ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. МИКРОКАЛЬКУЛЯТОР ОРЫНДАҒАН: НҰРХАСАНОВ ЕРБОЛ ТЕКСЕРГЕН:АБУЛХАНОВА МАРАЛ Жоспары: - Цифрлық жүйе дегеніміз не?
- Микрокалькулятор
- Микрокалькулятор түрлері:
- Шифратор және дешифратор
- Сандық және аналогтық құрылғыларды жұптастыру
Цифрлық жүйе Цифрлық жүйе – логикалық ақпаратты немесе цифрлық түрде берілген физикалық шамаларды өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығы. Бұл құрылғылар көбінесе электронды, бірақ механикалық, магниттік немесе пневматикалық болуы мүмкін. микрокалькулятор - Микрокалькулятор - әр түрлі есептеулерді орындау мүмкіндігі мол, пайдалануға ыңғайлы және шағын портативті электрондық есептеуіш машина. Ол әр түрлі мамандарға (экономистерге, бухгалтерлерге, сатушыларға т. б.), сондай-ақ студенттер ме мектеп оқушыларына қажет көптеген күрдел есептеулерді тез орындауға мүмкіндік береді. Микрокалькулятор тұрмыcта да пайдалы оның көмегімен электр энергиясына жәй газға төленетін ақыны есептеуге, пәтер жөндеуге керекті материалдарды, мерекелік дастарқан мәзірін анықтауға, сондай-ақ үй шаруашылығын жүргізуге қажетті есентеулерді орындауға болады.
Микрокалькулятор түрлері:
Микрокалькулятор
қарапайым
инженерлік
программалы
Инженерлік калькулятор Программалы калькулятор - Шифратор — импульстерді кодтауға (шифрлауға), яғни берілетін пəрмендерді (мысалы, ракетаға) шартты белгілерге (сигналдарға) айналдыратын телебасқарушы жəне телеөлшегіш кондырғылардың тасымалдаушы негізгі блоктарының бірі. Қабылдағыш кемерлік аппаратура берілген импульстің қай пəрменге жататынын ажыратуы үшін соңғысы белгілі ара қашықтықта, əрбір пəрмен үшін қатаң тіркеспен берілуі тиіс. Шифраторға сондай -ақ нөсер разряды мен немесе қарсыластар туғызатын өндірістік кедергілер мен радиокедергілер əсер етуі мүмкін. Кемердегі қабылдагыш шифрлаған командалар дешифраторға түсіп, анықталады.
ДЕШИФРАТОР - Дешифратор - кірістеріндегі сигналдар комбинациясының әрқайсысына шығыстарының тек қана біреуінде сигнал сәйкес келетін комбинацяилық логикалық схема. Дешифраторлар басқарушы жүйелерде кірістердегі сигналдар комбинациясына байланысты. Осы және басқа тізбектерге басқарушы әрекеттерді беру үшін қолданылады. Сонымен қатар дешифраторлар кодтарды түрлендіруде мысалы, екілікті немесе екілік оңдықты оңдыққа түрлендіруде кең қолданылады. Дешифратор газ разрядты индикаторлармен жұмыс істеугне арналған. Дешифраторға кері функцияны атқаратын құрылғы шифратор немесе кодер деп аталады
Сандық және аналогтық құрылғыларды жұптастыру - Аналогты -сандық түрлендіргіш - уақыт бойынша үздіксіз өзгеретін аналогтық физикалық шаманы оған тең сандық код мәндеріне түрлендіруге арналған құрылғы . Сандық -аналогтық түрлендіргіш -сандық кодтар тізбегімен ұсынылған кіріс шамасын берілген физикалық шаманың эквивалентті мәндеріне түрлендіруге арналған құрылғы .
Бұл процесс келесі операцияларды дəйекті түрде орындауды қамтиды: - а) уақыттың кейбір алдын ала берілген дискретті сəттерінде бастапқы аналогтық шаманың мəндерін іріктеу, яғни уақыт бойынша сигналды іріктеу; б) уақыттың дискретті сəттерінде алынған бастапқы аналогтық шама мəндерінің деңгей бойынша реттілігін кванттау (кейбір белгілі шамаларға дейін дөңгелектеу); в) кодтау-табылған квантталған мəндерді Кейбір сандық кодтармен ауыстыру.
Разрядты кодтау әдісімен жұмыс істейтін Аналогты-сандық түрлендіргіштер бірнеше эталондарды қолданады. Сонымен қатар, олардың саны разрядтар санына тең, ал мәндер Шығыс позициялық кодтың салмақ коэффициенттеріне пропорционалды. Әрбір эталон салыстыру құрылғысының кіріс мәнімен салыстырылады. Салыстыру процесі максималды мәні бар эталоннан басталады. Осы салыстырудың нәтижесіне байланысты Шығыс кодының жоғары разрядының саны қалыптасады. Егер эталон кіріс мәнінен үлкен болса, онда жоғары разрядта нөлдік мән қалыптасады және кіріс мәні қалған эталондардың ең үлкені салыстырылады. Қолданылған әдебиеттер: - Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |