СӨЖ
Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы Алисмалар, Лалагүлділер, Арецидалар 80-дей тұқымдасқа 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Алисмалар - Аlіsmatіdae – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.).
- Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған.
- Тұқымы – эндоспермді.
Лалагүлділер - Lіlііdae – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер
- Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы – эндоспермді.
Арецидалар - Аrecіdae – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған.
- Тұқымы – эндоспермді.
Қосжарнақтылар (Магнолиопсидтер) - Magnolіopsіda – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі.
- Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған.
- Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар.
- Құрамында 8 класс тармағы
10 мыңға жуық туысы 190 мыңнан аса түрі бар.
Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген.
Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты.
Достарыңызбен бөлісу: |