Студент Толеуова Шынар
ПМНО -3 топ
Бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқыту теориясы мен әдістемесі
1.1 тәжірибелік сабақ
Тапсырмалар:
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеуші ғалымдар еңбектерінің қазақ тілінің қай салаларын оқытуға бағытталғанын жіктеңіз, еңбектерінде нені қамтиды, сізге қандай ой салды?
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол – өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні қазақ тілін оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді. Әдістеменің мынадай міндеттері бар: 1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу жадығатын сыныптарға бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын жадығаттың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни жадығатты дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны тәжірибеда қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау [1].
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.
2.ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды [2].
Ы.Алтынсарин мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын орыс мектебі үлгісінде құрды. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Қазақ елінде мектеп санының артуымен мұғалім даярлайтын мектеп ашуды қолға алады. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда шығарады [3].
Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді [4].
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша тәжірибелік, лабораториялық сабақтарды жүйелі топтастыру туралы алғашқы еңбек – Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Мұнда сабақты ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-тәжірибелік жағынан талданып көрсетіледі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға байланысты тілді үйренушілердің өзі – бастауыш топ, жалғастырушы топ болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқулық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы
Достарыңызбен бөлісу: |