Ченемисова Лаула Табысбекқызы - 1987 жылы 27 мамырда дүниеге келген.
2003ж-2007ж аралығы П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «прима қобыз» класы бойынша білім алған.
Колледжді бітірген соң білімін 2007ж-2011ж аралығы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғастырды.
Жоғары білімін 2012-2014ж.ж Қазақ Мемлекеттік қыздар университетінде жетілдіріп Педагогикалық ғылым магистрі атанды.
Мамандығы: оқытушы,оркестр артисі (прима кобыз)
2011-2014 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халықаралық бөлімінде» қызмет еткен.
2014ж. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі «Халық аспаптар бөлімінде» ұстаздық етуде және қосымша «Сыртқы істер маманы» бойынша қызмет етуде.
Қосымша ақпарат: 2009-2013ж.ж. «Ақ босаға» газетінің штаттан тыс тілшісі, 2008-2009ж.ж. Қазақ радиосы «Қайырлы таң» бағдарламасының тілшісі қызметін атқарған.
2009ж. бастап қазірге дейін фольклорлық эстрадалық «Інжу-маржан» тобының мүшесі ретінде қызмет етіп Австрия, Корей, Румыния, Германия, Англия, Белоруссия, Ресей, Бельгия, Америка, Қытай т.б. шет елдерге гастрөлдік сапармен барып келген.
Достарыңызбен бөлісу: |