Жол. Орташа жылдамдық
НҰСҚА 4 7/1
А-ТОБЫ
|
0,6 м2 тақтайдың ауданын квадрат дециметрмен және квадрат сантиметрмен өрнекте.
1 сағ ішінде құбыр арқылы көлемі 18м3 мұнай ағып өтеді. Егер құбырдың көлденең қимасының ауданы 100см2 болса, мұнай құбыр арқылы қандай жылдамдықпен ағып өтер еді
Жасанды Жер серігінің жылдамдығы 8 км/с, осы жылдамдықты км/сағпен өрнекте.
Бір тәулікте қанша секунд бар?
|
Б-ТОБЫ
|
Жас бамбук ағашы тәулігіне 86,4 см өсетін болса, секундына қанша өсер еді?
Моторлы қайық бірдей ара қашықтықты өзенмен және көлмен жүзіп барып, қайтты. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ, ал моторлы қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы, екі жағдайда да 10 км/сағ болса, өзенмен барып қайтқандағы уақыты, көлмен барып қайтқандағы уақыттан қанша есе артық?
|
С-ТОБЫ
|
Бекеттің жанынан сал өтеді. Осы мезетте бекеттен S1=15 км қашықтықта тұрған ауылға қарай моторлы қайық шықты. Ол ауылға t=3/4 сағатта жетті де, кері бүрылып, ауылдан S2=9 км қашықтықта салмен кездесетін болса, өзен ағысының жылдамдығы және қайықтың сумен салыстырғандағы жылдамдығы қандай?
|
Достарыңызбен бөлісу: |