«Тіл – ғұмыр» атты облыстық
жас қаламгерлер байқауын өткізу қағидалары
Жалпы ережелер
1. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Cұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» атты облыстық байқау жариялайды.
Байқауды өткізудің мақсаты:
Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянын, батырлығын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
Мемлекеттік тілдің барлық салада кең көлемде қолданылуына жағдай туғызу;
Мемлекеттік тіл саясатын үйлестіруде жастардың белсенділігін арттыру, жас қаламгерлерді танымал ету.
3. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
3. Байқаудың ұйымдастырушысы – Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.
4. Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына (https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-til?lang=kk, Instagram)орналастырылады.
4. Байқаудың шарттары
1. Поэзия бәйгесі:
1) «Жаужүрек жолбарыс» тақырыбына бір өлең(Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай);
2. Проза бәйгесі:
1) Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған еркін тақырыпта шығарма.
3.Әр автордың бұған дейін еш жерде жарияланбаған шығармасы, яғни поэзия 4 бет, проза 15 беттен аспауы шарт. Сонымен қатар шығарма компьютерде Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14кегльмен терілуі шарт.
4. Байқауға 18-35 жас аралығындағы (қаламгерлер, ақындар, журналистер) аудандық, қалалық іріктеу кезеңінен өткен байқаудың жеңімпаздары қатыса алады.
5. Шығарманы бағалауда көркемдік деңгейінің жоғары болуына, идея ерекшелігіне, әдеби-көркем құндылығына, баяндау реттілігі мен мағыналылығына, жанрға сәйкестігіне, эстетикалық әсер теңдігіне, грамматикалық және стилистикалық қателердің болмауына, тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі (плагиатқа тексеріледі).
6. Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар қабылданады.
7. Шығармалар 2023 жылғы 5 сәуірден20 мамырға дейін қабылданады. Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні (жеке куәлігінің скан.нұсқасы), тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, электронды мекенжайы, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (қосымша берілген үлгіге сәйкес) Басқармаға ұсынылады.
5. Қорытынды ережелер
1. Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
2. Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны Басқарманың ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
3. Жеңімпаздарды марапаттау уақыты қосымша хабарланады.
4. Байқаудың І орын иегеріне «Ақ қауырсын» атты Алматы облысы әкімінің арнайы жүлдесі табысталады. Сондай-ақ жүлделі орын иелері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
Байқауға «Ақ қауырсын» жүлдесінің иегерлері қатыстырылмайды.
Біздің мекенжайымыз:Қонаев қаласы, 1-шағын ауданы, 28/А.
Байланыс телефондары: 8 (7277) 2-38-99, 2-39-02, 8 (747) 698 86 85 Азамат Туранкулов, электрондық пошта адресі:almaty_obl_tilder@mail.ru
«Тіл - ғұмыр» облыстық жас қаламгерлер байқауына қатысу үшін
ӨТІНІМ
Т.А.Ә. _______________________________________________________
Жасы ________________________________________________________
Жынысы______________________________________________________
Білімі_________________________________________________________
Атқаратын қызметі _____________________________________________
Мекенжайы___________________________________________________
Байланыс телефондары (WhatsApp нөмірі)_________________________
Поэзия немесе проза атауы:
______________________________________________________________
Жеке куәліктің сканерленген нұсқасы (толық екі жағын да түсіру)
Қолы__________________
Күні __________________
Достарыңызбен бөлісу: |