Көрнекілігі: залды мерекеге сай безендіру, ұстаздарға арналған құттықтау плакат



Дата30.06.2016
өлшемі36.1 Kb.
#167905
Ана - өмір шуағы


Мақсаты: Аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу.
Көрнекілігі: залды мерекеге сай безендіру, ұстаздарға арналған құттықтау плакат

Барысы:
Жүргізушілер ортаға шығады.

1 - жүргізуші:
Ана деген - жүректегі асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!


2 - жүргізуші:
Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді
8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!


3 - жүргізуші:
Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы - ана. Ақын да, батыр да анадан туады.
Ана - үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.
Ананың көзінен төгілген нұр жан - жағына шуағын шашады, олай болса
- Балалар, сендерге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
- Ана


1 - жүргізуші:
«Өмірде ана - бұлақ, ана - пана
Өмірді өркендетер ана ғана»- дей келе бүгін сыныбымызда өткелі отырған « Ана - өмір шуағы» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.


Хор: «Асыл ана»


2 - жүргізуші:
Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.


Ән: « Ана туралы жыр»


3 - жүргізуші:
Шырылдап жерге түскеннен - ақ біздің ең жақынымыз


1 - жүргізуші:
Ең бір досымыз.


2 - жүргізуші:
Ең бір ұстазымыз
Бірге: Ол – Ана

3 - жүргізуші:
Ананың жолы басқа
Ана деген сөздің өзі ыстық


1 - жүргізуші:
Ана десе толқымайтын жүрек
Тасымайтын қан
Сезбейтін сезім болуы


Бірге: Мүмкін емес
дей келе келесі кезекті оқушылардың әдеби монтажына береміз.

Ерасыл
Ана деген - адамзаттың данасы,


Ана деген - сәбилердің панасы
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың
Ана деген - өмірдегі қамқорың
Ана деген - сүйенерің жан құрбың

Мансұр:


Ана десе сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бір адамға берсе ана мейірім
Орнар еді бар әлемде тыныштық

Еркебұлан:


Құрметтейік, о, адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды
Ілиас:
Алтын адам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан үйге шаршап келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған.

Әділ:


Десек те уақытпенен жарыспайды
Қияға қиялымен қарыштайды
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп.
Өнерлерін ұстаз аналарға бағыштайды


1 - жүргізуші:
Мейлі бол ұлы тұлға
Мейлі жет тайсалмайтын ұлы шыңға
Ұмытпа ол ұстаздың жақсылығы
Болмайды оны мәңгі ұмытуға
Ұстаз деген - асылдың ақ сынығы
Ұлылықтың таусылмас ақ шырыны
Қалықтап жетсең егер биіктерге
Ұмытпа ол да ұстаздың жақсылығы.


Ән: «Ұстазым»


2 - жүргізуші:
Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейді өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
3 - жүргізуші:
Ақ тілеулі кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Аналар біздің басты байлығымыз. Ана - адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жан.


Келесі кезекте көрініс.

1 - жүргізуші:
Адам ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға осыдан басқа артық тарту таралғының керегі жоқ.


2 - жүргізуші:
Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың деген. Сондықтан да бәріміз де ана алдында қарыздармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.

Әдеби монтаж.
Нұрбол:
Адам зат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Ән:
Толқынай:
Ана деген - бастауы ұлылықтың,
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Мәнерлеп оқу «Менің анам»

Айымгүл:



Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, 
Құрметті абзал аналар


Марғұлан:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

2 - жүргізуші:
Міне, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар, оқушылар сіздерге арнап дайындалған « Ана - өмір шуағы» атты тәрбие сағаты осымен аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет