Церебральды сал ауруы бар балалар: негізгі қозғалыс және сөйлеу


Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және сапалы, мақсатты жүргізілетін педагогикалық



бет3/3
Дата23.05.2024
өлшемі92.56 Kb.
#501769
1   2   3
Инклюзив сессия Бота

Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және сапалы, мақсатты жүргізілетін педагогикалық
қызмет. Тәрбие деп қалыптасушы жеке адамның қоғамдық тәжірибенің бүтін жиынтығын:
білім, ептілік, дағды, шығармашылық іс- тәсілдерін, әлеуметтік, адамгершілік және
эстетикалық қатынастарды игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетті қолдап, қуаттаушы
әрі ұйымдастырушы, бағдарлы, әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесті айтамыз.
Адам өзіне ықпал етуші объективті және субьективті әсерлердің нәтижесінде өмірде
өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектепке,
мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің
уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз
қозғауы мүмкін.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты – кең әлеумет пен ғылымның
араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі.
Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың эканомикалық, құқықтың және ұйымдастыру
шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген
тәрбие мақсатының іске асуы қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған
да тиісті бақылау қажет.
Тәрбие мақсатының мазмұны неде, ол қалай айқындалады?
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне
(цивиллизованность), оның демократикалық сипатына, экономикалық мүмкіндігіне,
педагогикалық жүйелер дамуын болжайтын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын
мекемелеріне байланысты.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді. Себебі,
баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі қас қағымдай, сондықтан
өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық жаңа құралымдары бір мақсаттың
ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып
есептеледі.
Мақсаттың қозғалмалы және ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді.
Мақсатты, көркемдеп, айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін жұлдызбен теңестірген
жөн. Мақсаттың бітуі – рухани не заттай жойылуы деген сөз. Мақсат өзін белгілейтін
субъект – адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субъектіде жасалады, сондықтан да
субъектінің өрлеуімен мақсат та жоғарыла бастайды. Өссем деген кәсіптерге тән қасиет:
көңіл толмау, күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кәсіп иесі – мәңгі талшықтағы өлі жан. Міне
дамудың бір көрінісі.
Жеткізбес – мақсат-мақсат болып қала беру үшін, оған жетем дегенді шарш атып,
шалдықтырмас үшін, шексіз мақсатқа жетудің қиындығынан адам бас тартып, бос
арманшылардың қатары толыспас үшін, жалпы сипатқа ие болуы керек сонда ғана ол
ілгерілген сайын ұлғайтып, іс-әркетке бағыт бағдар бола алады. Қарапайым мысал, бір кісі
кіріп, жасасам болар дегендей, баспана жоспарлап, бастады. Бірақ көпті көрген бір көршісі
келіп: «Бөлмелеріңді былай жаса» - деп ақыл берді: мақсат туды – бөлме өзгерді, екінші
тұрып «Айна, есіктеріңді олай ет» - деп ақыл айтты. Мақсат өзгерді – айна есіктер көрік
алды. Үшіншісі келіп: «Шатырыңды сен олай қылма, былай қыл» - деп және бір кеңес қосты:
сәнді шатыр шықты. Ақыр аяғында кісінің жалпы мақсаты – баспана да бітті, бірақ әншейін
баспана емес, көзтойдырар үй болды. Үй салушының мақсатқа орай жоспары мен әдісі
негізінен сақталды, бірақ ол жасаған өнім бастапқа күтілген нәтижеден айрықша болып
шықты, оның себебі – мақсаттың жалпы сипатындағы шығармашылық еркіндіктің болуынан
туындады. Іскер мақсат аймағында әрекет етті, бірақ осы аймақ тар болғанда оның
шеберлікке жетуі күмәнді болар еді.
Сонымен, мақсат – өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана
тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақты көрінеді: мақсат –
бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл бұлайша
сипатталады.
Тәрбие мақсаты Тәрбие процесі Тәрбие нәтижесі
Бұдан туындайтын ой – мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды, мақсат тәрбие
нәтижесінде негіз болады, мақсат – педагогтің кәсіби іс-әрекетінің баға өлшемі, мақсат –
педагог санасының үздіксіз айналымды жүретін ой обьектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі
толығымен мақсатқа тәуелді, оған орай өз мағынасына ие болады.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін
құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп,
оның дүние танымын қалыптастырады, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына
ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты
қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбие - біртұтас үдеріс
Тұтас педагогикалық үдеріс дегеніміз - оқушылар мен мұғалімдердің,
тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің келісілген қызмет жүйесінен тұратын ғылыми
талаптарға сәйкес құрылған оқу-тәрбие процесі. Егер тәрбие біртұтас үдеріс күйінде
ұйымдастырылса ғана, оның барша мүмкіндіктері толығымен ашылады. Осы тұрғыдан
тәрбиелік үдерісті педагог пен шәкірт әрекеттері іске асыруы тиіс жүйе құрастырушы
жағдаятты, мақсаты тәрбиеленуші тұлғасын дамыту болған біртұтас қозғалысты жүйе
ретінде қарастыруға болады. Тәрбиелік үдеріс тәлім мекемесіндегі педагогикалық қызметтің
ажыралмас өзегі. Сонымен бірге бұл үдеріс оқу-үйретім, тәрбие мекемесінің ұйымдастыру
аймағымен шектелмей, әлеуметтік ортадан болатын барша ықпалдарды да ескерумен
атқарылады.
Тәрбие үдерісінің қозғаушы күші - бұл тәрбиеленушіге бағытталған әрқилы да
әртарапты әсерлер мен оның біртұтас тұлғасын қалыптастыру ниеттері арасындағы
қайшылықтар тоғысында туындайды. Егер педагог тарапынан қойылған тәрбие мақсаттары
шәкірттің даму мүмкіндіктерінің жақын аймағынан болып, әрі олардың маңыздылығы оның
болмысына сәйкес келсе, қандай да қарама-қарсылық ықпалды қозғаушы күшке айналады.
Бұл тұрғыдан, “тәрбие үдерісі” және “тәрбие жүйесі” түсініктерінің арасындағы өзара
байланыстықты қарастырған жөн.
3 1 13 Қашық перспективаны айтып беріңіз.
Ұжымды құраушы оқушылар ұжым жұмысын белсеніп орындауында, гуманистік қатынастың дамуында. Бір – біріне ілтипатты болуы, жолдастарының қуанышына, мұқтажына ортақтасуы, мінез құлық нормасын сақтауы осы кезеңнің басты қағидалары. Оқушылар ұжымды нығайту мен қалыптастыруда маңызды мәселе ол мақсат қою, перспективаны талдау. Осы тұрғыдан Макаренко 3 түрлі перспективаға бөледі.
1) Жақын перспектива – күнделікті өмірде жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Жақын перспективаға жататын: жақын перспективті жарыс, экскурсия, жексенбілік, серуен, цирк, музей, көрмеге бару, үйірмедегі қызықты жұмыстар т. б.
2) Орта перспектива – ол пән бойынша олимпиадаға қатысу, сурет конкурстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыпта диспут өткізу т. б. Мұндай оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
3) Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір жұмысты ұзақ мерзімді орындауға талпыну мақсаты. Мысалы, келешек мамандық таңдауы, білім алу, мектеп бітіргеннен соң жоғарғы оқу орнына түсу т. б. Адамның отанға қызмет етуі.
Осы перспектива оқу – тәрбие процесін тиімді пайдалануы әрбір мұғалімнің міндеті. Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық песпектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перпектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
3 1 13 Тәрбие беру жүйесінің негізгі мақсатын анықтап жазып көрсетіңіз.
Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және сапалы, мақсатты жүргізілетін педагогикалық
қызмет. Тәрбие деп қалыптасушы жеке адамның қоғамдық тәжірибенің бүтін жиынтығын:
білім, ептілік, дағды, шығармашылық іс- тәсілдерін, әлеуметтік, адамгершілік және
эстетикалық қатынастарды игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетті қолдап, қуаттаушы
әрі ұйымдастырушы, бағдарлы, әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесті айтамыз.
Адам өзіне ықпал етуші объективті және субьективті әсерлердің нәтижесінде өмірде
өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектепке,
мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің
уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз
қозғауы мүмкін.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты – кең әлеумет пен ғылымның
араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі.
Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың эканомикалық, құқықтың және ұйымдастыру
шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген
тәрбие мақсатының іске асуы қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған
да тиісті бақылау қажет.
Тәрбие мақсатының мазмұны неде, ол қалай айқындалады?
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне
(цивиллизованность), оның демократикалық сипатына, экономикалық мүмкіндігіне,
педагогикалық жүйелер дамуын болжайтын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын
мекемелеріне байланысты.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрінеді. Себебі,
баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруі қас қағымдай, сондықтан
өсіп келе жатқан жеке адамның әлеуметтік-психологиялық жаңа құралымдары бір мақсаттың
ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып
есептеледі.
Мақсаттың қозғалмалы және ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді.
Мақсатты, көркемдеп, айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетін жұлдызбен теңестірген
жөн. Мақсаттың бітуі – рухани не заттай жойылуы деген сөз. Мақсат өзін белгілейтін
субъект – адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субъектіде жасалады, сондықтан да
субъектінің өрлеуімен мақсат та жоғарыла бастайды. Өссем деген кәсіптерге тән қасиет:
көңіл толмау, күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кәсіп иесі – мәңгі талшықтағы өлі жан. Міне
дамудың бір көрінісі.
Жеткізбес – мақсат-мақсат болып қала беру үшін, оған жетем дегенді шарш атып,
шалдықтырмас үшін, шексіз мақсатқа жетудің қиындығынан адам бас тартып, бос
арманшылардың қатары толыспас үшін, жалпы сипатқа ие болуы керек сонда ғана ол
ілгерілген сайын ұлғайтып, іс-әркетке бағыт бағдар бола алады. Қарапайым мысал, бір кісі
кіріп, жасасам болар дегендей, баспана жоспарлап, бастады. Бірақ көпті көрген бір көршісі
келіп: «Бөлмелеріңді былай жаса» - деп ақыл берді: мақсат туды – бөлме өзгерді, екінші
тұрып «Айна, есіктеріңді олай ет» - деп ақыл айтты. Мақсат өзгерді – айна есіктер көрік
алды. Үшіншісі келіп: «Шатырыңды сен олай қылма, былай қыл» - деп және бір кеңес қосты:
сәнді шатыр шықты. Ақыр аяғында кісінің жалпы мақсаты – баспана да бітті, бірақ әншейін
баспана емес, көзтойдырар үй болды. Үй салушының мақсатқа орай жоспары мен әдісі
негізінен сақталды, бірақ ол жасаған өнім бастапқа күтілген нәтижеден айрықша болып
шықты, оның себебі – мақсаттың жалпы сипатындағы шығармашылық еркіндіктің болуынан
туындады. Іскер мақсат аймағында әрекет етті, бірақ осы аймақ тар болғанда оның
шеберлікке жетуі күмәнді болар еді.
Сонымен, мақсат – өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана
тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақты көрінеді: мақсат –
бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі. Схема түрінде бұл бұлайша
сипатталады.
Тәрбие мақсаты Тәрбие процесі Тәрбие нәтижесі
Бұдан туындайтын ой – мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды, мақсат тәрбие
нәтижесінде негіз болады, мақсат – педагогтің кәсіби іс-әрекетінің баға өлшемі, мақсат –
педагог санасының үздіксіз айналымды жүретін ой обьектісі. Бұған қосымша, тәрбие жүйесі
толығымен мақсатқа тәуелді, оған орай өз мағынасына ие болады.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін
құрал. Тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп,
оның дүние танымын қалыптастырады, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына
ықпал етеді. Сондықтан, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді азаматты
қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен
қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
3 2 1 ⁠Қазіргі уақытта тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын түсіндіріңіз.
Қазіргі таңда мемлекетіміз даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, бала мүгедектігінің алдын алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 44 574 мүгедек бала бар, бұл еліміздегі кішкентай тұрғындардың 1,2% құрайды. Олардың ішінде 10 000 шамасындағы балаға балалардың сал ауруы диагнозы қойылған. Бірақ барынша шыдамдылық танытып, әдістемелік жүйемен емдеген жағдайда бұл аурудың салдарын түзетіп, баланы жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады.
Қазіргі кезде тірек–қимыл аппараты зақымдалған (ТҚАЗ) балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру.
Балалардың тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы дегеніміз – жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.
Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог – арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады: бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау;баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;өмірлік кеңістікте баланы қорғау;бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.
Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады:балалардың церебральды салдығымен зардап шегетін балалар үшін түзете-дамыту жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан және айынан бастау керек. Түзете-дамыту жұмыстары бұзылған және сау сақталған қызметтерді толығымен зерттеп білу негізінде ғана жүзеге асады. Сабақ кезіндегі дифференциалды ыңғай баладағы мүмкіндіктерді ескеру мен «оның жақын даму аймағында» орналасқан жаттығулар жүйесін құруды ескереді.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосылуы болып табылады.
3 2 2 Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалардың негізгі кемістігін атаңыз.
Қазіргі таңда мемлекетіміз даму мүмкіндігі шектеулі
жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі
Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды
әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б.
заңында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді
жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде,
коррекциялық білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып,
бала мүгедектігінің алдын алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер
басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 44 574 мүгедек бала бар, бұл еліміздегі кішкентай
тұрғындардың 1,2% құрайды. Олардың ішінде 10 000 шамасындағы балаға
балалардың сал ауруы диагнозы қойылған. Бірақ барынша шыдамдылық танытып,
әдістемелік жүйемен емдеген жағдайда бұл аурудың салдарын түзетіп, баланы
жүруге, сөйлеуге үйретуге және қоғамда өмір сүруге бейімдеуге болады [1].
Қазіргі кезде тірек–қимыл аппараты зақымдалған (ТҚАЗ) балаларға
медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация
жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен
тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни
қоғамға пайдалы еңбекке араластыру.
Балалардың тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы дегеніміз – жас
кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін, бірақ моторлық бұзылыстар
синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен
қайталанып бұзылуы болып табылады.
Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалардың негізгі кемістігі – кимыл–
қозғалысының ауытқуы (қозғалу, қимыл әрекеттерінің жетілмеуі, зақымдануы
немесе мүлдем жойылуы). Осы сияқты аутқулары бар балалардың көпшілігін
балалардың церебральдық сал ауруымен ауратын балалар құрайды (89%). Бұл
балаларда тірек–қимыл аппаратының зақымдануы көбінесе психикалық
бұзылулармен, тіл мүкістіктермен тіркесе жүреді, сондықтан олардың көпшілігі
тек қана медициналық-әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар
психологиялық-педагогикалық және логопедтік көмектерді де қажет етеді.
Әдетте, тіреқ-қимыл аппараты зақымдалған балалардың ішінде танымдық қабілеті
сақталған, арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейтін балалар да кездеседі.
Дегенмен, аталмыш балалардың барлығыда ерекше өмір сүру жағдайын, оқытуды
және келешек еңбек әрекетінің дұрыс қалыптасуын қажетсінеді. Оларды
әлеуметтік бейімдеуде екі бағыт белгіленеді. Біріншісі – қоршаған ортаны
балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу құралдар (арбалар,
балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), тұрмыстық заттар (ыдыс-аяқ,
электроаспаптардың арнайы сөндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен
арнайы түсу жолдары болады. Ал тірек–қимыл аппаратының зақымдануы бар
балаларды бейімдеудегі екінші бағыт – ол балалардың жеке бастарын әлеуметтік
ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануында психика құрылымы психика
дамуындағы өзгеше кемістіктерден тұрады. Психиканың даму бұзылуларының
механизмі өте күрделі және де мидың зақымдану мерзімімен, дәрежесімен,
орналасуымен айқындалады. Құрсақ ішінде қалыптасқан психикалық
бұзылулардың көрінісі зиятының тұрпайы жетілмеуімен де сипатталады.
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы кезінде психикалық даму кемістігі
танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігерлі сферасының және жеке тұлғаның
қалыптасуының бұзылуларынан тұрады [2].
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануындағы интеллект кемістігінің
құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
 Қоршаған орта туралы мәліметтің бір шама аз көлемі. Бұл келесі
себептердің салдары болып табылады: а) ұзақ мерзім бойы қозғалмау жағдайы
және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз
оңашалау, құрбылармен ересек адамдармен қарым-қатынастың шектеуілігі, б)
тірек–қимыл зақымдануымен байланысты затты-практикалық әрекет барысында
қоршаған ортаны танудың қиынға түсуі, в) сенсорлық қызметтердің бұзылуы.
 Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы кезінде әр-түрлі талдағыш
жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау,
манипуляциялау, яғни іс-барысында тану қызметтері ТҚАЗ кезінде бұзылады.
 Ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармоникалық түрде болуы, яғни бір
интеллектуалдық қызметтер бұзылып екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты
жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы
органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект
қызметімен басқада ең жағарғы қыртыс функцияларды қамтамасыз ететін мидың
«жастау» функционалдық жүйелері күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың
көрнекі түрлері дамиды, басқаларында, керісінше, көрнекі-қызметтік ойлау
төмендегенімен сөйлеу-логикалық ойлау жақсырақ дамиды.
 Психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің
бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының
жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі.
Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларға эмоционалдық–жігерлі
сферанының бұзылулары тән. Кейбіреулерінде ол жоғары эмоционалдық
қозуымен қатар шегіндірілген тежелуімен байқалады, басқаларына – ұяңдықпен
сескенушілікпен сипатталады. Тәртіп бұзылулары қозғалыстың шегіндірілген
тежелу, ашушаңдық, қоршағандарға қарсы шығумен сипатталады. Ал кейбір
балаларда керісінше толық немқұрайлық, селқостық, қатынаспаушылық орын
алады.
ТҚАЗ балалардың психологиялық сипаттамасы И.О Левченко, И.И.
Мамайчук еңбектерінде ұсынылған. Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы
қозғалтқыш, сенсорлық, когнитивті, әлеуметтік депривацияға және эмоционалды–
күш жігерінің зақымдануымен көрініс табады. Эмоционалдық сферасы көптеген
себептерге байланысты сәтсіздікке ұшырайды. Бір жағынан баланың орталық
жүйке жүйесінде зиянды органикалық зақымдануы оның аффективті
тұрақсыздыға әкеп соқтырады. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларда
сонымен қоса, ақыл–ой кемістігі қатар жүрсе, онда бала сырттан келген
тітіркендіргіштерге жауап қайтара алмайды. Егерде ақыл–ойы кем болмаса, онда
балалар кез–келген тітітркендіргіштерге жауап қайтара алады [3].
Тірек қимыл аппараты зақымдалған балалардың кемістік құрылымының
80% тіл мүкістіктері құрайды. Тіл мүкістіктердің ауырлығымен орналасуына
байланысты. Тіл мүкістіктерінің механизімінде ең маңыздысы болып қозғалыс
патологиясының өзі болып табылады. Тірек–қимыл аппаратының зақымдалуы
кезінде тіл мүкістіктері тікелей қозғалыс бұзылуларымен байланысты. Сонымен
қатар, артикуляциялық аппараты зақымдалуы ауырлығымен қол қызмет
зақымдануынң ауырлығы байланысты. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған
балаларына әр түріне өзіндік тіл кемістіктері тән. Сөйлеу кемістіктері тірек–
қимыл аппараты зақымдалған балалардың басқалармен қарым–қатынасын тежеп
қиындата қоймай олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізеді. Тірек–қимыл
аппараты зақымдалған балаларда келесі тіл кемістіктері байқалады: дизартрия, тіл
дамуының тежелуі, алалия, жазбаша сөйлеудің бұзылулары.
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы кезінде баланың сәбилік және
ерте жасында ата-аналарының барлық күштері зақымдалған тірек–қимыл
қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның
себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін
байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге
асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс
әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді
деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында,
тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар
көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған
арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін
көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін
психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі
бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің
тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар тірек–қимыл
аппаратының зақымдалуы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан
бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі
мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін
түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған
жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді
екенін дәлелдеді [4].
Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық
даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін
қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың
ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту
жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады:
- Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалар үшін түзете-дамыту
жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да
қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан
және айынан бастау керек.
- Педагогикалық түзету кезінде дефектолог пен мүгедек баланың ата-анасы
арасында өзара байланыстың болуы өте маңызды. Отбасылық тәрбие қателіктері
психофизикалық дамудың ауытқуын одан да қиындатып жіберуі мүмкін.
Сондықтан, ата-аналар дефектологтан баласының өзіне-өзі қызмет көрсету
дағдысы, қолдың ұсақ моторикасын дамытуды, қорғаныс тәртібін сақтау, ерекше
баласына шыдамдылықты таныту, үй жағдайында ауызша және жазбаша сөйлеу
тілін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен кеңестерді алып жатады. Осындай
кешенді түзете-дамыту жұмыстары танымдық, қимыл-қозғалыстық және
эмоционалды-ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып, әр баланың жеке
тұлға ретінде қалыптасуына және әлеуметтік ортаға бейімделіп енуіне оң әсер
етеді.

3 2 3 Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуының салдары мен себептерін өз сөзіңізбен айтыңыз.


Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуының салдары мен себептерін өз сөзіңізбен айтыңыз.
Қазіргі таңда статистикалық зерттеулерге сүйенер болсак, балаларда туа біткен және жүре пайда болған кемістіктердің жиі бөлігін балалардың церебральді салдылығы құрайды.
Балалардың церебралдық салдары - дамып жетілмеген бас миының зақымдануы. Орталық жүйке жүйесі қозғалыс тетіктерінің патологиялық дамуына немесе зақымдануына байланысты тірек қозғалыс аппараттары бұзылып, ол тікелей ақыл-ойдың дамуына, қоршаған ортаны тікелей қабылдауға әсер етеді. Қимыл қозғалыс координациясы дұрыс дамымай , қолдың ұсақ бұлшықеттерінің қимылы жетілмеумен сипатталады. Қазіргі кезде біздің елімізде сал ауруымен ауыратын балалардың саны жыл санап көбейіп келуде. Бұл ауру қимыл психикалық бұзылуларының әр алуан түрлерімен білінетін мидың полиэтиологиялық ауруы. Ол өте күрделі және әртүрлі. Балалардың церебралдық салдары соңғы мәліметтер бойынша, бір мың нәрестенің 2-3 де кездеседі. Медицинаның жетілуіне байланысты соңғы жылдары балалардың церебралдық салдары деген диогнозды балаға 6 ай толысымен қоюға болады. Мидың зақымдануы ұрық дамуының ерте кезеңінде, оның морфологиялық және функционалдық толығуы кезінде пайда болады. Баланың церебралдық сал ауруының алғашқы клиникалық сипаттамасын 1861 жылы ағылшын хирургы Вильям Литли сипаттап, ал 1893 жылы Фрейд ұсынған. Оның айтуынша, салдықтың болу себебі ми жұмысының әртүрлі жағдайдан өзгеріске шалдығуы. Ауру бастапқы кезеңде басталып көп жылға, кейде өмірдің соңына дейін созылады. Балада сал ауруының пайда болуына ықпал жасайтын факторлар үш топқа бөлінеді; босануға дейінгі , босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі.
1) Босануға дейінгі факторлар жатыр ішінде немесе туа пайда болатын:
а) қан құйылу, жүрек – қан тамыр жетімсіздігі, жүктілік кезіндегі токсикоз, инфекциялық аурулар, т.б әсерінен ұрыққа оттегінің жеткілікті жеткізілмеуінен болатын гипоксия :
ә) зиянды ішкі және сыртқы факторлар (дәрі - дәрмектер әсіресе антибиотиктер зат алмасу бұзылуы және ананың басқада аурулары, жүкті ананың дұрыс тамақтанбауы, әкесі мен анасының созылмалы алкоголизмге ұшырауы, анасының немесе әкесінің созылмалы аурулары):

б) резус-фактор.


2) Босану кезіндегі факторлар (босану кезіндегі жарақаттану және туу кезіндегі асфексия )
3) Босанғаннан кейінгі факторлар. Бұл кезде баланың церебралдық салдануына параинфекциялық энцефалопатиялар аса жиі әсер етеді. Сонымен баланың церебралдық сал ауруының этиологиясында ұрыққа әсер ететін әр түрлі зиянды факторлар, асфексия және туу кезіндегі жарақаттану маңызды роль атқарады. Асфексия және қан құйылумен қосарланатын туу кезіндегі жарақаттың пайда болуы қан -тамыр жүйесінің мүмкіншілігінен айырылуы мен фибриннің азайғандықтан қан ұйығыштығының төмендеуіне байланысты. Мидың жатыр ішінде зақымдануы ана мен ұрық қанының сәйкессіздігіне, ана қорегінің бұзылуына байланысты болуы мүмкін. Нәресте миының зақымдануы мен баланың церебралдық салдануына гемолиздік ауру, диатез сары аурудың түрлері, резус сәйкессіздік маңызды роль атқарады. Босану кезіндегі жарақаттануға байланысты ми затындағы өзгерістер мен ыдырау жарақаттанумен бір мезгілде басталып, одан әрі біраз уақытқа созылуы мүмкін. Ол кейін мидың әр бөлігінде құрылымдық бөлігіне мүмкіндік жасайтын гипоксияның аймақтық құбылыстары мен ми қан айналысының қайталанатын өткінші құбылыстарына себепші болуы ықтимал. 1-3 жастағы балаларды церебралдық салдану әдетте инфексиялық аурулардан, сирегірек жағдайда жарақаттанудан болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет