Жетекші интеллектісі



бет1/3
Дата04.03.2024
өлшемі0.61 Mb.
#494262
  1   2   3
презентация 6 апта мфз-411

Жетекші интеллектісі


Орындаған: Жаңбырбаева Нұрсұлу
Қойшыман Ақерке
Ергашбаева Роза
Жүсіпәлі Ердаулет
Группа: МФЗ-411

Жетекші болсын басшы болсын оның басшылыққа келуін әлем халықтарының бұрынғы тарихына көз жүгірте отырып қарасақ, ордалы жұрттардың барлығында дерлік ел билігі әкеден балаға көшетін дәстүр берік ұсталған. Мұндай ұрпақ жалғастығы тек билеуші әулет біржола алмасқан жағдайда ғана бұзылған. Әдетте шах, халифа, король немесе патша дүние салған соң оның үлкен ұлы таққа көтерілген. Әміршінің артында қалған ұлдың билік басына шығуына оның ақыл, қабілет дәрежесі, жасының кәмелетке толу-толмауы еш бөгет болмаған. Тарихтағы үлкен империялардың өзінің шежіресін байыптасақ, айбарлы патшадан соң оның есалаң баласы, білікті корольден соң оның бесіктегі баласы тақ иесі деп жарияланған мысалдар көп. Біздің Қазақ хандығы деп аталған ежелгі мемлекетімізде билік алмасудың бұдан мүлде өзгеше түрі қалыптасты. Қазақ дәстүрінде әрбір жаңа хан өзінің тумысымен емес, болмысымен билікке жеткен, яғни ханның ұлы емес, халықтың ұлы ретінде танылған сұлтандардың бірі көпшіліктің қалауы бойынша хан сайланған.

Әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ең танымал еңбектерінің бірі – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат». Әл-Фарабидің ізгі қоғам туралы ойларына қарап, «қайырымды қаланың» яғни мемлекеттің лайықты гүлденіп, өмір сүруі үшін Жетекшінің қаншалықты маңызды екендігіне баса мән бергендігін аңғарамыз. Жетекшінің немесе ел басшысының мемлекет дамуындағы рөлі қашан да жоғары болып келген және қазір де солай десек қателеспейміз. Әбу Насыр әл-Фараби «Қайырымды қала» туралы еңбегінде қала бақытты болудың үлкен кілті – бірінші басшыға байланысты екендігіне баса назар аудартады. Қайырымды қаланың бірінші басшысы – ол қайырымды халықтың, тіпті жер жүзін мекендейтін барша жұрттың басшысы да бола алатындығын айтады. Ол үшін бірінші басшыға тән он екі қасиет оның бойында жинақталған болуы тиіс дейді.


Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, «қайырымды қала» басшысының бойынан табылуға тиісті қасиеттер:
1. Басшының он екі мүшесі бүтін, дені сау болуы керек;
2. Ақыл-есі бүтін, айтылған сөзді ұғатын болуы керек;
3. Есте сақтау қабілеті мықты, алғыр да аңғарымпаз болуы керек;
4. Сөзі өткір, тілге шешен болуы керек;
5. Өнер-білімге құштар, оқып үйренуден шаршамайтын, білімпаз болуы керек;
6. Тамақсаулықтан, артық ішіп-жеуден, орынсыз сауыққұмарлықтан аулақ болуы керек;
7. Әділетсүйгіш болуы, озбырлар мен әділетсіздерді жақтаудан аулақ, ел-жұртқа қайырымды, мейірімді және шыншыл болуы, маңына шыншыл адамдарды жиюы, өтірікшілерден аулақ болуы керек;
8. Рухы биік, ар-намысты биік ұстайтын болуы керек;
9. Пасықтықтан аулақ, игі істерге ынтызар болуы керек;
10. Байлыққа құмарлықтан, ашкөздіктен аулақ болуы керек;
11. Бір сөзді, бірақ қыңыр болмауы тиіс, жаман қылықтарға ымырасыз болуы керек;
12. Өзі дұрыс деп тапқан істі жүзеге асыруда шешімшіл, қорқып жасқануды білмейтін батыл да ержүрек болуы керек. 
Ұлы ойшыл саралап айтқан он екі қасиет басшының бойынан табылса, ол басшы өз қаласын әділдікпен басқара алатынына сенім артуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет