Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы



Дата29.02.2016
өлшемі218 Kb.
#31693




Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін

оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы

Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) құратын болсын;

2) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ны негізгі қызметі өзіне меншік құқығымен тиесілі және ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың сенімгерлікпен басқаруға берілген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг деп айқындасын;

3) мыналарды:

акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін, оның ішінде осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдарды қамтитын, акционерлік қоғамдар тізбесін бекітуді;

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының меншігіне осы Жарлыққа 2-қосымшада көрсетілген республикалық мүлікті айырбастау шарты бойынша беруді;

2014 жылғы 1 қаңтарға дейін экономиканы дамытуға және әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің заңнамалық негізін әзірлеуді қамтамасыз етсін;

4) осы Жарлықты іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 мамыр

№ 571





Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 22 мамырдағы

№ 571 Жарлығына

1-ҚОСЫМША


Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың

ТІЗБЕСІ

р/с №

Атауы

Акцияларының мемлекеттік пакеті

1

2

3

1.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы

100 %

2.

«Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы

100 %

3.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы

91,3554 %

4.

«Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы

100 %

5.

«Стрестік активтер қоры» акционерлік қоғамы

100 %

6.

«Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы

100 %

7.

«Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы

100 %

8.

«ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы

100 %

9.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы

100 %

10.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

100 %

_____________________





Қазақстан Республикасы

Президентінің

      2013 жылғы 22 мамырдағы

№ 571 Жарлығына

2-ҚОСЫМША


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік коғамының меншігіне берілетін республикалық мүлік

р/с №

Мүліктің атауы

1.

1997 жылғы 14 шілдедегі Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелерінің және шаруашылық қызметінің концессиясы шартын бұзу нәтижесінде алынған газ тасымалдау жүйесінің активтері

2.

Үштаған, Шөлтөбе, Бейнеу кенттерінде «Кавказ-15» АГТС-ке тартылған жоғары қысымды газ құбырлары және Сай-Өтес және Тәжен кенттерінде «Кавказ-10» АГТС-ке тартылған жоғары қысымды газ құбырлары

3.

Ресей Федерациясының Алтай аймағы мен Орынбор облысы аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын теміржол көлігінің объектілері және өзге мүлік

4.

Қазақстан Республикасының аумағында:

1)     мемлекеттік шекара – Никельтау бекеті (Орск – Никельтау желісі) учаскесінде;

2)     мемлекеттік шекара – Тобыл бекеті (Тобыл - Қарталы желісі) учаскесінде;

3) мемлекеттік шекара – Пресногорьков бекеті (Новоишимск - Утяк желісі) учаскесінде;



4) Петропавл станциясы (тек қана) – №7 блок бекеті (Петропавл - Көкшетау желісі) учаскесінде орналасқан теміржол көлігінің объектілері және өзге мүлік

5.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қайсенов көшесі 121 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 71,20 шаршы метр гараж

6.

Бұру ұзындығы 17 771 м. (ӘЖ-10 кВ – 14676 м. электр желілері) магистральды газ құбыры және Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым кентіндегі АГТС (АГТСм – 1 дана) операторлары үшін екі пәтерлі тұрғын үй

7.

Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашығанақ – Орал» магистральды жоғары қысымды газ құбыры

________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет