырған Қызылода облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда облыстық
мәслихатның_______________
сессиясының төрағасы
________________
|
Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
__________________
Б. Еламанов
|
Облыстық мәслихаттың
2013 жылғы « » __________
№ _____ шешiмiмен бекiтiлдi
Қызылорда облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қызылорда облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
2. Қағидалар елдi мекендер аумақтарын абаттандыру, санитариялық тазарту, тазалығын сақтау, инфрақұрылым объектiлерiн күтiп-ұстау және қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қатынастарын реттейдi, қалдықтарды жинау, әкету, қайта өңдеу және көму тәртiбiн анықтайды, сондай-ақ жеке меншiк нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға облыстың елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау тәртiбiн белгiлейдi.
3. Елдi мекендердiң аумағын абаттандыру, санитариялық күтiп-ұстау, тазартуды ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету, жасыл желектердi күтiп-ұстау, қорғау және шауып тастау жөнiндегi жұмыстардың үйлестiруiн және ұйымдастырылуын қарамағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары мәселелерi бар қалалар және аудандар әкiмдiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi жүзеге асырады.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негiзгi
ұғымдар мен анықтамалар
4. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме.
5. Ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн.
6. Елдi мекеннiң аумағы – қалалық немесе селолық елдi мекеннiң белгiленген шекара (iшкi аумағы) шегiндегi кеңiстiк.
7. Жол – мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда – соларды қамтиды.
8. Көгалдандыру екпелерi – елдi мекендердiң шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан орманды саябақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, желiлiк екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар.
9. Коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзiлген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзiлу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары.
10. Қалдықтарды жинау – қалдықтарды одан әрi кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлiнген орындарға немесе объектiлерге шығаруға, жинау және орналастыруға байланысты қызмет.
11. Қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.
12. Қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою.
13. Қалдықтарды тасымалдау – қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерiнен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектiлерiне тасымалдау.
14. Мамандандырылған кәсiпорындар – қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмудi жүзеге асыратын ұйымдар.
15. Санитариялық тазарту – мақсаты елдi мекенде халықтың тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын iс-шаралар жүйесi.
16. Сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегi кез келген қалдықтар.
17. Тротуар – жолдың жүргiн бөлiгiмен қатарлас немесе одан газонмен бөлiнген жаяу жүргiншiнiң қозғалуына арналған элементi.
18. Үй – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Үйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн.
3. Елдi мекендердiң объектiлерiн, аумақтарын тазалау және күтiп-ұстау
19. Барлық меншiк нысанындағы жеке және заңды тұлғалар облыстың елдi мекендерiнiң абаттандырылуын, көгалдандырылуын және санитариялық тазартылуын қамтамасыз етедi.
20. Облыстың елдi мекендерiнiң аумағында:
1) көшелердi, алаңдарды және қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындары аумақтарын ластауға;
2) көлiк құралдарын арнайы белгiленген орындардан өзге жерде жууға;
3) бұрқақтарда шомылуға;
4) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты болмайтын жеке тұлғалардың белгiленген жерлерден тыс хабарландыруларын орналастыруға рұқсат берiлмейдi. Аталған хабарландыруларды жеке иелiктегi объектiлерде орналастыру меншiк иелерiнiң рұқсатымен болады. Үгiт баспа материалдардың орналастырылуы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумағында орналасқан қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда-саттық объектiлерiн ұстау олардың меншiк иелерi есебiнен жүргiзiледi.
22. Қоғамдық пайдаланудағы орындарда жаяу жүрушiлердiң жолына кедергi жасамайтын қоқысқа арналған жәшiктер орналастырылады.
23. Қоқысқа арналған жәшiктердi тазарту олардың толуына қарай жүргiзiледi. Қоқысқа арналған жәшiктердi жуу ластануына қарай жүргiзiледi. Қоқысқа арналған жәшiктердiң сырлауын меншiк иелерi қажеттiлiгiне қарай жүзеге асырады.
24. Қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумақтары қоғамдық дәретханалармен жабдықталады.
25. Инженерлiк коммуникациялардың меншiк иелерi:
1) коммуникациялардың күтiп-ұсталуын, жөнделуiн және құдықтар мен коллекторлардың тазартылуын жүзеге асырады;
2) коммуникациялардың жұмыс iстеуiмен байланысты апаттардың салдарын жоюды қамтамасыз етедi.
26. Қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумақтарын күтiп-ұстау және жинау осы объектiлер қызмет көрсетуде және пайдалануында тұрған ұйымдармен жүргiзiледi. Көше-жол желiлерiн, алаңдарды, қалған қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындары аумағын күтiп ұстауды және жинауды мемлекеттiк тапсырыс көлемiнде атқарушы орган қамтамасыз етедi.
27. Көшелердiң жүретiн бөлiгiн, өтпе жолдарды, тротуарлар және аула аумақтарын тазарту жұмыстарының технологиясы және өткiзу тәртiбi ауа райы жағдайына қарамастан, көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiлердiң кедергiсiз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылады.
28. Жазғы мерзiмде даңғылдардың, көшелердiң және өтпе жолдардың жол төсемелерiн сыпыру жол төсемелерiн алдын-ала дымқылдау арқылы жүзеге асырылады.
29. Жолдың жүретiн бөлiгi және жиегi барлық ластану түрлерiнен толық тазартылады.
30. Объектiлердiң аумақтарын тазарту және күтiп-ұстау объектiлердiң меншiк иелерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар қамтамасыз етедi.
31. Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың санитариялық-қорғалатын аумақтарын жинауды сол кәсiпорындардың меншiк иелерi қамтамасыз етедi.
32. Тротуарларда орналасқан сыртқы жарық бағаналарының дiңгектерi мен тiректерiнiң айналасындағы аумақтарды тазартуды тротуарларды тазартуға жауап беретiн кәсiпорындар жүргiзедi.
33. Трансформаторлық, таратқыш шағын станциялардың, инженерлiк құрылғылардың, сондай-ақ электр беретiн желiлер бағаналарының аумақтарын тазартуды осы объектiлердiң меншiк иелерi қамтамасыз етедi.
34. Жер үстi инженерлiк құрылғыларының астындағы қорғалатын аймақтардың аумақтарын тазартуын және күтiп-ұстауын желiлердiң меншiк иелерi қамтамасыз етедi.
35. Жер учаскелердiң аумақтарын тазарту жер пайдаланушылар қамтамасыз етедi.
36. Қысқы жинау операцияларына:
1) қарды күреу және сыпыру;
2) көшелердiң көлiк жүретiн бөлiгiн, тротуарларды көктайғаққа қарсы қолданылатын арнайы материалдармен өңдеу;
3) кейiннен шығаруға арналған қар үймегiн қалыптастыру;
4) қарды жою (шығару);
5) нығыздалған қар мен пайда болған мұзды опырып алу және жою жатады.
37. Елдi мекендердiң жерлерiнде көктайғаққа қарсы күрес жүргiзу үшiн ас тұзын пайдалануға жол берiлмейдi.
38. Көшелерден және өтпе жолдардан шығарылатын қарды жинап қою тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша атқарушы органмен белгiленетiн арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады. Қар ерiгеннен кейiн қарды уақытша жинап қою орындары қоқыстан тазаланады және абаттандырылады.
39. Қыс мезгiлiнде жолдар, шағын сәулет объектiлерiнiң элементтерi, сондай-ақ олардың айналасындағы кеңiстiк, оларға жете берiс қардан және қызылсу мұздан тазартылады.
40. Аула аумақтарынан және орам iшiндегi өтпе жолдардан жиналған қарды аулалардың аумақтарында, автокөлiктiң ыңғайлы өтуiне және жаяу жүрушiлердiң жүруiне кедергi жасамайтын және жасыл желектерден, көгалдардан бос жерлерде жинап қоюға рұқсат берiледi. Аула iшiндегi аумақтарда қарды жинап қою кезiнде ерiген қар суының ағуы қарастырылады.
41. Қыс мезгiлiнде үйлер, құрылыстар және ғимараттардың меншiк иелерiмен шатырларды қардан, қызылсу мұздан және сүңгiлерден уақытылы тазарту қамтамасыз етiледi.
42. Үйлердiң шатырларын тазартуға тек қана тәулiктiң жарық уақытында алдын ала қауiптi учаскелерге қоршау қою арқылы рұқсат берiледi. Көше жағына қараған шатыр құламасының үстiнен қар және қызылсу қар тротуарларға, қалған шатыр құламасынан, сондай-ақ жайпақ шатырлардан ауланың iшкi аумақтарына түсiрiледi. Үйлердiң шатырларынан түсiрiлген қар және қызылсу мұз уақытылы шығарылу тиiс.
43. Су ағар құбырларға қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат берiлмейдi.
44. Заңды және жеке тұлғаларға, жеке тұрғын үйлердiң иелерiн қоса алғанда, меншiкке iргелес аумаққа санитариялық тазартуды өз бетiмен жүргiзуге ұсыныс берiледi.
45. Үйлердiң және ғимараттардың меншiк иелерi кiре берiстердiң, көрмелердiң, маңдайшалардың, сыртқы жарнама орналастыру құралдарының таза және дұрыс қалпының сақталуын қамтамасыз етедi, үйлер және ғимараттардың қасбетiн және олардың жекелеген элементтерiн қалпына келтiру, жөндеу және сырлау жөнiндегi жұмыстарды уақытында жүргiзедi, сондай-ақ үйдiң нөмiрлiк белгiсiн, ескерткiш тақталардың тазалығын және дұрыс қалпын сақтайды.
46. Қабырғаға бекiтiлген барлық болат элементтер тот басудан қорғау мақсатында үнемi сырланады.
47. Тұрғын үй және қоғамдық мәнi бар үйлердiң кiрiс топтары жарық беретiн жабдықпен, төбемен (күнқағарымен), үстiңгi беттiң қабаттасатын элементтерiмен (баспалдақтар), мүгедектердi басқа жерге апаруға арналған құралдар және құрылғылармен (пандустар, қанаттар) жабдықталады.
48. Рыноктардың аумақтарын күтiп - ұстау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 "Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген, Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
49. Аумақты жинау, түсi кеткен, жыртылған ақпараттық тасымалдаушылардың, сондай-ақ тақырыбы ескiргендердiң ауыстырылуын қоса алғанда сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң күтiп ұсталуын жарнама құрылымдарының меншiк иелерi қамтамасыз етедi.
50. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 "Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыру ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген, Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыру ережесiне сәйкес орналастырылады.
51. Шағын сәулет объектiлерiнiң меншiк иелерi олардың күтiп-ұсталуын қамтамасыз етедi.
52. Сыртқы жарық қосылуы табиғи жарық деңгейi төмендеген жағдайда техникалық шарттарына сәйкес өңдiрiледi.
53. Сыртқы жарық элементтерiн, жарық жарнама және маңдайшаларды күтiп-ұстау және пайдалану "Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1354 қаулысына сәйкес қамтамасыз етiледi.
4. Жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау
54. Облыстың елдi мекендерiнiң аумағында орналасқан барлық жасыл желектер кiмнiң қарамағында тұрғанына қарамастан, облыстың елдi мекендерi аумақтарының бiрыңғай жасыл қорын құрайды және жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға және сақталуға жатады.
55. Жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, абаттандыру және көгалдандыру туралы мәселелердi шешу және шешiмдер қабылдау жөнiндегi функцияларды заңнамаға сәйкес орындауға уәкiлеттi атқарушы органға, сондай-ақ қарамағында жасыл екпелер бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледi.
56. Жасыл желектердi күтiп-ұстауға көгалдандыру жөнiндегi жұмыстардың мынадай негiзгi түрлерi енедi:
1) жасыл желектердi егу;
2) бағана жанындағы шұңқырларды орнату арқылы топырақты қопсыту, ағаштарды ақтау;
3) гүлзарларды, көгал алаңдарын жасау, арамшөптердi отау, шөптi шабу;
4) вегетациялық кезең бойы жасыл желектерге су құю;
5) жасыл желектердi кесу, көшiрiп отырғызу, шауып тастау (апаттық, құрғап қалған, бүлiне бастаған ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу);
6) тыңайтқыштарды енгiзу;
7) жасыл желектердiң зиянды жәндiктер және аурулармен күресу.
57. Бар жеке тұрғын үйдiң, азаматтардың саяжай және бақ учаскелерiнiң аумақтарында және елдi мекендердiң коммуналдық қызметтерiнiң қарамағындағы зират учаскелерiндегi жасыл екпелердi шауып тастау, кесу және көшiрiп отырғызуды қоғамдық табиғатты пайдалану тәртiбiмен меншiк иелерi өздерiнiң қарауы бойынша жүзеге асырады.
58. Құрылыс-монтаждық жұмыстары, сондай-ақ аумақты абаттандыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде жасыл екпелердi амалсыздан шауып тастау өз еркiмен жойылады немесе өтеледi (орнына толтырылады).
59. Жасыл желектердi амалсыздан шауып тастағаны үшiн зиянды өтеу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң 322-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
60. Құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргiзу кезiнде осы учаскеде сақтауға жататын барлық желектер олардың қорғау тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн арнайы қорғау қоршауларымен механикалық және басқада зақымдар келтiруден сақталады.
61. Көгалдандыру желектерi аумақтарында мал бағуға рұқсат берiлмейдi.
5. Қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу, кәдеге жарату, зиянсыз ету, тасымалдау, сақтау және жою
62. Қызметi нәтижесiнде өндiрiс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншiк иелерi болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс iстеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауiпсiз жұмыс iстеу үшiн жауапты болады.
63. Коммуналдық қалдықтарды олар сақталатын және өңделетiн белгiленген жерге тасымалдауды және жинауды қалдықтардың меншiк иелерiнiң есебiнен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.
64. Қалдықтардың меншiк иесi қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесiн немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды атқаратын субъектiлердiң қызмет көрсетулерiн пайдаланады не қалдықтарды орналастыру мен жою жөнiндегi операцияларды дербес жүзеге асырады.
65. Контейнерлерден түсiру кезiнде шашылған қоқысты жинауды, оларды сақтау және қайта өңдеудiң белгiленген орынға коммуналдық қалдықтардың тасымалдалуын және жинауын жүзеге асыратын мамандандырылған кәсiпорындардың қызметкерлерi жүргiзедi.
66. Канализацияландырылмаған елдi мекендерде қатты және сұйық қалдықтарды бөлек жинау жүргiзiледi. Сұйық қалдықтарды су өтпейтiн қазылған шұңқырларға жинайды және ассенизациялайтын көлiкпен ассенизациялық алқаптарға немесе жер жырту алқаптарына шығарылады.
67. Тұрмыстық қалдықтарды жинау және жинап қою орындарына сынабы бар қалдықтарды лақтыруға рұқсат берiлмейдi.
68. Қоқыс салғышқа сұйық тұрмыстық қалдықтарды және iрi көлемдегi қоқысты тастауға рұқсат берiлмейдi.
69. Қалдықтарды залалсыздандыру және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
70. Коммуналдық қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргiзiледi.
71. Коммуналдық қалдықтарды көмудi, қалдықтар полигондарын жасау мен пайдалануды коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар және осы салада маманданған өзге де ұйымдар жүзеге асырады.
6. Қағидаларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
72. Осы Қағидаларды бұзған кiңәлi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес жауап бередi.
73. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бұзушыларға әкiмшiлiк жауапкершiлiк шараларын қолдану келтiрген материалдық зиянды өтеуден, жiберiлген қателiктердi жоюдан және осы Қағидалармен көзделген талаптарды орындаудан босатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |