ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МАҚСАТЫ:
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру.
МІНДЕТІ:
Жекелеген пәндерден балалардың дарындылығын айқындау.
Дарынды және ерекше қабілетті балалардың ізденуіне жағдай жасау.
Оқушының ақыл – ой қабілетін жетілдіру;
Шығармашылық жеке дарындылғын арттыру;
Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы білімі мен ой өрісін әрі қарай дамыту, білім сапасын арттыру.
Техника саласындағы қабілетті балалардың келешегіне бағдар беру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ
Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсе алуға даярланады;
Кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;
Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;
Сөз бояуын құбылта алады.
Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.
Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды қолданады;
Әдеби тілдік нормаларды ұтымды қолданады.
Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.
ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА МҰҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу
оқушы дарындылығының моделін білу;
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі
Достарыңызбен бөлісу: |