Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс Мақсаты


Психологтың жұмыс жүргізу жүйесі



бет2/3
Дата29.04.2024
өлшемі111.47 Kb.
#500068
1   2   3
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс

Психологтың жұмыс жүргізу жүйесі
1.Баланың психикалық дамуының ауытқу себебін анықтау;
2.Тұлғаның жеке интеллектуалдық дамуы ауытқуының-коррекциясын жүргізу,психологиялық көмек беру;
3.Барлық сұрақтарға шешу барысында әр жағдайдың ерекшелігін ескеріп, балалардың денсаулық,ар-намысына зиян тигізбеу;
4.Оқушыларды тексеруден өткізу психикалық және танымдық дамуындағы мүмкін болар кешеуілдеуді анықтау;
5. Әрбір балаға жекелеген қатынас жолдарын табу;
6. Баланың ой-өрісінің деңгейін анықтау.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы қарым-қабілетін ашу үшін олардың шығармашылық шеңберін бағдарлау қажет.Ол үшін төмендегі қағидаларды ескерген жөн деп білемін.
Танымдық қабілеттердің көлемін анықтау
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыту сабақтарын түрлендіріп өткізу.
Ойлау қабілеті,есту қабілеті,эмоцианалдық сезімдер,зейіннің тұрақтылығы,елестету қабілеті ,қабылдау,ой-өрісінің дамуы,сөйлеу қабілетін бағдарлау.
Сөйлеу тілінің қол саусақтарының қозғалысы арасында өзара байланыстылық бар зерттеуші М.М.Кольцова балалардың сөйлеу тілі қол саусақтарының импульсімен байланысты дамитындығын көрсетеді.
Түзету тапсырмалары балалардың игеру қиындығына қарай 3 кезеңге деңгейлеп бөлініп топтастырылды.
1. Деңгейлік жеңіл ойындарда басты назар мүгедек балалардың қол мен саусақ моторикасының қызметін жетілдіруге арналады.
2.Орта деңгейлік ойындар .Ойын мазмұны күрделеніп, қазақтың спорттық ойын түрлері(асық,бөшкедегі басқадыргы т.б) мен әдеп тәрбиелерімен балалардың ақыл-ойы мен сөйлеу тіліне,есте сақтауына арналады.
3.Жоғары деңгейлік ойындар.Қазақтың ұлттық ойындарымен қоса,спорттық тренажерлермен ойындар ұйымдастырылады.
Мыс:Орта деңгейлік ойындар арқылы,балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,ақыл-ойын,есте сақтау қабілетін арттыруға болады.
1)Түр-түсті ажырата білуін,заттарды танып ажырата білуін, зейіннің қажетті обьектіге тұрақтата алуын анықтау . Алма тұсі қандай? Қызыл,қатты ,тәтті,домалақ.
Лимон - қышқыл,сары. жұмсақ, сопақ Суретпен жұмыс жасау.
2)Он саусақ Неше қол бар ? 1 қолда5 саусақ.2 қолда болады 10саусақ
5+5 =10 екі қолда 10 саусақ 10-5=5бір қолда 5 саусақ .Саусақ жаттығуын жасаймыз.
Саусақтарға сипаттама бер. Бас бармақ,балалы үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек,кішкентай бөбек.
Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан- ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналауға болады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
3)Есте сақта. Бас бармақтан ортан терек ұзын болады,балан үйректен шылдыр шүмек қысқа
Көрнекілікпен жұмыс,суретте не жетіспейді?Ұқсастығын тап?



Мысық қалай дауыстайды ? Мысықтың атқаратын жұмысы ? Мысық туралы қандай ертегі білеміз?
Үйрек қалай дауыстайды? Үйрек қайда мекендейді,немен қоректенеді?
Үйрек туралы қандай ертегі білеміз ?
Ешкі қалай дауыстайды? Ешкі қандай жануарға жатады ?Ешкі туралы қандай ертегі білеміз? Қоян не жақсы көреді, қайда мекендейді,қоян туралы қандай ертегі білеміз?
Әтештің дауысын салайық, әтеш қандай құс,немен қоректенеді, қандай ертегі білеміз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет