Сабақтың басы
5 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Өткен сабақты тексеру
Сұрақтарға жауап беру
1) үшбұрыш деген не?
2) қандай кесінділерді тең деп атаймыз?
3) қандай бұрыштар тең деп аталады?
Жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастыру үшін тапсырмалар беріледі
1-тапсырма.
1. Келесі тұжырымдаманың ішінен дұрыс берілген тұжырымдаманы анықтаңдар:
1) “Биссектрисcа-бұрышты қақ бөлетін сәуле”
2) “Егер сәуле биссектриcса болса, онда ол бұрышты қақ бөледі”
3) “Бұрыштың төбесінен шығатын сәуле бұрыштың биссектриcсасы деп аталады”
4) “Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәулені оның биссектрисcасы деп атайды”
|
«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1-тапсырма Дұрыс тұжырымдарды көрсетедіү
1. Келесі тұжырымдаманың ішінен дұрыс берілген тұжырымдаманы анықтаңдар:
1) “Биссектрисcа-бұрышты қақ бөлетін сәуле” ДҰРЫС
2) “Егер сәуле биссектриcса болса, онда ол бұрышты қақ бөледі” ДҰРЫС
3) “Бұрыштың төбесінен шығатын сәуле бұрыштың биссектриcсасы деп аталады” Д/Е
4) “Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәулені оның биссектрисcасы деп атайды” ДҰРЫС
|
Дескриптор:
- кесіндіні сызуда циркульды қолданады;
- қағаздан шаршы қияды;
- шаршыны кесінді бойынмен бөледі;
- кесінділерді сызады;
- CD кесіндісінің ұзындығын анықтайды.
Барлығы балл – 4
|
Таратпа материал
ДК экран Сұрақтар
|