Наймандар, керейлер, жалайырлар
Найман, керей және жалайыр тайпалық одақтары жөніндегі деректер.
"Монғолдардың құпия шежіресі". Қытай дерегі - "Юань-ши". Найман, керей,
жалайырлардың бастапқы орналасқан жері, олардың тегі мен ана тілі жөніндегі
тарихнамалық мәселе.
Рашид ад-Диннің "Жылнамалар жинағы" - XIV ғасырға дейінгі түркі-монғол
халықтарының жазба түрінде және жадта сақталған тарих айту дәстүрлерінің көрінісі. Бұл
еңбектің монғол және түркі халықтарының сол кезеңдегі ара-қатынас ерекшеліктерін
зерттеп танудағы маңызы.
Найман, керей, жалайырлардың тұрмысы, шаруашылығы, ертефеодалдық
мемлекеттік құрылымы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Саяси тарихы. Шыңғыс
хан бастаған монғол мемлекетінің құрылуы және бұл жағдайдың найман, керей және
жалайырлардың тағдырына ықпалы.
Шыңғыс хан шапқыншылығы. Жошы ұлысы және алтын орда
Монғол тайпалары жөніндегі жазба дерек мәліметтері, олардың түрлері. Шыңғыс
ханның Монғол мемлекетін құруы, оның саяси-әкімшілік құрылымы. Алғашқы жаулап
алу соғыстары. Түркістанды жаулап алуы. "Отырар оқиғасы" (1218). Хорезм шах
мемлекетін талқандау. Дешті Қыпшақты бағындыру. Монғолдардың жаулап алған елдерді
ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың территориясы, этникалық құрамы. Қазақ жерлері монғол
хандары құрған ұлыстар құрамында.
Жошы Ұлысы, оның ішкі әкімшілік құрылымы. Батыйдың Бұлғар, Орыс, Солтүстік
Кавказ елдерін бағындыруы. Шығыс Европаға шабуылы. Алтын Орданың құрылуы
(1243). Алтын Орданың Монғол империясынан оқшаулануы. Берке (1257-1266) және
Өзбек (1322-1342) хандар. Алтын Орданың күшеюі. XIV-ғ. 60-70 жж. "дүрбелең кезең".
Куликово шайқасы. Тоқтамыс хан (1380-1395) тұсындағы Алтын Орда. Билік үшін ішкі
қырқысулар. Тоқтамыс хан мен Әмір Темір әскерлері арасындағы шайқастар (1395).
Алтын Орданың ыдырау жолына түсуі. Қазан, Қырым, Аштархан, Әбілхайыр
хандықтарының, Ноғай Ордасының бөлініп шығуы.
Алтын Орданың территориясы, құрамындағы халықтардың этникалық және басқа
ерекшеліктері. Шаруашылығы, оның түрлері, діні, тілі, мәдениеті. Саяси құрылымы.
Хандық билік. Басқару жүйесі. Мұрагерлік жол. Әскерінің құрылымы.
Орда Ежен Ұлысы, территориясы мен ондағы тайпалар. Ұлыстын алғашқы саяси
орталығы. Саяси орталықтың Сыр бойына ауыстырылуы, оның себептері, салдары және
маңызы. Сығанақ - астана. Сасы Бұқа, Ерзен хандар саясаты. Ақ Орданың Алтын Ордамен
қатынасы. Мүбәрәк хан "бүлігі". Шымтай хан (1344-1361). Алтын Ордадағы "дүрбелең
кезең" және Ақ Орда. Орыс ханның Алтын Орда тағы үшін күресі. Ақ Орданың Алтын
Орда құрамына енуі. Барақ хан (1423/24-1428) тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі.
Ақ Орда тарихының Қазақстан тарихында алатын орны. Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |