Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова Әдебиеттік оқУ Әдістемесі



бет79/79
Дата03.06.2024
өлшемі338.41 Kb.
#502250
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі (1)

Ақылбек Шаяхметов
(өлеңдері)



Сабын
Жағасына көйлектің
Қонса тозаң, қонса құм,
Анам талай үйретті,
Кетіреді кірсабын.

Беті-қолын байқамай


Былғап алған болса кім,
Соның бәрін, қалқам-ай,
Кетіреді қолсабын.

Қоя тұрып басқаны,


Басын жумақ болса кім,
Қайызғақты шаштағы
Кетіреді сусабын.


КЕМЕ
Шығып қала шетіне,
Суға салсам кемені,
Ағын судың бетінде
Қалт-құлт етіп келеді.

Оның сырын кім білген?


Пәле болды желкені.
Аласұрған жынды жел
Тастады оны төңкеріп.
ШАҢСОРҒЫШ
Ешуақыт болдырмай,
Қылған ісі бағалы.
Ешбір қиқым қалдырмай,
Тозаңды да сорады.



ЖҰМЫРТҚА
Кімге қайсы тиімді,
Ұзақ қайнар омыртқа.
Жеген кезде жұғымды
Жеңіл тамақ – жұмыртқа.

Қуырсаң да баптап тым,


Пісірсең де ыңғайлы.
Құймақ құйсаң – тәп-тәтті,
Ел біледі бұл жайды.
ТІЗГІНШІ
Тізгінші боп ойнадым,
Талай жанды тасыдым.
Болғаннан соң ойдағым,
Сыр қалмады жасырын.

Жолым болды қайда да,


Айтсам сөздің ашығын,
Пайдақор деп ойлама,
Бәрін тегін тасыдым.


ҮТІК
Өзіме қадірлі
Жуған соң жейдені,
Қолға алдым кәдімгі
Үтікті үйдегі.

Ерсілі-қарсылы


Жүрумен сабылды,
Жейдем де жаншылды,
Қыртысы жазылды.

ЛИФТ
Мынау үйдің көкке, тегі,
Тұр төбесі тиіп те.
Лифт дереу көтереді
Елдің бәрін биікке.

Жас болған соң баспалдақпен


Көтерілер шамам бар.
Шықсам биік аспандап мен,
Қандай шебер адамдар?!

Салып алып бар кісіні,


Көтеретін жоғары,
Лифт деген – қарт, кішіні
Шаршатпаудың амалы.
АКВАПАРК
Келсең дағы қай күні,
Тәнді шайып сусебер,
Күтеді су айдыны,
Жүзгіш болғың келсе егер.

Талай қызық табылар,


Су кіргізбей ауызға,
Шомылады балалар
Шағын ғана хауызда.

Қарап тұрсаң таңырқап,


Келер сый көп тосыннан.
Атқылайды субұрқақ,
Парашюттей ашылған.

ЦИРК
Арена бар циркте
Ханшатырдай дөңгелек.
Акробат биікке
Бара жатыр өрмелеп.

Жонглерлер от ұстап,


Ойнағанда қақпақыл,
Айқайлайды дауыстап,
Тотықұста жоқ па ақыл?!

Дөңгеленсе ұршықтай


Көйлек киген маймылдар,
Болып қапты мысықтай
Жолбарыстар – тарғылдар.
Көз тартады алыстан
Шабандоздар шапқан ат.
Гимнаст қыздар майысқан
Құс секілді, жоқ қанат.

Сайқымазақ күлдірді,


Үлкен-кіші болар мәз.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Циркте бар өнерпаз.
КІМ ОЗАДЫ?
Егер барып көрсеңіз,
Үй қояны – ең семіз.
Орқоянға алайда
Шыр бітпейді, сенсеңіз.

Жүгірсе олар алысқа,


Көріп тұрса ел мұны,
Кім озады жарыста?
Айтпаса да белгілі.



СЕРГIТУ СӘТТЕРI

Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз, сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады.



1. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.


Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
/Б.Бөрiбаев/

2. Жолдарыңа үңіліп,


Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ-бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып,
Бақылдайды ән салып.
Судан шіркей табады,
Өсіп үлкен болады.
Бақ-бақ, нақ-нақ,
Біздер айттық тақпақ.
/Б.Бөрiбаев/

3. Бір, екі – еңкей,


Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба.
/Б.Бөрiбаев/



4. Біз балдырған баламыз,


Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
/Б.Бөрiбаев/

5. Тез қозғалып осылай


Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.
/Б.Бөрiбаев/

6. Бала, бала, балақай,


Қол соғайық, алақай!
Бiр,екi,үш деп айтайық,
Саусақтарда тартайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып, ойнайық.
/ Б.Бөрiбаев/
7. Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдi сығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр,екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
Б.Бөрiбаев/




8. Айнадағы бейнедей,
Қимылдарды қайтала.
Бiр сөз айтсаң сен оған
О-дан жауап қайта ма?
/Б.Бөрiбаев/

9. Оңға бір,


Солға бір,
Бұрылып жолдары,
Жолаушы жүредi.
Соңынан жүгiрiп,
Бұтаға үңiлiп,
Сүрiнiп, тығылып
Күшiгi үредi.
/Б.Бөрiбаев/

10. Ендi бiз демаламыз,


Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз.
/ Б.Бөрiбаев

11. Тереңдет ойыңды,


Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
/Б.Бөрiбаев/



12. Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Жүгiргiмiз келедi
Әдемiлеп ән салып,
Топ-топ басайық,
Жаттығулар жасайық.
Қайырымды жан болып,
Жамандықтан қашайық.
Ұшқандай боп кекiлiк,
Биiк-биiк секiрiп,
Ойнап-ойнап, тез өсiп,
Кетемiз бiз жетiлiп.
Тұрып қалмай жантайып,
Бiр еңкейiп, шалқайып,
Жылдам-жылдам қозғалып,
Асқақ әндер айтайық.
/Б.Бөрiбаев/

13. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,


Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бiр дем алып қалайық.

14. Бiр, екi, үш


Бойға жинап күш.
Жаттығуды жасаймыз
Шынығуды бастаймыз.
15. Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.






16. Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым – папам,
Балаң үйрек – апам.
Ортан терек – ағам
Шылдыр шүмек – мен
Титтей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
17. Айнаға қараймын
Шашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқаша тазамын,
Бәрiнен озамын.
18. Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.

19. Біз бесеуміз, бесеуміз.


Бес тармақты жұлдызбыз.
Біз бесеуміз, бесеуміз
Ақ қалпақты құндызбыз.
Аяғымыз қайда екен,
Тез қозғалсақ пайда екен.
Бiзден биiк секiрер
Мықты жандар бар ма екен?



20. Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
21. Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
22. Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.

23. Жаза, жаза, саусағым,


Әлсіредім шаршадым.
Бір, екі, үш,
Қолға жинап күш!
Қане, қалам алайық,
Әдемілеп жазайық.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет