«Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттеріндегі қоғамдық-саяси және ағарту мәселелері.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстаның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық –жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылады.
Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан, Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып, мол рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті. Оны мынадай мысалдардан айқын байқауға болады. Мәселен, қазақ баспасөзінің тұнғышы «Түркістан уалаятының газеті» екендігі белгілі. Ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.
Газеттің редакторы - ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, орыс және Шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл басылымның аудармашы, әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді.
«Түркістан уалаяты газетінің» ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды. Ресми патша өкіметінің бұйрық- жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер, және әйел теңдігі мәселелері қаралды. Оған кезінде газет беттерінде жарияланған «1731 жылы Қазақстан Россияға бодан болуы» туралы мәселелермен қатар, қазақ даласындағы Кенесары хан, Сырым, Исатай-Махамбет батырлар бастаған азаттық көтерілістердің жазылуы да куә. Оның үстіне тікелей патша жарлығымен қазақтардың ең шұрайлы жерлерінің орыс переселендеріне күшпен тартып алынып беріліп жатуы жөнінде материалдардың жариялануы редакция қызметкерлерінің ұстанған бағыт-бағдарларын көрсететін еді. Қазақ тілінде шығатын газеттің 1882 жылы ешбір себепсіз жабылып қалуы да осындай істерге байланысты сияқты.
«Түркістан уалаятының газетінде» жоғарыда айтылған жайлардан басқа мәдениет, оқу, білім, әдебиет, тарих пен этнография, археология және тағы да басқа мәселелерге қатысты материалдар, мәселен ауыз әдебиеті үлгілері де жарияланып тұрды. Тұңғыш газет өз оқырмандарына Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты біртуар перзентерінің өмірі және еңбек жолдарымен алғаш рет болып танысуларына мүмкіндік жасады.
Басылым беттерінен одан басқа орыс және еуропа халықтарының өнері мен мәдениеті, ғылым, білімі жайында да жарияланған материалдарды табуға болады. Ал, түрлі проблемаларға арналған ғылыми мақалалар, егіншілік, агрономия, ветеренария, зоотехника туралы ақыл-кеңестер өз алдына бір төбе. Мұнда орыс журналистикасының әсерімен заметка, корреспондентция, мақала, фельетон, очерк сияқты баспасөз жанрларының түрлері пайда болды.
Жалпы алғанда, қазақ баспасөзінің қарлығашы «Түркістан уалаятының газеті» өзінен кейінгі қазақ халқының саясаты, шарушашылық және мәдени өміріндегі елеулі оқиға болған мерзімді баспасөзінің тууы мен қалыптасуында айтарлықтай елеулі рөл атқарды, болашаққа жол салды. Бұл туралы «Туркестанские ведомости» газетін шығарушылардың бірі, орыс ғалымы Остроумов: «Петр ведомостарының» XVIII-XIX ғасырларда орыстар үшін қандай маңызы болса, «Түркістан уалаяты газетінің» де қазақтар мен өзбектер үшін сондай маңызы болды» деп, газеттің орны жоғары бағалады. Иә, сөйтіп, қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығашы «Түркістан уалаяты газетінің» шығудағы мақсаты қазақ халқының сауатын ашу, немесе мұң-мұқтажын айту, жағдайын жақсартуға сабепкер болу емес еді десек те, басылымның сол кездегі ролін жоққа шығара алмаймыз.
Газет патшалық Ресейдің отаршылдығын қазақ халқына мойындату және орыс тілін үйрету саясатын ұстана отырып та, қазақ қоғамының шындығын көрсете алды. Қазақты ұлт ретінде таныту там-тұмдап болса да жүргізілді.
Қазақтар баспасөз жоқ кезде елдің бір шетінде болған уақиғаны екіншісі құлаќтанғанша жылжып айлар, жылдар өтсе енді газет арқылы хабарласып тез әрі тиімді болды. Қара халық сауатын ашып қана қоймай, қоғам өмірінен, оның ішкі –сыртқы жағдайларына хабардар бола бастады.
Мәселен, «Түркістан уалаяты газетінен» 1870 жылғы 4-нөмірінде Түркістан өлкесінде бірінші рет ашылған почта-телеграф қатынасы туралы хабар берілді. Мұның өзі көшпенді халықтың өміріне кіре қоймаған соны жаңалық еді [1].
Газеттің кейінгі нөмірлерінде 1866 жылғы ақша реформасы туралы «Банк хақында» деген ортақ тақырыппен қазақ жұртындағы сауда- саттық, ақша айналымы, банк жөнінде түсініктер беріліп, сауданың пайдасы айтылған. Сонымен қатар, Қытаймен шекарадағы қазақтар арасындағы, Ресей мен Қытай , татарлар мен өзбектер арасындағы сауда қарым-қатынасы көбірек жазылып, банктердің ақшалай қарыз беру ержелерімен таныстыру ұйымдастырылған.
Баспасөздің қай түрі болсын сыртқы саясаттан тыс қалмайды. Біз сөз етіп отырған басылымда бұл мәселеге немқұрайды қарамаған. Мысалы, «Қытайдан жеткен хабар» деген мақалада Қытайда тұратын мұсылмандар көтерілісі туралы жазылған. Сондай-ақ мұнда қазақтардың Қытай –Ресей мемлекеттерімен және Бұқар-Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасы туралы да көптеген материалдар жариаланып тұрған.
Оларды бірінде, «Құлжа маңындағы елдердің Ресейдің қол астына бағындырылғаны» айтылса, екіншісінде «Ресейдің Қоқан хандығын бағындырғаны» жайында жазылды. Ал, үшінші бір хабарда «Ресейдің Хиуаны бағындырғаны» туралы, осыған орай «Адай елінің Хиуаға емес, Ресейге бағынышты болатындығы» баяндалды.
«Түркістан уалаяты» газетінің беттерінде жоғарыда тоқталған елдің ішкі-сыртќы жағдайларымен қатар отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылғына байланысты да көптеген іргелі материалдар жарияланып тұрды.
XIX ғасырдың 60-жылдарының орта кезінде Қазақстанды Ресейдің толықтай жаулап алуына орай қазақ халқының малы мен жерінен еріксіз айырылуына байланысты енді егіншілік пен отырықшылыққа амалсыздан бас бұра бастағандықтары туралы материалдар жиі жарияланған. Солардың бірінде егін шаруашылығының пайдасы жөнінде айтылып, Жетісу облысына қараған таулы жерлерде егін еккен Ларионов дегеннің тәжірибесі жергілікті халыққа үлгі ретінде жазылған. Бұдан басқа газет бетінде егін шаруашылығына зиянды жәндіктерді құрту туралы кеңестер де көптеп берілген.
Сондай-ақ Орта Азия жерлерінде күріш, мақта егу жайындағы мағлұматтарда француз күрішінің тұқымын, Америка мақтасының тұқымын Түркістан аймағына егу тәжірибелері айтылған. Ал мал шаруашылығы жайында мәселе көтерілген мақалаларда малдың тұқымын асылдандыру керектігі сөз етілген.
«Түркістан уалаятының газеті» оқу-білім жөнінде, оның маңызы туралы материалдарға да орын беріп, қазақтарды ғылымға қызықтыра білді. Мысалы, 1870 жылдың 10 желтоқсан күнгі нөмірінде күн тұтылатындығын , оның себеп-салдарын жазды. Екіншіден, осы мақалада телеграф жұмысы жайлы баяндай келіп, ол арқылы қиыр шеттен жылдам хабар алуға болатыны, сол кезде Орта Азия мен Ресейдегі 25 қала аралығында осындай телеграф байланысы орнатылғанын және қай қалаға телеграмма жіберудің қанша теңге тұратыны хақында тізім берілген.
Басылым «Ғылым хабары» деген айдармен ғылым мен техника жаңалықтарын, Түркістан өлкесі таулы аймақтарында (Алматы, Ташкент төңірегінде, Түркістанда) жер сілкінгенін үзбей хабарлап тұрды. Шармен аспанға ұшу, қар мен жаңбырдың пайда болу сыры, аспан әлемі планеталары туралы түсініктер, ғылыми болжамдар жарияланды. Әлемдік даңқты саяхатшы Магеланның жердің шар тәрізді екенін дәлелдегені туралы еңбекті қазақшаға аударып басты [3].
«Түркістан уалаяты» газетініњ ғылым жетістіктерін баяндап, дәлелдеумен ғана шектелмеген. Жас жеткіншектерді оқуға, білімге шақырарлық саналы азаматтардың хаттарын жариялап тұрған және балаларды қалай оқыту мәселесін, оның тиімді жақтарын талдап, түсіндіруге талпынған. Бұдан мысал ретінде «Әр хилы хабарлар»деген айдармен берілген материалдар арасында кездескен Хасенов деген автордың мына бір шағын мақаласын алайық:
«Ең бастан балаға әптиек, құрандарды шығарып, бұдан соң бөтен бірнеше араб, парсы кітаптарын оқытқанда, өзі жазуды біліп кетеді деген ақылмен біздің мұсылман жұртының молдалары бес жыл, он жыл оқытқан баласына оқып, жазуды әзер-әзер түсіндіреді. Кейбіреулері сақалы шыққанша оқып, еш нәрсе түсінбей де кетеді. Балаға өз тілінде оқыту керек. Сонан соң оны жаздырып үйрету керек. Ең бастысы бөтен жұрттың жазуын, оқуын өз ықтиярымен, я біреудің оқытуымен білейін десе, жолға түскен адамға адаспақ жоқ дегендей. Жолын көрген соң ыждағат қылса біліп кетеді».
Мұнда мағынасы түсініксіз құран мен әптиекті, араб, парсы тілдерін оқыту жас балаға ауыр тиетінін автор дұрыс аңғарған. Сонымен бірге ол молдалардың қабілетсіздігін, бес-он жыл оқытса да шәкіртіне мардымды білім бере алмайтынын астарлап сынайды. Атап айтқанда, балалары кінәлаған болып молдалардың бет-бейнесін ашып тастайды [2].
Газет әйел теңдігі мәселесіне де көңіл бөлген. Мәселен, оның 1875 жылғы 16-нөмірінде балиғатқа толмаған қызды атастырып, қалың мал алатын қазақтың әдет-ғұрпын сынаған бір автордың мақаласы жарияланған. Онда « Бұл сөзді газетке басып шығарсаңыз, біздің қазақтар біраз ұялап, ойланатын болар еді» делінген.
Басылымда әмеңгерлік, жесір дауы тәрізді ел ішіне бүлік салған әдет-заңдардың зияндылығын әшкерелейтін материалдар да басылып тұрған. Солардың бірінде: «Байы өлген қатын басы бос болып, өз ықтиярымен қалаған адамына баруы керек.» деген батыл ұсыныс та жасалыпты.
Өткен ғасырдың қазақ қоғамындағы әйел теңдігінің аяққа басылуы діни наным-сенімге де байланысты еді. Мысалы, 1877 жылғы 2-нөмірінде Шайсмайл деген молданың 14 жасар ауру өзбек қызын үшкіріп, жазамын деп үйіне әкеліп, некесін қиып, үйленіп алғанын жазған. Соңында «Біз бұл үшкіруінің атын газетке басып шығардық. Егер үшкірімнің тағы алдайтын болса, орыс законы бойынша бұлар қатты іске кез қалар» деген ескерту жасаған.
Қазақтың халық поэзиясы көне дәуірден белгілі. Оның үлгілерін хатқа түсірсе де ерте кезден қолға алынған. Мұны Ж. Баласағұнның «Құтадғу білігінен», тарихи ескерткіштерде кездесетін ескі өлеңдерден, мақал-мәтелдерден байқаймыз. Сонымен қатар М. Қашқари жинаған мақал-мәтелдердің де бірсыпырасы қазақ халқына етене жақын, байырғы ауыз әдебиеті үлгісі болып саналады [7].
XVIII ғасырдың соңғы жылдарынан бастап қазақтың жоқтау жырларымен бірге «Қобыланды», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» , «Алпамыс» эпостары қағаз бетіне түсе бастады. Бұл мәселеге «Түркістан уалаятының газеті» де айтарлықтай үлес қосқан.
Қай елде болмасын, жазба әдебиетінің дамуында баспасөздің рөлі зор болған. Мұның жарқын мысалын «Түркістан уалаятының» газеті беттерінен де аңғарамыз. Онда алдымен түрлі әдеби жанрлар көрініс тапқан. Мысалы, басылымның 1879 жылғы 28-нөмірінде парақор қазақ билерін әжуа еткен сықақ әңгіме жарияланған. Әңгімеде екі бидің өзара келісе алмай жанжалдасқаны күлкілі суреттеледі. Олардың бірі «Сен мырза қожадан алған ділдәға мастанып отырсың десе, екіншісі «Сен жұрттан параны жеп-жеп, аузыңнан шыққан сөзді білмей отырсың» деп, ақырында екеуі төбелесе бастайды.
Келесі «Бір қудың екі байды алдап кеткендігі туралы» деген әңгімеде фельетон элементтері басым. «Түркістан уалаятының газетінде» очерктердің портреттік, жолсапар, түрлері де алғаш рет пайда болған. Сондай-ақ онда XIX ғасырдың жетпісінші жылдарындағы Орынбай, Досанбай, Майлықожа тәрізді атақты ақындардың айтыстары мен өлеңдері ауыз әдебиеті туындылары жарияланып тұр [51].
Басылымда Салық Қарауылұлы Бабажанов жинап бастырған мақал-мәтелдер жұртты ойлантып, толғантып, төзімділік пен ізгілікке, тапқырлыққа баулыды. Осымен қатар, редакция қызметкерлерінің тіл мәселесі жөнінен де өзіндік көзқарасы болған. Оны Орынбай ақын шығармаларының тілін мақтап, өзбек, татар, араб сөздерімен шұбарланған кей автор туындыларын сынаған мақалаларынан аңдаймыз [45].
«Дала уалаятының » газеті. 1888жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұрған “Акмолинские областные ведомости” газетіне қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық корген “ Дала уалаятының газеті” халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін қалың жұртқа танытудағы бірден-бір басылым болды. Орыс тілінде “Особое прибовление к Акмолинским областным ведомостям” деген атпен шыққан осы газет 1894 жылдан бастап орыс тілінде “Киргизская степная газета ”; ал қазақ тіліндегі “Дала уалаятының газеті” деген атпен жарық көре бастады. Жалпы бұл газет 1888 жылдан 1902 жылға дейін аптасына бір рет шығып тұрды. Газеттің соңғы саны 1902 жылы март айында басылып, содан кейін “Сельскохозяйственный листокке” айналды. Газетте әр жылдары редактор болғандар: И. Козлов, К. Михайлов, Г. Абаза, А. Попов, Д. Лавров, Газетті қазақша шығыру ісін басқарушылар: Ешмұхамед Аблайханов, Дінмұхамет (Дінше) Сұлтанғазин, Рақымжан Дүйсембаев.
Өзінің прграммасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, заң-закондарын, әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды. Сол кездегі басқа газеттер сияқты “Дала уалаятының газеті” де ресми және ресми емес бөлімдерден тұрды. Соңғы бөлімде көбінесе көпшілікке пайдалы, ғылымға білімге қатысты мақалалар жариялады. Бұл газет үкімет тарапынан шыққан ресми басылым болғанымен, бостандықты, тендікті көксегені, прогресшіл көзқарастары үшін Сібірге жер аударылып келген адамдардың ықпалымен халық газетіне ұқсайтын еді. Бұл ретте газетке дұрыс бағыт берген Г. Н. Потаниннің, Н. М. Ядринцевтің, Л. К. Чермактың ролі аса зор.
“Дала уалаятының газеті “ басқа жергілікті газеттерге қарағанда қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылык жағдайларын, мәдени тіршілігін толығырақ корсетіп отырған газет болды. Бұрынғы Сібір әкімшілігіне қараған Семей, Ақмола, Тобыл, Жетісу қазақтары өнер-білім жаңалықтарын алғаш рет осы газеттен оқу мүмкіндігіне ие болды. Газет қазақ жұртшылығын орыс халқының әдебиетімен таныстырды. Оның бетінде А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, М.Ю.Лермотов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, Г.И.Успенский шығармаларының, И.А. Крыловтың мысалдарының қазақ тіліндегі алғашқы аудармалары басылып тұрды. Сондай-ақ газетте қазақ елінің тұрмысын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдары өздерінің мақала-хабарларын жиі бастырды. Г. Потанин, А.Алекторов, А.Ивановский, А. Добросмыслов, В.Обручев, Н.Патуносов, Н. Ильминский т. б. қазақ елінің тарихына, этнографиясына қатысты материялдармен қатар қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап бастыруда пайдалы жұмыстар істеді [45].
Газет негізінде жергілікті отаршылдық-әкімшілік орындардың ресми органы болғанымен, халықты отаршылыққа, өнер-білімге, мәдениетке шақырып тәрбиелеуде едәуір роль атқарды, қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына зор ықпал жасады. Оның бетінде қазақ тілінде бұрын болмаған қоғамдық-публицистикалық, ресми іс қағаздарын жүргізу жөніндегі мақалалар жарияланды, ғылыми стильдің негізі қаланды, аударма тәжірибесінің алғашқы қадамы жасалынды, араб графикасына негізделген қазақ жазбасында тұңғыш рет тыныс белгілірі қолданылды. Ұлттық баспасөзіміздің қарлығаштарының бірі – «Дала уалаяты газетінің» дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. « Дала уалаятының газетінде» басылған шығармаларда қазақ халқының әр кезеңдеріндегі өмірі , тұрмыс-тіршілігі, күрделі жағдайлар мен оқиғалар толық, тұтас қамтылмағанымен, тарихымызда болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке-жеке суреттері алғаш рет осы газет бетінде жарияланып, ұлттық әдебиетпен мәдениеттің негізін қалауға көмектесті.
«Дала уалаятының газетінде» басылған көркем шығармалардың бір тобы қазақтың өз төл туындысы болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған немесе шығыс әдебиетінен ауысқан үлгілері еді. Бұлардың бәрі мазмұн, көркемдік жағынан бір-біріне ұқсамағанымен, жалпы қазақтың жазба әдебиетінің дамуына ықпал етті.
Газет бетінде басылған көркем шығармалардың көбі халқымыздың ертеректегі әдеби мұраларынан бізге жеткен азын-аулақ нұсқалары болғанымен, олар жазба әдебиетіміздің алғашқы қарлығаштары еді [19].
Газет қазақ халқының қоғамдық әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени, әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар оқу-ағарту ісінің жай күйі, өнер білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал-қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи құнды мақалалар, хабарлар жариялады. Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың, классик ақын Абай Құнанбаевтың, ағартушы әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына XIX ғасырдың екінші жартысындағы Европа әдебиеті мен мәдениеті ықпал етті.
Ш. Уәлихановтың туғанына 60 жыл толуына арналып берілген мақалада оның жан-жақты білімді, адамгершілігі мол, ғылым жолына берілген адам болғандығы былайша суреттеледі: “… Шоқан Уәлиханов ғылым, өнер иесі,халықтың ғадет заңын біліп, даңғыл, биік жолға шықса да өзінің туған жайын жатырқамай һәм ұмытпады.. Тағы да ғалым өнерінің қымбат екенін біліп, құрмет тұтып өзінің халқын бек жақсы көрер еді. Ләйкін Россия халқының қорғап, қоршап болысқанымен Азия халықтары ілгері басып һәм надандықтан құтылар ма деп ойлар еді» - дейді газеттің 1894 жылғы 18 санында жарияланған мақалада [4].
Халық игілігі үшін аянбай еңбек еткен дарындардың бірі – қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, жазушысы, жаңашыл Ыбырай Алтынсарин туралы да газет бетінде мақала хабарлар жарияланып, оның өзі жазған өлеңдері де басылып тұрды. Ы. Алтынсариннің қайтыс болғаны туралы берілген қаралы хабарда «қырдың кең даласының артықша туған баласы» Ыбырайдың ерекше дарындылығы, білімпаздығы, В. Григорьев, Н. Ильминский сияқты орыстың білімді адамдарының көмегімен және өздігінен ізденіп білім иесі болғаны, өзінің туған халқына пайдалы аса мол мұра қалдырған қайраткер екендігі жазылады. Газет бетінде Ыбырайдың «Киргизская хрестоматия» оқулығына кірген бірнеше әңгіме, өлеңі жарияланған. «Балғожа бидің баласына жазған хаты» деген өлеңі газетте «Нұржан бидің оқудағы баласына жазған хаты» деген атпен Қылышбаев Абахманның қолы қойылып берілген, «Ізбасты би», «Сәтімер хан» сияқты аңыз әңгімелер газет бетінде молынан басылған.
Газеттің 1889 жылғы 7-санында басылған Абайдың «Жазды күн шілде болғанда» деп басталатын өлеңі «Семей оязы, Шыңғыс елінің қазағы Ибрахим Құнанбай аулының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерге қонып жатқандығы түрі» деген тақырыппен берілген. Соңынан: «Кісіден үйреніп жаздым, Көпбай Жанатайұлы» деп қол қойылған. Абай бұл өлеңін 1886 жылы жазған болатын. Абайдың кейінірек басылған жинақтарында өлең Мүрсейіт қолжазбасымен 1909 жылы жарық көрген негізінде берілген.
Абайдың өз нұсқасындағы кедейдің ауыр тұрмысы бейнеленетін кейбір тұстары газетте біраз көтеріліп, кейбір жерлері қысқартылған екен. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев газеттің сол жылғы 48-санында жарияланған бір мақаласында «бұл өлеңде … тек Құнанбаевтардың өмірі мен байлығын суреттеуге арналған, өлең халықтың тұрмысын жақсарту сияқты пайдалы нәрсеге шақырмайды.» деп сын пікір жазған. Сондай-ақ осы мақаласында М. Ж. Көпеев Абайды әкесі Құнанбай өлгенде ас бермеді, қазақтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын, дәстүрін бұзды деп кінәләйді. Құнанбай асына деп арналған малдарын Абайдың сатқызып, ақшасын орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларына бергізуді Құнанбайдың басқа балаларына да көршілес елдерге де ұнамағаны С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» кітабынан белгілі.
Қазақтың ұлы ақыны Абай өзінен бұрынғы және сол дәуірдегі халықтың бай әдеби мұраларын, сонымен бірге шығыс елдерінен ауысқан қисса-хикаяттарды немесе газет –журналдарда басылған шығармаларды жақсы білген, кей сәтте өзінің творчествосында пайдаланып отырған. Мысалы, Абай «Дала уалаяты» газетінің 1895 жылғы 3-санында басылған «Тәкаппар әскер басы турасынан» деген аңыз әңгіменің сюжетін өзінің «Ескендір» поэмасына өзек етіп, одан әрі дамыта баяндады дей аламыз [4].
XIX ғасырдың басынан татар баспаханаларынан шыққан ислам дінін уағыздаушы кітаптарымен бірге шығыстың классик әдебиеті нұсқалары да ел ішіне тарай бастаған.
Бұл шығармалардың көпшілгінің сюжеті араб аңыздары негізіне құрылғанымен оларда жалпы адамгершілік , сүйіспеншілік мәселелерін қазақ топырағына лайықтап, жаңа арнамен қайта жырлау тәсілі көптен қолданылады.Шығыстың осы классикалық әдебиетіне ауысқан аңыз -әңгімелерден кейбір үзінділер мен халық арасына кең тараған нұсқалары сол кезде шығып тұрған қазақ газет-журналдарының бетінде басылды. «Мың бір түн «, «Бозжігіт», «Шаһнаме», «Фархат-Шырын» секілді көптеген жыр, әңгімелерді газет бетінен молынан көреміз. «Дала уалаяты газетінің» 1895 жылғы 41-50 сандарында «Мың бір түннің хикаясы» атты өлеңмен басылған нұсқаның орны ерекше. Бұл арабтың «Мың бір түн» ертегілерінен келтірілген үзінді болғанымен қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларымен орайлас, үйлесімді, қиялшыл, әсірелі тамаша көркем шығармаларының бірі.
О баста Дешті Қыпшақ арасында кең тараған, кең қазақ, башқұрт, татар, өзбек халықтарының төл туындысындай болып кеткен сюжеті шығыс халықтарының көбіне ортақ «Бозжігіт» дастанының бір нұсқасын ғалым А. В: Васильев «Дала уалаятының газетінің» 1900 жылғы 26-30,37 сандарында , 1901 жылғы 2. 18, 20, 24-26 сандарында қазақ, орыс тілдерінде қатар жарияланды. Сол жылы ол Орынбор қаласында баспадан жеке кітап болып шыққан. Алғаш рет 1875 жылы Радлов жинағында басылған нұсқасынан бастап, «Бозжігіт» дастаны бұдан кейін Қазан қаласында жеке кітап болып шықты. Сонымен бірге хиссашыл ақын Ақылбек Сабалұлы өңдеп қайта жырлаған нұсқасы Қазан қаласында 1911 жылы жарияланды. «Бозжігіт» жырының қай нұсқасын алсақ та олардың сюжеті ұқсас, яғни Бозжігіт пен Қарашаштың махаббаты адамға қатты әсер етеді, көбінесе аянышты болып келеді. Әсіресе Қарашаш сұлудың бейнесі өте сәтті шыққан. Шығыс дастандарының көбіне ортақ тәсіл – екі жастың бірін-бірі түсінде көріп, ғашық болуы, оқиға желісінде өз бақыты үшін күресулері, сүйгені үшін байлықтан да , мансаптан да бас тартуы айна қатесіз қайталанады. Бозжігіт қазаға ұшыраған шақта бойжеткен оның басына там тұрғызып, ежелден келе жатқан ғашықтар дәстүрін бұзбай өзіне қол жұмсап о дүниеге сүйгенімен бірге құшақтасып аттанады [11].
Діни аңыздарда көп кездесетін Дәуіт патшаның баласы біздің эрамызға дейін 960-935 жылдары көне еврей жұртының патшасы болған Сүлейменнің (тауратша Соломонның) данышпандығын дәріптейтін аңыз әңгімелерде газетте молынан басылған. Солардың бірі «Дала уалаятының газетінің» 1888 жылғы 17-санында жарияланған сюжеті батыстық болғанымен, шығыс елдеріне кең тараған Соломонның кедей қызы Суламиске деген махаббаты, Соломонмен білім таластыруы суреттеледі.
Қазақ ертегілерін зерттеу халықтың осы ауыз әдебиетін жинап, жариялаудан басталады десек қателеспейміз. Қазақ тіліндегі нұсқасымен қатар, олардың аудармасы орыс тілінде де беріліп отырды. Бұл ертектерді жинап бастырған орыс ғалымдары А. Е. Алекторов, А.А.Ивановский, М.Бельский, М.Миропиев және т.б. қатар сол кездегі қазақтың зиялы азаматтары Бөкен Адықов, Жағыпар Айманов, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Қорабай Жапанов, Бодаубек Райымбеков, Ташмұхамед Сейфуллин, Рақымжан Дүйсембаев т.б. еді. Бұлардың кейбірі халық аузынан жазып алған ертегілердің соңына жинап, бастырушы ретінде өз қолдарын қойған екен. Ал енді біреулері кімнен қай жерде жазып алғанын көрсетпестен шығарманы оған халық ауыз әдебиеті деп қарап өз атынан бастырыпты. Қалай дегенмен де біз оларды ертегілерді жинаушы, зерттеуші деп білеміз. Алуан түрлі оқиғаларға құрылған бұл ертегілерде қаһарлы хан, қу уәзір, ақылды, тапқыр, еңбекқор кедей шаруа бейнелері дараланып суреттелген. Көлемді шығармалармен қатар, шағын мысалға ұқсас ертектер де көп басылды. Аударма мысалдармен бірге қазақтың өз туындылары да газет бетінде тұңғыш рет жарияланды.
Көлемді және шағын мысал үлгісіндегі ертегілермен бірге газет бетінде эпостық жырлар, аңыз әңгімелер де көп басылған. Мәселен, «Қозы көрпеш –Баян сұлу» жырының мазмұнын Н. Рантусов «Баян сұлу мен Қозы көрпештің моласы турасынан қазақ арасындағы сөз» деп бастырған. Ал, «Нәрік батыр» жырының ертегіге айналдырылған нұсқасын А.Е. Алекторов жазып алып жариялатады. Бұлар ел аузындағы ғасырлар бойы сақталып келіп, алғаш рет баспа бетіне түскен, қазіргі оқушы қауымға қазақ халқының мәдени өмірі мен тарихынан көптеген құнды мәлімет беретін нұсқалар [19]
Тарихи аңыз- әңгімелердің ішінде қазақ елінің қалмақ-монғол басқыншылығына қарсы күресінен деректер беретін шығармалар да аз емес. «Қалмақ толағай яғни қалмақтың басы» деген аңыз әңгімеден қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік кезең суреттеледі. Халық арасында кең тараған «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңыз әңгімесінің екі варианты «Дала уалаятының» газетінде жарияланған. Атап айтқанда, газеттің 1897 жылғы 13-14, 18-сандарында Атбасар уезі, Бағаналы қазақтардың аузынан жазылып алынған «Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз» деген тақырыппен, ал 1899 жылғы 50-санында «Темірланның оры» деген тақырыппен Д. Н. Жетпісбаев жазған нұсқалары басылыпты. «Темірланның оры» («Жәнібектің оры» деп театалады), Қазақстанның Тарбағатай тауларынан Іле өзеніне дейін қазылған ор, тек аң аулау мақсатымен емес, сонымен бірге шөл даланы суландыру үшін қазылғаны жайында пікір Ш. Уалихановтың еңбектерінде айтылған.
Бұл ор туралы қазақ арасында көптеген аңыз-әңгімелер кездеседі. Олардың негізгі мазмұны былай: хан баласын құлан теуіп өлтіреді. Баласының кегін алу үшін қаһарлы хан халыққа терең ор қаздырып, құландарды соған құлатып құртады. Аңызды орыс тілінде аудармасын А. Мельков жариялаған.
Аңыз туралы жалпы дерекпен бір варианты шығысты зерттеуші ғалым В. Г. Тизенгаузеннің жинастыруымен шыққан парсы тіліндегі жинағында кездеседі. Ал, «Ақсақ құлан» күйінің нотасы А. Затаевичтің қазақ халқының өлеңдеріне арналған еңбегінде берілген. Сонымен бірге «Жошы хан туралы аңыз әңгімелері» қолжазба нұсқасы ҚазССР ҒА-ның Орт. Ғылыми кітапханасында сақтаулы тұр.
Өмірде болған нақты уақиға негізге алынған, кейін ел аузында аңызға айналып кеткен «Еңлік-Кебек» әңгіменің орны ерекше. «Еңлік-Кебек» аңыз әңгімесі қазақ даласында ескі салт-сана, әдеп-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған шағында, шын сүйіскен жастардың бағыт тілеуі «басбұзарлық» болып көрінген кезде туған дүние. Әңніменің бір түрі «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деп басталса, екінші түрі «Қазақ турасынан хикая» деп аталыпты. Мұндағы кісі аттары: батыр – Сергелі, абыз- Келдей, қыз-Қаңлық т. б. өзгертіліп алынған. Жалпы бұл аңыздардағы сюжеттер ұқсас, бәрінде де Абыз батырдың болашағын жағдайға ұшырайтынын айтып береді. Бірін-бірі сүйген екі жас ат құйрығына байланып, азаппен өлтіріледі, артында жас нәрестеге қалады [7].
1891 ж. Басылған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» аңыз әңніменің кіріспесінде қазақ халқының тарихына, этнографиясына, әдет-ғұрып, салт-санасына да қатысты мәліметтер берілген. Бұл аңыз әңгімелерде оқиға көркем, әдеби тілмен баяндалғанымен оларда тарихқа, экономикаға, философия мен заңға қатысты деректер де өте көп кездеседі. Қазақ халқының дәстүріне сәйкес ертеректе құда түсу, үйлену мәселелерін ерексектердің рұқсатынсыз жастар өз бетінше шеше алмайтын. «Еңлік-Кебек» әңгімесінде осыған ерекше сән беріліп бұйыратыны баса айтылған. Әңгімеде әйелдің теңсіздігі, тіпті әйелді сүюдің өзі ерлер үшін намыс екендігі жөнінде мәлімет берілген. Бұл нұсқалардың қазақ әдебиетін зерттеушілерге де, этнографтарға құнды материал болатындығы күмәнсіз. Қараңғы халықты уысында ұстау үшін дін иелері мен үстем таптың өкілдері ғасырлар бойы өздері жасаған заң жолынан былайғы жұртты шағармаған. Кейінірек бұл оқиғаны Абайдың ұсынуымен баласы Мағауия жырлаған. Бұл поэма тіл жағынан соншалықты шебер болмағанымен негізгі идеясы тұрғысынан ескі билікті, Еңлік пен Кебектің өліміне себеп болған Кеңгірбайдың пара алғандығын әшкерлейді [18].
Газет бетінде Жиренше шешен, Алдаркөсе, Асанқайғы, Қожанасыр туралы аңыз-әңгімелер де көп басылған. Асанқайғы халықтың қаралы, мұңды тағдырын, мүшкіл тұрмысын көріп, құлазып жатқан сар даланы көріп, елге жақсы қоныс, жайлы жер іздейді. Міне, сол Асанқайғының хан үшін емес, халық үшін еңбек етпек ниеті дәріптелген аңыз әңгімелері газет бетінде жарық көрген.
Қай халықтың болмасын, ауыз әдебиетінің күрделі түрі –мақал- мәтел, жұмбақтар. Бұл бір ғасырдың, бір дәуірдің ғана жемісі ғана , сонау ертеден келе жатқан көне жанр. Міне, әдебиеттің баспа бетінен орын алуы 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Мақал-мәтелдерді алғаш ел арасынан жинап, бастыру ісіне В. Радлов, А. Васильев, Ш. Ибрагимов, Ш.Уалиханов, Қ. Бабажанов, П. Мелиоранский, Б. Дауылбаев, М. Ешмұхаметовтер үлкен үлес қосты. Қазақтың төл туындыларымен бірге газет бетінде, басқа халықтардың тілінен аударылған макал-мәтелдер алдымен орыс тілінде тәржімаланып беріліп отырған. Белгілі «Қожахмет пен Әубәкірдің жұмбақпен айтысын» А. В. Васильев бастырған [28].
«Дала уалаятының газетінде» басылған шығармалар түрі, құрылымы, жанры жағынан алуан түрлі. Оларды 19 ғасырдың аяқ шеніндегі қазақ әдебиетінің тарихы, идеялық мотивтері, тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері және орыс әдебиетінің игілікті әсері тұрғысынан алып жан-жақты зерттеуге болады.
«Дала уалаятының газеті» мақалаларының екі тілде қатар басылып тұрғандығын сөз еткенде, оның сауатты, түсінікті болуына үлкен үлес қосқан қаламгерлерді атап өткен орынды. Атап айтқанда орыс ғалымдарының қазақтың әдебиеті, мәдениеті жөніндегі мақала, хабар, әңгіме, очерк, публицистикалық шығармаларын қазақ тілінде Е. Абылайханов, Д. Сұлтанғазин, Р. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Ж. Көпеевтің мақала, хабар, әңгімелері орыс тілне аударылып басылды.
Революциядан бұрын Абай, Ыбырай секілді дүлдүлдер көркем аударманың шебер үлгілерін қалдырса, осы ізді одан әрі жалғастырылған «Дала уалаятының» газеті тәржіманың одан әрі жетелеп, көркемдік дәрежесінің арта түсуіне түрткі болды.
Солардың ішінде орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың шығармаларының қазақ тілінде өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап аударыла бастағанына ерекше көңіл бөлген жөн. «Дала уалаятының газетінде» аударылып жарияланған Л. Н. Толстойдың мысалдарына , ұсақ әңгіме , ертегілеріне қысқаша шолу жасасақ, бұл аудармалардың түп нұсқаға өте жақын екендігін байқаймыз.
«Дала уалаятының газетінде» осы ұлы жазушының «Дұрыс әзілдескені» – «Старик сажал яблони», «Бақыт пен Мұжық» – «Мұжық пошел косить луга и заснул….» , «Құмырсқа мен көгершін» – «Муравей и голубка» , «Бұғы « – «Олень», «Бұғы мен қарақаттың сабағы» –«Олень и виноградник» секілді туындылары өте сәтті тәржімалапты. Кейінірек, 1915 жылы осылардың қатарына Л. Толстойдың «Лияс» деген әңгімесі аударылып «Айқап» журналының 11-санында жарияланды [29].
Абай ірге тасын қалап дамытқан орыс әдебиетінен үйрену жөніндегі дәстүрді де алғаш рет осы газет жүзеге асырды. Сонымен бірге Октябрь революциясынан бұрын өмір сүрген қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері орыстың классикалық реалистік әдебиетін қалай аудару керек екендігін іс жүзінде осы газет бетінде басылған шығармаларынан көрсетіп берді.
Г.Н. Потаниннің пікіріне сүйенсек, орыс классиктерінің шығармаларын тұңғыш рет қазақ тіліне жатық, түсінікті етіп тәржімалап, оқырмандарға таныстырған Өскенбаев еді деп жазыпты. Бұл жөнінде газеттің 1896 жылғы 43-санында басылған «қазақтың тәуір адамдарының қылар ісі» деген мақаладан аңғаруға болады.Орыс халқының атақты жазушысы А.И. Крыловтың мысалдарын алғаш осы газет бетінде аударып басу арқылы, қазақ әдебиетінде тың жанр туа бастады. И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне көп аударып, халық арасына ауызша таратумен қатар, ол осы дүниелерді ертеректегі баспасөз беттерінде де жариялапты. С. Көбеев 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» деген жалпы тақырыппен И.А. Крыловтың 37 мысалын аударып бастырса, Б. Өтетілов 1914 жылы «Жиған-терген» деген тақырыппен 13 мысал тәржімалап жариялапты. Бұлардан басқа «Дала уалаятының» газеті мен «Айқап» журналында да И. А. Крыловтың бірнеше мысалының басылғанын көреміз. «Дала уалаятының» газеті 1892 жылғы 51-санында И. А. Крыловтың «Ворона и лисица» мысалын «Қарға мен түлкі» деген аудармасы Ы. Алтынсариннің «Киргизская хрестоматия» оқулығынан алып жарияланыпты. Қазақ тілінде «Қарға мен түлкі» мысалының төрт –түрлі аудармасын кездестіреміз. Олар – Ы. Алтынсарин аударып, 1889 жылы «Киргизская хрестоматия» оқулығында басылған осы нұсқа мен 1898 жылы Абай аударған «Жұрт біледі күледі», «Боқтыққа талтаңдап» деген кіріспемен басталатын екі түрі және И. А. Крыловтың қазақ тілінде шыққан жинақтарында беріліп жүрген Ахмет Байтұрсынвтың қазақ тіліндегі бұл төрт аударма да Крылов мысалының сюжетіне жазылған, өлеңмен көркем, еркін тәржімаланған дүниелер [45].
«Дала уалаяты газетінің» 1894 жылғы 32-санында басылған И. А: Крыловтың «Стрекоза и муравей» («Инелік пен құмырсқа») мысалын А. Құнанбаев “Құмырсқа мен шегіртке” деп аударып бастырған. Бұл мысалдың да қазақ тіліндегі төрт түрлі аудармасын кездестіреміз. Ал екіншісі “Шырылдаған шегіртке, ыршып жүріп ән салған” деген кіріспемен басталатын Абайдікі, үшіншісі, 1910 жылы “Үлгілі тәржіме” кітабында басылған С. Көбеевтікі және төртіншісі 1912 жылы “Айқап» журналында автордың орнына «Омбылық» деп қол қойылғаны. Бұл төрт нұсқа да еркін аударылған.
Орыстың классикалық шығармаларын аудару, сөйтіп XIX ғасырдың аяғында тәржіма ісін қалыптастырып, дамыту қазақ жұртшылығына басқа ұлттардың туындыларын таныстырып қана қоймай, осы саланың бізде де жетіле түсуіне ықпал етті. Міне, осының негізінде де ел аузында ұсақ әжуамысқыл, мысқыл; шағын күлдіргі ертегілер ортақ дүниеге айналып, қазақ оқырмандарына жетті. Бұл ретте С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, С. Дөнентаев сияқты ақын-жазушылардың қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн.
Газетте сонымен бірге жергілікті орындардың орыс тіліндегі нұсқаулары, бұйрық, жарлықтары, яғни ресми материалдары қазақша аударылып басылды. Бұдан барлық әдеби нұсқалар, тек қазақ тіліне ғана аударылады деген пікір тумаса керек. Мәселен ертегі, әңгіме, сықақ –мысал секілді әдеби жанрлармен қоса жергілікті жерлерден түскен қазақ тілінде корреспонденциялар орысша да аударылып үзбей басылып тұрды. Жасыратыны жоқ, сол кездегі аудармашылар жіберген кемшіліктер тың саланың құпияларын игеруге біршама қиыншылықтар туғызғанымен, бірге газеттегі аударма материалдардың көпшілігі жатық тілмен, қазақ ұғымына түсінікті аударылғанын көреміз. Сонымен бірге газетте кездесетін аудармалардың барлығы біркелкі жатық бола бермейді. Көбінесе орыс тіліне сөзбе-сөз аударудың салдарынан ұлттық ұғымымызға ауыр тиетін шығармалардың да жарияланғаны рас. Газеттегі осындай нашар аудармалардың тілімізді байытудың орнына, сөз қолданысымызға кесірін тигізетіні жөнінде газет бетінде сын мақалалар басылған. Солардың бірінде газеттің бас аудармашысы Д. Сұлтанғазин: «… орысшадан переуад қылғанда тұп-тура сөз қалдырмай, орысша ретіменен переуад қыламын деп әуре болу жарамайды» ,– дейді [44].
Қазақ халқының көне заманнан бергі қалыптасқан тіл байлығы, шежіре сөз саптауы осы газет арқылы қағаз бетіне түсіп, белгілі стильдік мәнге ие болды. Газет қазақтың бай тілін пайдалана отырып, қажет болған жағдайда басқа тілдермен сөз алудан қашпау керектігін, қазақ тілінде жоқ жаңа ұғым, атауларды кіргізу үшін әсіресе орыс сөздерін қолдануды ұсынды. Орыс тілінен кірген сөздерді қалай жазу керектігін газеттің бас аудармашысы Д. Сұлтанғазин «Қазақ тілінде жазу туралы» деген мақаласында: «Қазақ тілінде кірген сөздердің қазаққа қанша ұғымдылығына қарау керек. Егер қазаққа ұғымды болса орыстардың өз сөйлегендеріне ұқсатып жазуға тырысу керек. Мәселен қазақтар «жандарал», «жанарал» дейді. Һәм «генерал» дегенді де жақсы пайымдайды, сол себептен «генерал» деп жазу керек» дейді.Жалпы газет редакциясы сол кездің өзінде-ақ қазақ тіліне басқа тілден енген сөздердің транскрипциялануына көңіл аударып, бұл жөнінде дұрыс пікір ұсынды. Яғни басқа тілден енген сөздерді екіге бөліп қарау керектігін, ертеректе еніп, қазақ тілінің фонетикалық заңына бағынып кеткен сөздерді сол қалыптасқан қалпында жазу керектігін, кейін қосылған сөздерді сол тілдегі тұлғасын сақтап жазу қажеттігін ескертеді.
Газет араб әрпімен қазақ және орыс тілдерінде қатар шығып тұрды. Араб жазуының қолайсыздығы-онда ешқандай тыныс белгілері және бас әріптер мүлде қолданылмайтын секілді «Дала уалаятының газеті» шыға бастаған алғашқы жылдардағы сандарында ешбір тыныс белгісі жоқ. Бұл газеттің тілін ауырлатып, елдің шығармаларды түсінуін қиындатты. 1894 жылдан бастап газет редакциясы кейбір сөйлемдердің жігін ажыратуға сызықша ( - ), әртүрлі жұлдызшалар ( звездочка ) сияқты шартты таңбалар қолдана бастаған.
Ал 1896 жылғы 31-санынан бастап газетте тыныс белгілерін қолдану жөнінде хабарлама басылды. Онда осы күнгі тыныс белгілерінің барлығы да көрсетіліп, олардың қалай қолданылатындығы мен қойылатын орындары туралы қысқаша түсінік берілген. Газет осы тыныс белгілерін алғаш рет пайдалана отырып, кейінгі жылдарда басылған сандарында сөйлемдерді сауатты жазуды, бірі - бірінен дұрыс ажыратып оқудың негізін қалады [36].
Шығыс және орыс әдебиетінен тікелей аударылған туындылармен бірге жаңа бағытта туа бастаған қазақтың төл жазба әдебиеті де пайда болып, газетте жиі жарияланып тұрды.
Газет бетінде жарияланған төл туындыларының барлығы бірдей Абай шығармаларындай биік өрелі, терең мазмұнды, көркем де тартымды болмағанымен, сол дәуірдегі әлеуметтік жайларды ашып-көрсетіп, ғасырлар бойы қалытасқан феодалдық-патриархалдық құрылысты сынауда, әйел теңдігі мәселесін көтеруде, өнер-білімге шақыруда белгілі бір дәрежеде өзіндік мәнге ие болды. Шығармалардың бәрінде дерлік өмір шындығы, дәуір көріністері, әртүрлі жағдайларға байланысты талай өркендеп, құлдырау кезеңдерін бастан кешкен қазақ халқының ауыр да азапты тұрмысы суреттеледі. Бұл шығармалардың стилін, көркемдігін қазіргі өскелең әдебиетпен салыстыруға келмейтіні рас. Солай дегенмен де озық ойлы, терең идеялы, бүгінгі іргелі әдебиеттің негізін қалаған алғашқы баспасөздің кезінде қыруар жұмыс атқарғандығын жоққа шығаруға болмайды.
Қазақ тілінде кітап шығару ісі әлі қалт тұрып, қалыптаса қоймаған кезде «Дала уалаятының газетінің» әдебиетке, мәдениетке қатысты мақала, хабар, өлең, публицистикалық шығарма, очерк, мысал, ертегі, аңыз-әңгімелерді көп басқандығын жоғарыда айтқанбыз. Бұларды қазақ даласын жан-жақты зерттеп, білу, сол қазақ даласында тұратын көзі ашық оқыған азаматтардың атқарған істері, өмірде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қатысуы, басқаларды да білім мен ғылым шыңына ұмтылуға шақыруы нақты көрініс береді. Революцияға дейінгі алғашқы баспасөздердің сарғайған парақтарын ақтарған сайын қалың елдің қалам күшімен жарқын да бақытты болашаққа жетелеген қаламгерлердің күн санап толыға түскенін байқаймыз. Атап айтқанда жазба әдебиетімізде алғашқы қолтаңбаларын қалдырған ақын, жазушыларымыздың төл шығармаларының басым көпшілігі проза түрінде жазылып, бірінде әңгіме, очерк, публицистикалық, ал екіншілерінде драматургиялық элементтер анық байқалып тұрғанымен, авторлары оларға «әңгіме», «очерк», «пьеса», «мысал» деп шек қоймаған [49].
Қазақ әдебиетіндегі проза жанрын сөз еткенде кейбір зерттеушілер революциядан бұрын Ы. Алтынсариннің дидактикалық әңгімелері, Абай Құнанбаевттың «Қара сөздері», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», С. Көбеевтің «Қалың малы» сияқты шығармалардан басқа қара сөзбен жазылған туындылар өте аз еді деген пікір айтады. Ал, шындығына көшсек революциядан бұрын қазақша шыққан газет-журналдарда алғашқы түпнұсқа ретінде жарық көрген прозалық шығармалар аз болған жоқ. Тамшыдан –теңіз, демекші тұңғыш рет там-тұмдап басталған тырнақ алды туындылар арада біраз жыл өткен соң тек республика шеңберіндегі тар ауқымды ауызекі әңгімеден іргесі берік жазба әдебитіне айналды. Бұл шығармалардың басым көпшілігі сол заманда әлі іргесі бұзылмаған ескі тіршілік, қоғамдағы әлеуметтік қайшылық, халықтың ауыр тұрмысы, оқу-ағарту ісі, өнер-білімге, жат тұрмысқа, адамгершілікке, игілікке үндеу, әйел теңдігі, әдет-ғұрып, салт-сана мәселелерін көтерді [50].
Әйел теңдігі мәселесінің революциядан бұрынғы әдебиетке кең ауқымды, жан-жақты көтерілгені, олардың ескі әдет-ғұрыптың құрбаны болғандығы, алайда XX ғасырдың басынан бастап қоғамдағы орны баса айтылып, таза жанды, еңбекқор қазақ қызының бала тәрбиелеудегі, болашақ буынды өсірудегі ролімен қатар, әйелдің бас бостандығын қорғау мәселесі де көтеріліс бастайды. Қазақ қыздарының жағымды образдарын жасаған С. Торайғыров, С. Көбеев, М. Сералин сияқты демократ-жазушылардың әйел мәселесіне арналған алғашқы мақала, әңгіме, очерктері да осы газет-журнал беттеріне басылды. Аталған жазушылар өз шығармаларында әйелдің теңдігі мен адамшылығын қорлайтын ескі әдет-ғұрыпқа қарсы батыл күрес жүргізіп, қатты сынға алды. XX ғасырдың басындағы роман, поэма, очерктерде бұл тақырып одан әрі дамытылып, «Қалың мал», «Қамар сұлу» сияқты кесек шығармалар дүниеге келді. Мұны айтып отырғанымыз бұрын батырлық, ерлік, елдік төңірегіндегі аңыз әңгімелермен қоса «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті»енді замана ағымына сәйкес қоғамдағы жат әрекеттерді батыл әрі анық көрсете бастады деп айта аламыз. Себебі, әлі қаймағы бұзылмаған діни ұғым мен ескі салт-сананың шырмауына шыға алмай жүрген шағымызда әдебиетке «Бэти» тәрізді реалистік шығармалардың тууы бір адым ілгері басқандық еді. Газет бетінде қазақтың алғашқы әңгіме , очерк, публицистикалық мақала, мысалдарымен бірге поэзия жанрындағы шығармалар да басылып тұрды. Бір айта кететін жай, жалпы «Түркістан уалаятының газеті» беттерінде «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетімен салыстырғанда өлең, жыр аз кездеседі. Газет бетінде басылған өлеңдердің де негізгі тақырыптары ауыз әдебиетінің нұсқалары мен әңгіме, очерк, мысал, публицистикалық мақалалар сияқты қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, күйініш-сүйініш, таза махаббатын суреттеп, еңбекке, өнер білімге адамгершілікке, ізгілікке шақыру мен қатар, ескі әдет-ғұрыптарды, жалқаулық пен жатып ішерлікті сынайды [11].
Газет бетінде қазақтың көне туындыларымен бірге жаңадан қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің алғашқы нұсқалары қатар басылды. Ол нұсқаларда мәдениеттің алғашқы нышаны – оқу-ағарту, жаңа өмірге ұмтылу, әйелдің теңдігі мен бас бостандығын қорғау, ескі әдет-ғұрыпты сынау мәселелері көпшілігі демократиялық бағыттағы жазушылардың негізгі тақырыбына айналып, онан әрі дамығанын XX ғасыр басындағы әдебиеттен жақсы білеміз.
Әрине, жаңадан қалыптаса бастаған әдебиеттің XIX-ғасырдың соңы мен XX ғасыр басындағы әдебиетке қарағанда үлкен айырмашылығы бар еді. Біріншіден, өз бағытын белгілеп, жаңадан қалыптасып келе жатқан әдебиетке халық наразылығы, тап күресі аз суреттелсе, XX-ғасырдың басындағы әдебиетте, атап айтқанда, әсіресе 1905-07 ж. Революциядан кейінгі кезде жазылған шығармаларда осы халық толқулары жан-жақты әрі айқын көріне бастайды. Бұқараны шырмауына ұстаған ескіліктің қалдықтарына қарсы шығармалар бастапқыда жеңіл әзіл-оспақ немесе шағын шымшыма ретінде жазылса, кейінірек, яғни XX ғасыр басында бүтіндей сол қоғамдық құрылысқа қарсы құрал есебінде қолданылады. Замана ағымы, уақыт талабына сәйкес газеттің бетінде көтерілген мәселелер ауқымы да ұлғая бастады. Ертегі, аңыз-жыр, дастандармен қатар қазақ зиялылары өмірге деген өз көзқарастарын батыл білдіруге кірісті. Атап айтқанда, газет бетінде басылған әдебиет мәселесі туралы пікір таласына арналған бірнеше мақаланың алатын орны ерекше. Олар әдебиет проблемаларын қазір де кем ауқымда көтермегенмен, сол дәуір нұсқаған нысананы дөп басты деуге болады. Мәселен, газет бетінде Шортанбай, Шөже, Орынбай сияқты ақындардың өлеңдерін басу-баспауы қажеттігі төңірегінде талас туады. Біреулер атышулы ақындардың өлеңдерін газет арқылы оқырмандарға жеткізу керек дегенді тілге тиек етсе, екіншілері олар өлеңді сый-сияпат алу үшін айтады, одан да газетке ғылым, білім, тарих туралы мақалаларды көбірек басу керек деген пікірді ұсынады. Бұл мақалалар «Дала уалаятының газетінің» 1889 жылғы 3-, 24-, 26-, 29-сандарында және «Газетшілерден» деген тақырыппен редакциялық мақала ретінде басылды. Онда редакция мақала авторларын құр сөз таластыруға, бірін-бірі айыптауға бармауға шақырады. Ақындардың тиек сый алу үшін өлең шығарады деген пікірдің дұрыс еместігін айта келіп, газет бетінде жалпы халыққа пайдалы мақалалардың көбірек басылуын қолдау қажет деген қорытынды жасалады.
Революциядан бұрын қазақ тілінде шығып тұрған «Дала уалаятының газетінде» жарияланған еліміздің тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, саяси өмірінен, ғылымынан дерек беретін сан алуан әр материалдарды бір жүйеге келтіру, оларға дұрыс баға беру, ең құндыларын қазақ халқының, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің зерттеушілердің игілігіне жарату – қазақ совет филологтарының басты міндеттерінің бірі. Біз осы газет бетіндегі материалдарды талдау үстінде қазақ әдебиетіне байланысты ең келелі мәселелерге ғана тоқталдық. Жалпы газет бетінде басылған шығармалардың бәрін түгелдей қамту мүмкін емес және біз алдымызға ондай мақсат та қойған жоқпыз.
Ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштарының бірі – «Дала уалаятының газетін» ғылыми тұрғыдан зерттеп, қоғамымыздың сонау кезеңіндегі қалай дамып, қалыптасқанын, қандай мәселелердің көтерілгенін қысқаша көрсеткенімізбен, бұл кейінгі баспасөз зерттеушілеріне үлкен көмек болар деп сенеміз [46].
Қазаќ балалары оќуды екі т‰рлі бастап ж‰р. Біреулері оќуды ауылдаѓы мектептен бастайды, екіншілері ел ішіндегі орыс мектебінен бастайды. Солай болѓан соњ, ќазаќтыњ ќазіргі бастауыш мектептері осылар дейміз. Ќазаќ бастауыш мектептері ќандай болу керек деген мєселені шешерден б±рын, осы к‰ні т±тынып отырѓан бастауыш мектептердіњ жарамды, жарамсыздыѓын тексеріп, сонан соњ керек мектебі не т‰рде болу жайын сµйлеуі тиіс.
Єуелі ауыл мектебінен басталыќ. Осы к‰нгі ауыл мектептерін мектеп деп айтарлыќ емес. Оќуѓа керек ќ±рал жоќ, оќыта білетін м±ѓалімдер аз. Сонда да ќазаќша хат білушілердіњ проценті м±жыќтардан жоѓары. Осы к‰нгі тек хат жаза білетін ќазаќтардан бастап газета, журнал, кітап шыѓарып жатќандарымыздыњ бєрі де сондай мектептерден оќып, хат танып, жазу ‰йреніп шыќќандар. М±нан кµрінеді: осы к‰нгі мектептер осыншама жайсыз, к‰йсіз ќалыбында халыќ арасына оќу, жазуды м±жыќтар арасынан гµрі кµбірек жайып жатќаны, б±л мектептіњ халыќќа жаќындыѓы, балалар білімді ана тілімен ‰йренгендігі.
Алайыќ енді орыс школдарын: ќазаќ арасындаѓы орыс школдары ауылнай, волосной, екі класты школдар. Б±ларды бітіргендер ілгері оќымаса, онда жоќ болып, шала оќумен ќалады. Елде бір-екі жыл т±рса, оќыѓанныњ кµбінен айрылып, оќымаѓандармен бірдей болып, оќыѓан ењбек бос кеткен есебінде ќалады. Б±л к‰нде екі класты школ бітіргендерден ауылнай, учитель, писарь болып ж‰ргендері бар екені рас, біраќ бастауыш мектепте ‰йренетін білім ж±рттыњ бєріне тегіс керек білім ѓой. Адамѓа тіл, ќ±лаќ, ќол ќандай керек болса, бастауыш мектепте ‰йренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамныњ к‰йі я ќ±лаѓы, я ќолы жоќ адамныњ к‰йімен бірдей, м±нан былай хат білу керектігі наннан да аспаќшы. Бастауыш мектептен оќыѓандар учитель, писарь, фельдшер, адвокат, инженер, агроном болар демей, ењ єуелі, ќазаќша толыќ хат білетін дєрежеде болуын кµздеу керек. Екінші, бастауыш мектептен ‰йренген білім єрі оќимын дегендерге негіз боларлыќ жаѓын кµздеу керек. Егер де бастауыш мектептен оќып шыќќандар ілгері оќымай, ‰йде ќалса, ±лт єдебиеті мен мєтбуѓатыныњ м‰лкін пайдаланарлыќ дєрежелі біліммен ќалсын. Єрі оќимын деген халде м±сылманша оќимын деп оќыса бастауыш мектеп оќуы артќы оќудыњ негізі болуѓа жарасын, орысша оќыса, орысша ‰йренудіњ ќиындыѓын жењілдетерлік демеу ћєм негіз болуѓа жарасын [8]
Ќазаќ балаларына ана тілінде тµте жолмен, ќолайлы ќ±ралдармен оќыту жайын жаќсы білетін м±ѓаімдер ‰ш жыл оќытќанда бірталай білім ‰йретуге болады. Ана тілінде жазылѓан кітаптар, газет-журналдар оѓаири ана тіліндегі жазу-сызу бастауыш мектептен шыќќандардыњ м‰лкінде болады, яѓни олардыњ бєрімен де пайдалануѓа ќолынан келетін болады. Біздіњ ќазіргі ел ішіндегі мектептерімізде жоѓары айтылѓан шарттардыњ біреуі-аќ бар, ол бар дегеніміз ана тілімен оќыту. Басќа шарттары орнына келмеген соњ, ‰йренерлік білімніњ кµбін білмей, балалар азын ѓана біліп шыѓады. Бізде ќазірде тµте оќу жолымен оќыта білетін педагогика, методикадан хабардар м±ѓалімдеріміз жоќ ќасында. Бастауыш мектепте керек ќ±ралдарымыз сайлы емес. Кесіп-пішкен программа жоќ. Сондыќтан ќазаќќа ќандай мектеп керектігін сµйлегенде, ол мектепке не керек екендігін де айтуы тиіс. Мектептіњ жаны – м±ѓалім. М±ѓалім ќандай болса, мектебі ћєм сондай болмаќшы, яѓни м±ѓалім білімді болса, білген білімін басќаѓа ‰йрете білетін болса, ол мектептен балалар кµбірек білімді болып шыќпаќшы. Ќ±ралсыз іс істемейді, ћєм ќ±рал ќандай болса, істеген іс те солай болмаќшы. Істіњ толыќ жаќсы болуына ќ±ралдар ћєм сайлы болуы шарт. ‡шінші, мектепке керегі белгіленген программа. Єр іс кµњілдегідей болып шыѓуы ‰шін оныњ ‰лгісі я мерзімді µлшеуі болуы керек, ‰лгісіз мерзімді µлшеусіз істеген іс олпы-солпы я артыќ, я кем шыќпаќшы [23]
¤ткен нµмірде біз айтып µттік, ќазаќ ‰шін орыс школдарыныњ м±ѓалімдері, оќу ќ±ралдары сайлы деп. Біздіњ ана тілімізде оќылатын мектептеріміздіњ ќ±ралдары, м±ѓалім сондай сайлы болуѓа тиіс. Сонда мектеп программасын ‰лгеріп, орынына келтіре алады.
М±ѓалім сайлы болу ‰шін м±ѓалімге керек білімді ‰йрететін орыннан оќып шыѓаруѓа тиіс. Ондай орын ќазаќ т‰гіл, ќазаќтан б±рыныраќ ќимылдап жатќан ноѓай бауырларымызда жоќ. Ќолдан келмейтіндерін ќоя т±рып, ќолдан келерлігін д±рыстау тиіс. Орыс м±ѓалімдік школдарынан шыѓып, учитель болып ж‰рген ќазаќ жастары бар. Осылардыњ екеуі де толыќ м±ѓалімдікке жарайды, егер де б±лардыњ біреулері м±сылманша хат білу жаѓынан, екіншілері педагогика, методика жаѓынан кем соќпаса қарамай, екіншілері қараса да танымай сынап жатқан көрінеді. Әркім сынау керек өзінің жақсы білетін нәрсесін. Білмейтін нәрсесін сынаймын деп, құр өзінің білмегендігін көрсетеді. Біреудің бір нәрсені білмейтіндігі істегенде ісінен көрінеді. “Айқап” журналында “Оқу құралы” есімді қазақ әліппесіне сын тағып отырғандар жаңа усулдарды білмейтін адамдар. Ол әліппе жазылған жаңа усулдардың ең жақсысы усулсатие жолымен. Оқу кітаптары жазылады, оқыта білетін, усулдармен таныс мұғалімдер машина һәм басқа құралдар жасалады сол машина құралдардың тетігін біліп пайдаланатын адамдар үшін. Жұмысын білмей кінә қою көзілдірікке кінә қойған маймыл сияқты болады я аузы қисық бола тұрып, айнаға өкпелеген сияқты болады. Біз оқу құралдардың портретін алып істеп жатқанымыз жоқ. Біздікі жаман болса, жақсысын шығарындар.
Бұл оқыту жайының таласу ақыретте не болады деп таласу емес, қазақ жері олай, я бұлай алса, түбінде пәлен болады деп таласу емес. Олар алдағы нәрселер. Оқыту жайын кім жақсы, кім жаман білетіндігін көзге көрсетуге болатын нәрсе – педагогика, методикаларды кәміл білетін адамдардың алдында әліппе шығарушы һәм сын тағушы, екі жағы сынға түссін, тұтынған усулы бойынша балаларға сабақ беріп көрсін. Таласпайтын орында талассын, білмей сын таққанымды жұрт қайдан білсін деп ойлаған болады ғой. Бұл жағын “Айқап” я ойлап, я ойламай орын беретініне түсініп жете алмаймыз. Петербургта осы күні болып жатқан кеңесте рухани істермен қатар мектеп мәселелері де қаралып жатыр, соңыра думада да солай қарамақшы. Ана тілімен оқытамыз деген пікір – орыстан тегі басқа [17].
Осы күнгі орысша оқығандардың көбі мұсалманша хат білмейді, мұсылманша оқығандардың көбі методика, педагогикадан хабардар емес. Қазақстан тәуірірек школ. Һәм медресе бітіргендер аз. Ол аздың үстіне орысша оқып, мұсылманша да білмейтіндер аз. Жұртқа тәртіпті мектеп керек, мектепке сайлы мұғалімдер керек. Мектептерге мұғалім боларлығымыз жоғарыда айтылған екі түрлі жастарымыз. Олардың сайлы мұғалім, болуына жетіспей жерін бітіргенде жетістіріу ғана қажет. Орысша оқығандардың мұсылманша хат білуіне бір – екі ақ ай үйрену қажет, мұсылманша оқығандар педогогиканы дұрыстап үйренбеген мен, методиканы біліп, жаңа усулдармен танысуына оған да бір – екі ай үйрену керек. Бұл бір – екі ай үйрену қайсысына да болса, қолдан келер іс.
Мұғалімнен соңғы сайлы болуға тиісті нәрсе оқу құралдары. Оқуға керек қалам, қағаз, қара сия,сауат отыруға керек нәрселер – пұлға табылатын заттар. Қазірінде пұлға табылмайтын: қазақ мектебінде қазақ тілінде оқытуға керек кітаптар. Өткен нөмірде қазақ бастауыш мектебінде үйрететін білімдер мынау дедік: оқу,жазу,дін,ұлт тілі,ұлт тарихы,есеп, шаруа кәсіп, жағырафия, жаратылыс жайы осыларды үйретуге керек кітаптар қазақ тілінде жоқ. Міне, қазір іздесек ақшаға табылмайтын құралдар осы. Осыларды дүниеге шығару керек. Біз бұларды уақыт жетуінше қолға алып істеп жатырмыз. Бірақ бір жағынан басқа жұмыспен байланулы болғанымен, бір жағынан, басқа ашық мәтбұғамыз болғандықтан, тез үлгеріп бола алмай жатыр. Шыға бастағандарына өкпесі бар кейбіреулер сын таққан болып жатыр. Сынағында біреулері тіпті қолына алып тілі басқа жұрттың бәрі қуаттайтын пікір. Ана тілімен оқу бізге де керек екендігінде еш талас болмасқа керек. Назаров кеңесінде қазақта ана тілімен оқуға оқу кітаптары жоқ деп, бірден орысша оқытуды қуаттаушы чиновниктер болған. Сондай сөздер болмас үшін ана тілінде оқытатын кітаптарымыз бар деп айтуға жарарлық болуымыз тиіс.26 “Ғалияның” тарихында 108 шәкіртке медресе бітіргендігі туралы куәлік берілсе, Уфадағы Діни мүфтилік қазилары алдында емтиханнан сүрінбей өткен екі жүз шәкірт мүдарис (медресе мұғалімі), 12 түлек хатиб һәм мұғалім дәрежесін алған. “Ғалия” шежіресінде медресені 1906-1916 жыл аралығында 950 шәкірт бітіріп шыққандығы туралы дерек бар. Ал соның 200-ден сәл астамы мүфтилік қазилары алдында топ жарып келгенін, 100-дің үстіндегісі куәлікке ие болғанын ескерсек, қалған 600 – шамасындағы шәкірт толық емес білім куәлігімен қанаттанғанын білеміз. “Ғалиядағы” қазақ-татар қарым-қатынасын мұқым жайдары бояумен жайнатып салсақ, онымыз өтірік болады. Тұрсынбек Кәкішевтің “Садақ” кітабында негізінен тіл мәселесінде тұтанған әйтек ащы әңгімелер жайы жан-жақты баяндалған [48].
“Ғалияда” оқып жүрген талай қазақ жігіттерінің бағы жанғанын, соның ішінде Ахмет Мәметовтың “Кеңес”, “Әбрет” деген өлең жинақтары жарық көруі, 1913 жылы оқуға түскен, Нұғыман Манаевтың араға 3 жыл түспей “Иман-Ислам” секілді күрделі еңбектері үлкен жаңалық болды. Ең алғаш Жиенғали Тілепбергеновтің реалистік әңгімелері медреседе қазақ шәкірттері шығаратын “Садақ” журналында жарық көрді. Жас қаламгер Бейімбеттің “алаулы жүрегінен құйылған алғашқы лирикалық дастан” (Әбу Сәрсенбаев) – “Шұғаның белгісі” повесінің “Ғалия” қабырғасында жарық көрді. Біләл Сүлеев, Зейнел Имажанов, Мейірман Ермекташев, Әбдірахман Мұстафин, Әубәкір Жәнібеков, Мұхамбетқали, Ғабдолла Оразаевтар, қырғыз азаматтары Иманғали Арабаев, Исхақ Қанағатов, башқұрттар Мәнсит Ғафури, Шахизада Бабич, Сәйфи Құдаш, татар Ғалымжан Ибрагимов. Бұл “Ғалия” түлектері тізімінің әмнөшкесі ғана. 1906-16 жылдар аралығында медресені бітірген мыңға тарта түлектің жеті жүздейі татар бауырлар еді. Қалған үш жүзі Ресейдегі 20 миллион мұсылманның ішіндегі қалың қазақтың қаракөзі немесе өзіміз сияқты бие байлап, қымыз жиып отырған башқұрт ағайындар.
Жалпы “Ғалияның” қадірін қазақта жете түсінген де жеріне жеткізіп айтып та кеткен кісі – Міржақып: “Медресе “Ғалия” ноғайдікі болса да қазаққа бөтендігі жоқ. 10 жылдан бері қанша қазақ баласы кірсе де есігі ашық болған, мұнан кейін де иншалла жатырқайтын емес. Сондықтан пайдасына ортақ болып отырып, шығынына жоламауымыз зор кемшілік, үлкен ұлт Көзі ашық азаматтар! Хайыр ихсаны кесілмеген байлар! Мынау медресе “Ғалияға” хал-қадерінше жәрдем ету біздерге зор борыш” [49]
Қоғам дамуында ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқы үшін тарихи оқиғаға толы,жаңа ғылыми негізде педагогикалық өзгерістерді жинақтаған, оқу-білімге жаңа көзқарастар қалыптасып, қалың бұқараның сана-сезімінің ояна бастауы, елде оқыған сауатты, зиялы қауымның толысуымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |