«2 – 3 жастағы балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту маңыздылығы» атты сауалнама
Сауалнаманың мақсаты: балабақшада 2 – 3 жастағы сәбилерде қолдың моторикасын дамыту маңыздылығын анықтау.
Сауалнама сұрақтары:
1.Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығуларды жиі өткізесіздербе?
2. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту маңыздылығын ата – аналарға хабарлайсыз ба?
3. Қай жастан бастап қолдың ұсақ моторикасын дамыту қолайлы деп ойлайсыздар?
2 -3 жас
3 – 4 жас
4 – 5 жас
4. Сабақ барысында балалармен қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойыншықтар мен кеңсе тауарлар жеткілікті ма?
5. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындарды жиі сабақтарда өткізесіздербе?
6. Қандай дәстүрден тыс материалдарды моториканы дамытуда қолданасыздар?
Дәндер;
Мойыншақтар;
Түймелер;
Жемістер мен көкеністер.
7. Балалардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған қандай ойындарды балалар ерекше ұнатады?
Сауалнама бойынша келесі қорытындыға келдік:
Балабақшадағы тәрбиешілер қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығуларды жиі өткізеді және ата – аналарға хабарлайды;
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығуларды 2 – 3 жастан бастау тиімді деп есептейді;
Сабақ барысында моториканы дамытуға арналған ойындарды жиі пайдаланады;
Дәстүрден тыс мойыншақтар, түймелер, жемістер мен көкеністер пайдаланылады;
Оқушылар ойыншықтардан қарағанда дәстүрден тыс материалдарды қолдын ұсақ моторикасын дамытуда пайдаланады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |