Cүлейменова Сабира Абдикадировна
19 тамыз 1968 жыл
Білімі: Жоғары
Оқу орны: Алматы қ. Абай атындағы Қазақ педагогикалық иституты.
Аяқтаған жылы: 1989
Мамандығы; Орта мектептегі физика және математика пәні мұғалімі
Біліктілік санаты: Жоғары
Жалпы еңбек өтілі: 20
Қызметіне байланысты: 15
Жұмыс орны: Ақтау қаласы. №21 орта мектеп
Мекен жайы; Ақтау қаласы. 12 ш/а, 61-74
Мен қатысқан қалалық, облыстық, республикалық шаралар
№
|
НЕ?
|
Қайда?
|
Қашан?
|
Орны
|
1
|
«Үздік сабақтар» сайысы
|
Қалалық
|
2006
|
І
|
2
|
«Үздік информатика кабинеті»
|
Қалалық
|
2009
|
ІІІ
|
3
|
Мемлекеттік комиссия мүшесі
|
Қалалық
|
2009
|
|
4
|
Пәндік олимпиада қазылар алқасы
|
Қалалық
|
2010
|
|
5
|
“Үздік информатика кабинеті”
|
Қалалық
|
2010
|
ІІІ
|
6
|
Мемлекеттік комиссия мүшесі
|
Қалалық
|
2010
|
|
7
|
FrontPage бағдарламасында Web парағын құру
|
Облыстық
|
2010
|
|
8
|
Мәліметтер базасында кесте құру
|
Республикалық
|
2010
|
|
9
|
Пәндік олимпиада қазылар алқасы
|
Қалалық
|
2011
|
|
10
|
“Үздік информатика кабинеті”
|
Қалалық
|
2011
|
І
|
11
|
“Үздік информатика кабинеті”
|
Облыстық
|
2011
|
І
|
Мәліметтер базаларының кестелерін жасау
11 – сынып
Сүлейменова С.А
№21 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мәліметтер базаларының кестелерін құру режимдерімен таныстыру;
Тәрбиелік: МБ құрудың өмірдегі алатын орнын көрсете білу;
Дамытушылық: Оқушылардың ғылыми танымын, сөздік қорын жаңа сөздер арқылы байыту.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекілігі:
-
Жаңа материалды түсіндіруге арналған презентация (РР бағдарламасында);
-
Интерактивті тақта, проектор;
-
Программалық жабдықтама: МҚБЖ, MS Access.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1.Мәліметтер базасы дегеніміз не?
2.Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз не?
3. Мысалдар келтір.
4.Microsoft Access- те жаңа мәліметтер базасын қалай құру керек ?
5. Бос мәліметтер құрудың алгоритмін тұжырымдаңыз.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа тақырыпқа
МБ кестелерін құру
-
Кестенің құрылымы
-
Конструктор режимінде кесте құру
-
Шебердің көмегімен кесте құру
-
Кесте режимінде кесте құру
Жаңа МБ құру Құру (Создать) командасын орындап, оларды құру тәсілдерін таңдаудан басталады.
-
Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) – жаңа мәліметтер құрудың бастамасы. Жаңа мәліметтер базасын құру үшін:
-
Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) командасын орындау арқылы Жаңа мәліметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) терезесін ашамыз. Онда:
-
МБ сақталатын файлдың орнын көрсету;
-
Файлдың аты (Имя файла) терезесінде файлға ат беру;
-
Құру (Создать) батырмасын шерту арқылы МБ ашу терезесін ашуға мүмкіндік аламыз.
Жаңа МБ құрудағы алғашқы қадам, мәліметтер сақталатын орын, кесте құру.
Кесте – МБ жұмыс істеуге арналған негізгі оъект, мәліметтер қоймасы. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (запись) тұрады. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтау керек. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұрады.
Кесте құрылымы:
І. Кестелер құрылымын құрар алдында МБ құру нәтижесінде жететін мақсатты көруіңіз керек. Қойылған мақсаттан оған жету үшін қолданылатын кестенің қандай болуы керек екенін айқындап алып, қажетті кестені құруға кірісіңіз.
Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, МS Access –те оны орындауға кірісеміз.
МS Access –те кестені құру деректер қоймасы терезесінде жүзеге асырылады.
-
МБ терезесінде Құру (Создать) батырмасын басыңыз.
-
«Жаңа кесте» (Новая таблица) терезесі ашылады, төменгі нұсқалар тізімінен:
-
Кестелер режимі – кесте режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.
-
Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.
-
Кесте шебері – шебердің көмегімен жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.
-
Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы мәліметтер базасына импортталуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
-
Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан кестелермен байланысты кестелерді құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Конструктор режимінде кесте құру
«Жаңа кесте» диалог терезесінде Конструктор опциясын таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Нәтижесінде бұл әрекеттерді орындау үшін кестенің конструкторы терезесі ашылады.
Диалог терезенің жоғарғы жағында құрылатын кестенің мынадай атрибуттары болады:
Өріс атауы, мәліметтер типі (түрі), сипаттама.
Өріс атауы –кестенің өріс атаулары бағанында енгізіледі. Өріс атауы бос орыннан басталмауы тиіс. Бір кестедегі екі өріс бір атаумен аталмайды.
Мәліметтер типі – мәліметтер типін айқындауға деректер типі пайдаланылады.
Сипаттама – өріс қызыметіне түсініктеме беру.
(Кесте. Мәліметтер типі)
-
Мәтіндік (Текстовый) – ұзындығы 255 символға дейінгі мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет;
-
МЕМО өрісі (поле МЕМО) - 64 000 символға дейінгі көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. Оның ерекшелігі – өрістегі ақпараттар басқа бір жерде сақталып,, ал өрістің өзінде сол ақпараттардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштер сақталады;
-
Сандық (Числовой) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. Осы типтегі өрістің көлемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады: бүтін, көп разрядты бүтін, жылжымалы нүктелі;
-
Дата/уақыт (Дата/время) - күн/ ай- жыл форматында мерзімді және сағат:минут:секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет;
-
Ақшалай (Денежный) - ақшалай көрсетілген ақпаратты енгізу үшін қажет. Жалпы оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. Өріс форматындағы тізімнен қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың үлгісін беруге болады;
-
Санауыш (Счетчик) – жазбалар реттік нөмерін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет;
-
Логикалық (Логический) - логикалық мәліметтерді (Иә/жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с) сақтау үшін керек;
-
OLE объектісі – OLE технологиясын сүйемелдейтін құжатарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады.
Бұл негізгі атрибуттардан басқа, кестенің әрбір өрісі конструктордың төменгі жағында бейнеленген және мәліметтерді енгізудің шарттарымен айқындалатын қосымша қасиеттерге ие. (сол жағында –қасиеттің атауы, оң жағында – мәндері)
(Кесте. Қасиеттер)
Шебердің көмегімен кесте құру
Шеберді қолданғанда кестені құратын уақыт үнемделеді. Жаңа кесте терезесінен Кесте шебері қосымшасын таңдап ОК шерту керек. Экрандағы Кесте үлгілері тізімінен кестенің прототипін таңдап, Өріс үлгілері тізімінен кестенің өрісін таңдап, Жаңа кесте өрістері тізіміне орналастыру керек. Өріс үлгілері тізімінің оң жағындағы бағыттауыш батырмаларды пайдаланамыз. >, >> немесе <, <<
Переименовать поле батырмасын қолданып, қажет кезінде Жаңа кестенің өрісі тізімінен таңдалған кез келген өрістің атауын өзгертуге болады. Жаңа кестенің өрісін толтырғаннан кейін Далее батырмасын басу керек. Бастапқы кілтті автоматты түрде таңдап, Далее батырмасын шерту керек. Егер ДҚ-да бұрын құрылған кесте болса 3-қадамда шебер бұрынғы кестемен байланыстыруға көмектеседі. Связи батырмасын шертіп, байланысты көрсету керек. Келесі қадамда керекті режимді орнатып, Готово батырмасын басу керек.
Кесте режимінде кесте құру.
Жаңа кесте терезесінде Кесте режимі (Режим таблицы) қосымшасын таңдап, ОК шерту керек. Кесте диолог терезесі ашылады. Бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, Кесте құру мүмкіндігіне ие боламыз.
Бірінші жолға өріс атаулары (“Поле1”, “Поле2” және т.с.с, ал қалған жолдарға осы өрістің мәндері енгізіледі. Өріс атауларын өз қалауымызша өзгерте аламыз.
Мәндерді енгізіп біткеннен кейін, сұқбат терезеде кестеге ат беруге болады, сонымен қатар автоматты түрде енгізілетін түйінді (ключевое) өріс – реттік нөмірлерде көрсетіледі. Өрістің типі енгізілген мәндер негізінде автоматты түрде анықталады. Әртүрлі амалдарды орындау үшін, жолдарды қосу, жою үшін жанама менюді (контекстное меню) шақырамыз.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар.
Конструктор режимінде берілген сөздердің көмегімен кестеге өріс атаулары мен жазбаларды толтыр. Архимед, тарихи тұлғалар, Пифагор, ғалым, рет нөмері, электромагниттік телеграф, ашқан жаңалығы, динамика, ашқан жылы, 1687, Гаусс Карл Фридрих, Фалес, тікбұрышты үшбұрыш туралы теорема, геометриядағы теоремаларды дәлелдеу, эврика!, 1883, Архимед күші, Исаак Ньютон.
ІV. Сабақты бекіту.
-
Кесте не үшін қажет?
-
MS Ассеss-те мәліметтердің қандай типтері болады?
-
Өрістің қандай қасиеттерін тағайындауға болады?
-
Конструктор режимінде кесте қалай құрылады?
-
Кесте шебері режимінде кесте қалай құрылады?
-
Кесте режимінде кесте қалай құрылады?
V.Оқушыларды бағалау.
Жаңа тақырыпты түсіндіруге арналған презентация (РР бағдарламасында).
Бекіту сұрақтары. (слайдтар)
VI. Үйге тапсырма: 2.4(4.1-4.4)тақырыптар.
Достарыңызбен бөлісу: |