4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ.
Кафедра Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер тьютор Шокабасов Т.Д.
Пән Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы.
Кредит саны 2
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Кітапха
нада
|
Кафедра
да
|
Студенттің қамтылу %
|
Электронды түрі
|
Ескерту
|
1
|
История стран Азии и Африки в новейшее время. Ч.І под ред. Родригеса
|
13
|
-
|
59
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
2
|
Новейшая история Китая. 1917-1977. М., 1978.
|
2
|
-
|
9
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
3
|
Новая и новейшая история стран Азии и Африки. Под ред. Розалиева Н. М.,1988
|
25
|
-
|
113
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
4
|
Кузнецов Ю.Д. История Японии. М., 1988 г.
|
2
|
-
|
9
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
5
|
Новейшая история Турции. М.,1968 г.
|
3
|
-
|
13
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
6
|
Новейшая история стран зарубежной Азии и Африки. Л.,1963 г.
|
7
|
-
|
31
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
7
|
Васильев Л.С. История Востока. М.,1998 г.
|
5
|
-
|
22
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
8
|
История Востока. Под ред. Якобсона В.А. М.,1997 г.
|
3
|
-
|
13
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
9
|
Новая история Китая. М., 1972.
|
2
|
-
|
9
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
10
|
Очерки по новейшей истории Ирана. М.,1976.
|
1
|
-
|
4
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
11
|
Очерки по новой и новейшей истории Японии. М.,1978 г.
|
1
|
-
|
4
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
12
|
История Вьетнама в новейшее время. М.,1970.
|
2
|
-
|
9
|
-
|
БҚМУ.
№ 3 оқу залы
|
4.2. Қосымша әдебиеттер тізімі:
-
Новая и новейшая история стран Азии и Африки. Под ред. Розалиева Н. М.,1988.
-
Хрестоматия по новейшей истории /1917-1977/ М.,1961.
-
Агаев С.Л. Иран в прошлом и настоящем. М.,1987.
-
Беляев И.П., Примаков Е.М. Египет: время президента Насера. М.,1974
-
Годс М.Р. Иран в ХХ веке. Политическая история. М.,1994.
-
Володин А.К. Индия: становление институтов буржуазной демократии. М.,1989.
-
Брутенц К.Н. Освободившиеся страны в 70-е г.г. М.,1979.
-
Зарубежной Восток и современность. Т.1-3. М.,1980.
-
Иванов М.С. Иран в 60-70г.г. ХХвек. М.,1977.
-
Кузнецов Ю.Д. и др. История Японии. М.,1988.
-
Новейшая история Африки. М.,1968.
-
Новейшая история Китая. 1917-1977г.г. М.,1978.
-
Новейшая история Турции. М.,1968.
-
Очерки по новой и новейшей истории Японии. М.,1978.
-
Очерки по новейшей истории Ирана. М.,1976.
-
Примаков Е.М. Восток после краха колониальной системы. М.,1982.
-
Революционный процес на Востоке. М.,1982.
-
Скляров Л.Е. Иран в 60-80г.г. М.,1993.
-
Ульяновский Р.А. Современные проблемы Азии и Африки. М.,1978
-
Внешняя политика стран Азии. М.,1983.
-
История Китая. М.,1998.
-
История Кореи. Т.1-3. М.,1979.
-
История Афганистана. М.,1982.
-
История Японии. М.,1978.
-
История Вьетнама в новейшее время. М.,1970.
-
Новейшая история Арабских стран Азии. М.,1988.
-
Новейшая история стран Азии и Африки. ХХвек. Ч.2. М., 2001.
-
И.Я.Златкин. Очерки новой и новейшей истории Монголии. М.,1957.
-
История Кореи с древ. Времен до наших дней. Т.І-ІІ. М.,1974.
-
Ф.И.Шабшина. Очерки новейшей истории Кореи. М.,1958.
-
Арабская республика Египет. М.,1990.
-
История Вьетнама в новейшее время. Под ред. А.А.Губера. М.,1970.
-
Новейшая история Вьетнама. Сб. статьи М.,1963.
-
Новейшая история стран зарубежной Азии и Африки. Л.,1963.
-
Массон В.А. История Афганистана. М.,1979.
-
Эйдус Х.Т. История Японии с древнейших времен до наших дней. М.,1968
-
Алиев Г.З. Турция в период правления младотурок 1908-1918 гг. М.,1972.
-
Арабские страны. Турция, Иран, Афганистан. История. М.,1973
-
Африка глазами современников и историков. Сб. Ст. М.,1998.
-
Бюттнер Т. История Африки. М.,1981.
-
Васильев Л.С. История Востока. М.,1998.
-
Голобородько И.И. Старая и новая Турция. М.,1988.
-
Давидсон А.Б. Южная Африка. М.,1972.
-
Ефимов Г.В. Великий китайский революционер-демократ Сунь-Ятсен. Л., 1961.
-
Иванов М.С. Очерк истории Ирана. М.,1965.
-
История Кореи Под ред. Ю.В. Ванина. М.,1974
-
История Востока. Под ред. Якобсона В.А. М.,1997.
-
Киреев Н.Г: Турция вчера и сегодня. М.,1977.
-
Миллер А.Ф. Краткая история Турции. М.,1968.
-
Никифоров В.Н. Восток и всемирная история Китая. М.,1978.
www.inion.ru Институт научной информации по общественным наукам (ИНИОН) РАН
www.e-library.ru электронная библиотека
www.publik.ru публичная Интернет-библиотека
4. ГЛОССАРИЙ.
Азия және Африка елдерінің тарихы пәні бойынша глоссарий.
Авторитаризм (латынша – «билік, ықпал») – саяси билік бір кісінің немесе бір топ адамның қолында шоғырланатын саяси режим. Авторитаризм үшін азаматтардың саяси бостандықтарының түгелдей немесе ішінара жоқтығы, партиялар мен ұйымдардың әрекеттерін шектеу, оппазицияны басып-шаншу, өкілетті мекемелерді тарату немесе биліе орындарына бағындыру, биліктің бөлінбеуі, саяси қуғын-сүргінге салу, зорлық-зомбылық қолдану тән.
АзБР – Азиялық Даму Банкі.
Апартеид («бөлек өмір сүру») – елдің халқының бүтіндей бір тобын нәсілдік шығу тегіне байланысты тәуелділік жағдайда ұстап, оларды сасяи, азаматтық және әлеуметтік-экономикалық құқықтарынан ажыратып немесе барынша шектеп, арнайы территориялық резервацияда ұстайтын нәсілшілдік қорлаудың ең шектен шыққан түрі.
Аннексия бір мемлекеттің бір бөлігін немесе басқа мемлекеттің барлық территориясын күштеп басып алу.
АНЗЮС – 1951 ж. құрылған, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ кірді (мемлекеттердің алғашқы әріптері).
АПЕК – 1989 ж. құрылған, Азия-Тынықмұхиттық экономикалық кеңес.
АСЕАН – Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы. 1967 ж. құрылған аймақтық саяси-экономикалық ұйым. Оның құрамына алғашында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин және Бруней кірген. Оның мақсаты – мүше-елдердегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілікті және Оңтүстік-Шығыс Азияда тұрақтылықты қалыптастыру.
Афроцентризм – ХІХ ғ. ортасында АҚШ-та пайда болған идеологиялық ағым. Афроцентризм негізіне қара африкалықтардың (қазір АҚШ-та және Латын Америкасында тұратын олардың ұрпақтарының) ақ және сары нәсілдегі адамадардан мәдени және басқалай да жоғары тұру идеясы алынады.
Буржуазиялық-демократиялық республика – барлық азаматтарға демократиялық құқық пен бостандық заң арқылы кепілдік берілген мемлекеттік құрылым формасы.
Бурлар – ХҮІІ ғ. өзінде Оңтүстік Африкаға орныққан голландиялық (сонлай-ақ неміс және француз) отаршылдарының ұрпақтары. ХІХ ғ. бурлар дербес мемлекет құрады, алайда ол 1899-1902 ж.ж. ағылшын-бур соғысының нәтижесінде тәуелсіздігінен айырылады. Қазіргі бурларды африканерлер деп атау орын алған.
Геноцид – адамдарды белгілі бір тұтастыққа жатқандығы немесе шығу тегіне байланысты қырып-жою немесе қудалау, адамдарды белгілі бір әлеуметтік, мәдени немесе биологиялық топқа жататындығы үшін кінәлі деп санау.
Деколонизация – түрлі елдер мен территориялардың отаршылдық тәуелділіктен азат етілу процесі, нәтижесінде олар тәуелсіз мемлекет болады.
Доминион - өзінің басшысы ретінде ағылшын монархын таныған Британ империясы (1947 ж. бастап - Достастық) құрамындағы өзін-өзі басқару мемлекеті. Ағыошын монархы доминионға генерал-губернаторды тағайындайды. Сонымен бірге жергілікті басқару органдары да болады.
Жас түріктер – ХІХ ғ. соңында пайда болған Түркиядағы буржуазиялық-демократиялық қозғалысқа қатысушылар. 1908 ж. революциялық көтеріліс нәтижесінде жас түріктер конституцияны енгізуге қол жеткізеді, ал 1909 ж. олардың үкіметі билікке келеді (сонымен қатар монархия І д.ж. соғыстың аяғына дейін сақталады).
Интеграция - өзара бейімделу, экономикалық және өндірістік ынтымақтастықты кеңейту, екі немесе бірнеше мемлекеттің ұлттық шаруашылықтарын біріктіру процесі, шаруашылық өмірді бірігістірудің, біртұтас шаруашылық кешенін құруға алып барудың жоғарғы түрі.
Интервенция – бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне күштеп араласуы. Тікелей әскери интервенциядан басқа дипломатиялық, экономикалық, қаржылай интервенция бар. БҰҰ-ның Жарғысы жәнехалықаралық құқық интервенцияның барлық түріне тиым салады.
Ислам республикасы – заңдар және басқарудың басқа да салалар діни ислам нормаларына негізделген республикалық құрылымдағы мемлекет.
Колиция – бір немесе бірнеше мемлекетке қарсы бірігіп әрекет ету үшін құрылған бір немесе одан да көп мемлекеттің уақытша әскери-саяси одағы. Саяси өмірде коалиция түрлі партиялар немесе топтар арасында жасалады (әдетте сайлау алдында немесе үкіметті бірігіп құру үшін).
Концессия (латынша – «рұқсат ету») – мемлекет қарамағындағы табиғи байлықтарды, кәсіпорындар және басқа да шаруашылық орындарын белгілі мерзімге пайдалануға беру туралы келісім.
Конституция – мемлекеттің әкімшілік және қоғамдық құрылымын, билік органдарын қүру принциптері мен тәртібін, сайлау жүйесін, негізгі құқықтары мен азаматтардың міндеттерін айқындайтын негізгі Заң. Конституция – мемлекеттің барлық заңдық құрылымының негізі.
Мандаттық территория – бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар Лигасы кейбір жеңуші-мемлекеттерге ерекше құқықтық негізде (мандат) басқарумен берілген Германия және Түркияның бірқатар бұрынғы иеліктерінің атауы.
«Мәдени революция» - коммунистік Қытайда шамамен 1966-1976 ж.ж. жүргізілген кез-келген оппозицияны күштеп басу саясаты. Бұл «революция» Қытайға күштеп басу, жалпылай қорқыныш және хаостан басқа ештеңе әкелген жоқ.
Меморандум – қандай да бір мәселені жариялайтын дипломатиялық құжат. Көбінесе меморандум негізгі құжатқа (нота, ультиматум т.б.) қосымша бекітіледі, бірақ жеке бөлек те берілуі мүмкін.
Нәсілдік бөлінушілік (расовая дискриминация) – бір ел территориясындағы халықтың белгілі бір нәсілдік белгісіне қарай құқықтарының шектелуі.
Өкілеттіліктің мажоритарлық жүйесі – көптеген елдерде қабылданған орталық және жергілікті өкілеттілік органдарды, президентті және басқа да лауазым иелерін сайлауда дауыс берудің қорытындыларын шығарудың жүйесі. Мұндай дауыс беруді есептеу жүйесін қолданғанда жалпы көпшілік дауыс алған (50%+1) кандидат сайланды деп есептеледі.
Парламентаризм – заң шығарушы және орындаушы органдардың қызметтері анық бөлінген, парламент ролі басым болып келетін мемлекеттік билік жүйесі. Парламент – бұл жүйеге саяси күрестің субъекті әрі объекті ретінде араласады және елдегі демократия туралы дәстүрлі ұғымдарымен байланысты.
Пацифизм (латынша «бейбітшілік орнатушы»)- ХІХ ғ. соңында жеке елдерде пайда болып, кейін халықаралық сипат алған соғысқа қарсы қоғамдық қозғалыс.
«Пинг-пингтік дипломатия» - қарама-қайшылықтан жақындасуға жол іздеген 60-70 ж.ж.американ-қытай қатынастарының шартты атауы.
Плацдарм – шабуыл жасау үшін қолайлы қарсыласушы мемлекеттің әскелерін дайындау үшін соғыс барысында иеленген территория бөлігі.
Президенттік республика – президент атқарушы билікке қоса заң шығарушы биліктің бір бөлігіне де кең құқықтар иеленген басқару түрі.
Протекторат – мемлекет-протектор (яғни қорғаушы) тәуелді мемлекеттің (протектораттың) саяси және экономикалық дамуының негізгі мәселелерін шешуді өз мойнына алған отаршылдық тәуелділік формасы.
Популизм (латынша – «халық») – қатты әлеуметтік қарама-қайшылықтар кезінде, қоғамның дамуының дағдарысы тұстарында қоғамның тауқымет шеккен кейбір топтарының әлеуметтік-саяси үмітін білдіретін идеялық және саяси қозғалыстар. Популистік қозғалыстарға қарапайым адамдардың мүдделерін қорғаушы жігерлі жетекшілердің айналасына бірігу, олардың сөзіне ұйып құлақ асу және әрекеттерге жігерлену тән болып келеді.
Радикализм (латынша – «түбегейлі») – мәселелерді шешуде, қоғамда өзгерістер жүргізуде батыл әдістер қолдану, іс-әрекеттердің батыл қолданылуы.
Репарация – шабуылға ұшыраған мемлекетке агрессор-мемлекеттің материалдық шығынын толтыруы. Бұл шығын бейбіт келісімнің талаптары бойынша ақшалай немесе басқа формада өтеледі.
Референдум – мемлекеттік билікке маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жалпыхалықтық дауыс беру (мысалы, конституцияны қабылдауға).
СЕАТО – 1954 ж. құрылған, Оңтүстік-Шығыс Азия туралы шарт ұйымы. Оған АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пакистан, Таиланд және Филиппин кірді.
СЕНТО - 1955 ж. құрылған, Орталық шарт ұйымы. Англия, Түркия, Ирак, Пакистан және Иран енді. Алғашында «Бағдат пактісі» деп аталды. 1959 ж. Ирак шығып кеткен соң СЕНТО деп аталады.
Социал-демократия – ХІХ ғ. ІІ ж. қалыптасқан қоғамдық-саяси қозғалыс. ХІХ ғ. соңында социал-демократия ықпалды саяси күшке айналады.
Суверенитет – мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатындағы тәуелсіздігі.
Тоталитарлық (латынша – «бүкіл, толық, барлық») – адамның сасяи билікке түгелдей бағынуымен, мемлекеттің қоғамға толық бақылау орнатуымен сипатталатын қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысының үлгісі. Тоталитаризм азаматтық қоғамның титтей де болса көрінісін құртып, барлық көлденең байланыстарды тікелей байланыстарға ауыстырып, қатал орталықтандыру орнатады.
ОПЕК – мұнай экспорттаушы елдер ұйымы.
ОИК – «Ислам конференциясы» ұйымы.
Ұлтшылдық – негізіне ұлттық ерекшелік және ұлттық артықшылық идеялары алынған идеология мен саясат, ұлтты бірліктің ең жоғарғы түрі деп түсіндірушілік.
Ұлттар Лигасы – 1919 ж. Версаль бейбіт келіміміне қол қойылғаннан кейін құрылған халықаралық ұйым. Екінші д.ж. соғыстың басталуымен өзінің өмір сүруін тоқтатады. Ұлттар Лигасын тарату туралы 1946 ж. ресми түрде жарияланады.
Ұлттық-демократиялық революция – революцияға қатысушылар ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізуге және елде демократиялық басқару жүйесін орнатуға ұмтылады.
«Үлкен секіріс» - коммунистік Қытай басшылығымен 1958 жылдан бастап 60 жылдардың ортасына дейін жүргізілген саясат. Бұл саясат арқылы Қытай ауыр өнеркәсіптің қарқынды дамуы арқылы алдыңғы қатарлы индустриальды мемлекеттерді қуып жетеді деп есептелді. Алайда «үлкен секіріс» саясаты сәтсіздікке ұщырап, терең экономикалық дағдарысқа алып келеді.
«Үшінші әлем» - «қырғи қабақ соғыс» кезінде басында алып державалар болған қарсы топқа бірікпеген Азия, африка және Латын Америкасындағы елдердің шартты атауы. Көпшілік «үшінші әлем» елдерінде модернизация жаңадан басталғандықтан, оларды дамушы елдер деп те атайды.
Ықпал ету аймағы (сфера влияния) – қандай да бір қуатты державаның ықпалындағы тәуелділік формасындағы (саяси, экономикалық, қаржылай т.б.) түрлі елдер мен территориялар.
Федерация – дербес конституциясы және басқару органдарынан құралған әкімшілік бірліктерден (штат, одақтас республика т.б.) тұратын мемлекеттік құрылым формасы.
«Экономикалық ғажайып» - Батыс Европаның (ең алдымен ГФР) бірқатар елдерінің және Жапонияның қарқынды экономикалық даму кезеңін айтады. Алайда оның шеңбері әр елде толығымен сәйкес келмейді, оның неғұрлым қарқынды дамыған уақыты 50 ж. ортасынан 60 ж. ортасына дейін (Жапонияда 70 ж. басына дейін) жалғасады.
Элита – қоғамның белгілі бір бөлігінің тобының көрнекті өкілдері. Элита – қандай да болсын салада билік басындағы отырған әлеуметтік топ.
Этатизм (французша – «мемлекет») – қоғамның экономикалық-әлеуметік және мәдени, ғылыми т.б. салаларында мемлекеттің ролінің күшеюін сипаттау үшін қолданылатын ұғым.
5. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ КОНСПЕКТІСІ.
1 апта.
Дәріс №1
Тақырып: І д.ж. соғыс жылдарындағы Азия және Африка елдері.
Дәрістің мақсаты: І д.ж. соғыстан кейінгі Азия және Африка елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Тірек сөздер: І д.ж. соғыс, отарлық әлем, Шығыс елдері.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
-
І д.ж. соғыс және отарлық әлем.
-
І д.ж. соғыс жылдарындағы Шығыс елдерінің экономикалық және саяси жағдайы.
-
І д.ж. соғыстың қорытындылары.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Азия және Африка елдерінің дамуына үлкен ықпал етті. Бұл соғыс оларды халықаралық саясатқа аралыстырып, барлық қарама-қайшылықтарды одан әрі шиеленістіріп, ұлт-азаттық күрестердің жаңадан өрлеуі үшін алғышарттар жасайды. І д.ж. соғыс қару-жарақты, азық-түлікті, киім-кешекті, түрлі шикізат көздерін үлкен мөлшерде қажет етті. Осыған байланысты материалдық құндылықтарды тасымалдау және езілуші елдерді экономикалық қанау өсті. Отаршыл державалар өздерінің қаржы қиыншылықтарын отарлар есебінен шешіп отырды. Соғыс жылдарында барлық отарлық әлем елдерінде қымбатшылық басталады. Онсыз да азғантай мөлшердегі жұмысшылардың еңбекақысы күрт төмендеді. Соғыстың төрт жылында Франция өз отарларынан 1,4 млн.-ға жуық, Англия - 4,5, млн-нан астам адамды мобилизациялады. Европада басталған соғыс өзінің аумағына барлық отаршыл Шығысты тартты. Соғыс қимылдары тек Таяу Шығыс елдерін ғана қамтығанымен, соғыс барлық отаршыл әлемнің дамуын анықтап берді. Отар және тәуелді елдерге метрополиядан әкелінетін өнеркәсіп тауарларының енуі қысқарды. Бұл олардың ұлттық өнеркәсібінің дамуына мүмкідік берді. Әсірісе Үндістанда, Қытайда, Египетте, Кореяда өнеркәсіп тауарларының енуі қысқарады.
Соғыс отарлар мен тәуелді елдердің ауыл шаруашылығына үлкен шығын алып келді. Кейбір елдерде ауыл шаруашылық өнімдері арзан бағамен сатылды. Соғыстың аяғында егістік жерлердің көлемі күрт азайып, мал басы саны қысқарды. Соғыс ұлт-азаттық күрестің жаңадан өрлеуі үшін алғышарт қалыптастырды.
Сонымен, Шығыс елдері үшін І дүниежүзілік соғыстың басты және шешуші маңызы - ұлттық капитализм дамуға мүмкіндік алды; жергілікті ірі жеке шаруашылық кеңейді және нығайды; шаруалардың жіктелуі, пролетариат пен буржуазияның қалыптасуы жылдамдады. Соғыс жылдарында отаршылдармен тығыз байланысты феодалдар мен жартылай феодалдардың, компрадорлық буржуазияның үлкен бөлігі соғыс кезіндегі қиындықтарға шыдамай кедейленді. Ірі ұлттық буржуазия өз позициясын нығайтты.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
Бірінші д.ж. соғыстың отар елдердің экономикалық дамуына тигізген ықпалы қандай?
-
І д.ж. сғыс кезінде Шығыс елдері метрополия үшін қандай қызмет атқарды?
-
І д.ж. соғыстың Азия және Африка елдері үшін маңызы?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Губер А.А. Новая история стран Азии и Африки.
-
Истрия стран Азии и Африки в новое время. Ч.ІІ.
-
Розалиев Н.М. Новая и новейшая история стран Азии и Африки. М.,1998
-
Васильев Л.С. История Востока. Т.ІІ.
-
Новейшая история Китая. 1917-1977 г.г. М.,1979.
-
Новейшая история стран зарубежной Азии и Африки. Л.,1963.
2 апта.
Дәріс №2
Тақырып: І д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар және Қытайдағы революциялық күрес.
Дәрістің мақсаты: Екі д.ж. соғыс аралығындағы Қытайдың саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Тірек сөздер: 1925-1927 ж.ж., азамат соғысы, Гоминьдан, «ықпал ету аймағы», Париж конференциясы, Чан Кайши.
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
-
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың саяси-экономикалық жағдайы.
-
1925-1927 ж.ж. революция және азамат соғысы.
-
Буржуазиялық-помещиктік Гоминьдандық диктатураның орнатылуы.
Дүниежүзілік тарихтың қазіргі заман кезеңі басталған уақытта Қытай экономикалық жағынан артта қалған жартылай феодалдық және отар ел ретінде қала берді. Империалистік державалар Қытайды жартылай отар елге айналдырып, оны «ықпал ету» аймағына бөліп алды. Ел экономикасында шетел монополиясы үстемдік құрды. Фабрика-завод өнеркәсібі өнімі Қытай экономикасының азғантай ғана бөлігін құрады. Қазіргі жобадағы өнеркәсіп орындары негізінен Шанхайда, Тяньцзинде, Циндаода, Гуанчжоуда (Кантонда), Ханкоуда және басқа бірнеше қалаларда орналасты.
Европалық империалистік державалар І д.ж. соғысқа тартылған мезгілде Қытай ұлттық өнеркәсібі салыстырмалы түрде жылдам дамуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде Қытай өнеркәсіп пролетариатының саны өсіп, 1918 жылы ол шамамен 2 млн. адамды құрады. І д.ж. соғыс жылдары Қытайда шетелдік империализм мен феодалдық құрылыс үстемдік еткен жағдайда ұлттық өнеркәсіптің дамуы елдегі қарама-қайшылықтарды шиеленістерді. Қытайда революциялық жағдай қалыптасады. 1919 жылы патриоттық қозғалыстар басталып, оған Париж бейбіт конференциясының Шаньдун провинциясына қатысты шешімі себеп болады. Бұл Қытай провинциясы ХІХ ғ. аяғында Германияның «ықпал ету аймағына» айналған болатын. І д.ж. соғыс жылдарында Шаньдунға жапон империалистері орнығады. Қытай халқы соғыс аяқталған соң Шаньдунда Қытай суверинететі орнайды деп үміттенеді. Алайда АҚШ, Англия, Франция империалистері Қиыр Шығыста Кеңестік Ресейге қарсы күш ретінде пайдалану үшін Шаньдун провинциясын Жапонияға береді. Париж конференциясының Шаньдун туралы шешімі Қытай халқының наразылығын туғызады. Алғаш болып 1919 жылы 4 мамырда Пекин студенттері демонстрацияға шығады. Маусым айының басында патриоттық интеллигенция мен студенттердің қозғалысы халықтың басқа да топтарын, оның ішінде жұмысшылар тобын қамтып, одан әрі кеңейе түседі.
1925 жылдың жазында революциялық жағдай Қытайдың басты орталықтарын қамтиды. 1925 жылы 30 мамырда ағылшын полициялары демонстрацияға қатысушыларға оқ атып, империалистермен арадағы қатынас шиеленісе түседі. 30 мамырдағы атыс толқу туғызып, 1925-1927 ж.ж. революция басталады.
1927 жылғы төңкерістен кейін гоминьдан буржуазияның, помещиктердің, «жаңа милитаристердің» көзқарасын жақтаған, жұмысшылар мен шаруалардың революциялық қозғалыстарына қарсы күрескен басты партияға айналады. Елді біріктіру деген ұранды желеу еткен Чан Кайши 1927 жылы жазда Солтүстік қытайды бақылап отырған ескі милитаристерге қарсы жорығын жандандырады. 1928 жылы маусымда гоминьдан әскері Пекинді алады. 30 ж. І жартысында барлық Қытайдағы саяси жағдайға ықпал еткен маңызды фактор – Орталық және Оңтүстік Қытайдағы гоминьдан мен компартия арасындағы азаматтық соғыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |