Ғылымдағы ғұмыр тарауында, профессорлардың Шора Сарыбаев туралы төмендегідей ойлары баяндалған:
«Ғалымның ерекше еңбектеніп, қажырлы еңбегін жұмсаған саласы - қазақ тіл білімінің тарихы. Тіл білімі саласындағы бай мұраны жинақтап, ғылыми жүйеге келтіре отырып, «Қазақ тіл білімнің библиографиялық көрсеткішін» әзірлегенін, әрі осы көрсеткішті шығарған кезде А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанұлы, т.б. арыстардың жүз қырықтан астам еңбегі енгізілгені үшін бұл кітаптың пышақтың астында туралып кеткені және сол кездің солақай саясатына сәйкес, саяси қате жіберді делініп, қызметтен қуылғанын аға буын өкілдері жақсы біледі. Ғалымның басынан өткен қиыншылықтарына қарамастан, ғылымнан қол үзбей, жемісті қызмет еткенін келешек ұрпаққа үлгі еткеніміз артық болмас. Танымал ғалым профессор Т.Сайрамбаев Шөкеңнің «Библиографиялық көрсеткіші - қазақ тіл білімінің айнасы» деп бағалануының мәні зор.»
Кәрімбек Құрманәлиев
Академик, филолгия ғылымының докторы, профессор
«Ш. Сарыбаев өнегелі ұстаз ретінде ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында дәріс оқып, студенттерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жазған ғалым. «Қазақ диалектологиясы» оқулығы осы саладағы ең алғашқы және бірден-бір сәтті жазылған оқулықтарының бірі болып табылады. Ғалым бұдан басқа «Қазақ диалектологиясы» бойынша көмекші құралдар жазып, ұзақ жылдардан бері жоғары оқу орындарының салалық ғылыми әдебиетке қатысты сұранысын, қажетін өтеп келеді. Грамматика демекші, ғалымның жас кездегі ғылыми зерттемелерінің көпшілігі осы тақырыпқа арналып жазылған. 1950-60 жылдары оның «Қазақ тіліндегі одағайлар», «Електеуіш сөздер» атты еңбектері жарыққа шықты. Авторлар құрамында қатысқан «Қазіргі қазақ тілі» және «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулықтары жазылды.»
Шерубай Құрманбайұлы
Профессор Ш.Сарыбаевтың айрықша бір еңбектеніп, көп жылдан бері үзбей айналысып келе жатқан саласы ‒ қазақ тіл білімінің тарихы. Осы ретте қазақ тіл білімі саласындағы бай мұраны жинақтап, ғылыми жүйеге түсіре отырып, профессор Қ.Жұбановтың есіміне арнап «Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткішін» жарыққа шығарды. Осы көрсеткішті шығарған кезде А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанұлы т. б. арыстардың 140 еңбегі енгізілетіні үшін аталмыш кітабы 1960 ж. пышақтың астына түсіп, туралып кетті. Саяси қате жіберді деп авторға сөгіс беріліп, бөлім меңгерушілігінен босатылды. Бірақ ғалым алған беттен қайтпай, осы еңбегін жалғастыра берді.
Соның нəтижесінде 1965–1994 жылдары «Қазақ тіл білімі əдебиетінің
библиографиялық көрсеткіші» деген атпен бірінен соң бірі 6 томы
басылып шықты. 7-томы баспаға дайын тұр. Сонымен қатар ғалым
«Түркітану əдебиетінің библиографиялық көрсеткішін» (1989) басты-
рып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 кандидаттық
жəне докторлық диссертациялардың да библиографиялық көрсеткі -
ші (2003) жарық көрді. Аталған библиографиялық көрсеткіштердің
қазақ тіл білімі тарихына қосар үлесі мол. Қазақ тіл білімімен шұ-
ғылданушы əр ғалымның осы еңбекті жазған авторға алғыстан басқа
айтары жоқ. Ғылыми қызметкерлерге, əсіресе, аспиранттар, студент-
тер, мұғалімдер үшін бұл еңбек таптырмайтын, күнделікті қолдан
түспейтін кітапқа айналып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |