Дауылпаз ақынға арналған кеш



Дата04.07.2016
өлшемі12.87 Kb.
#177964
Дауылпаз ақынға арналған кеш

Биыл дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толады. Облыс көлемінде түрлі іс-шаралар өткізілуді бастаса да, «Арқа сазы» ансамблі концерттік кештің шымылдығын бірінші көтерді. Жуықта «Шалқымада» өткен кештен алған әсеріміз шексіз. Көрермендер көп жиналғандықтан, зал басшылығы қосымша орындықтар қоюға мәжбүр болды.


Кеш шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Кеңес Жұмабеков ақын өлеңін оқумен ашты. Кеңес ағамыздан кейін кезегімен сахнаға шығып отырған өнерпаздардың өнеріне де көрермендер қошеметін аямады. Атап айтсақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Адамбековті халық сағынып қалғаны соншалық, екі ән орындап сахна сыртына кеткен ағамызды шапалақ ұрып шақырып алып «Шайтанкөлді» орындауын сұрады.

ҚР мәдениет қайраткері Меруерт Башай, республикалық конкурс­тардың лауреаттары Дәуренбек Әркенов, Сырым Хордин, Динара Ахметжанова­лар да ақын өлеңдерін нақышына келтіріп орындап, жиналған жұрттың ықыласына ие болды.


Көрерменнің ерекше құрметіне бөленген ансамбльдің мүшесі, жетіген аспабын жете меңгерген Гүлғайша Кәпен жайлы айтпасақ жөн болмас. Жақында ғана Павлодар қаласындағы республикалық Майра Шамсутдинова атындағы конкурстан дипломант атағын алып келген қарындасымыз өзінің шеберлігін дәлелдеп өтті. Әнші қыз тек ән ғана орындап қоймай, Қасым ақынның өлеңін мәнерлеп оқуы арқылы көптің көңілінде қалды.
Қасым – қазақтың ақыны. Қасымды ұлықтағанымыз қазақты ұлықта­ғанымыз! Осындай әдемі кешті ұйымдастырып отырған Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігіне және Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Арқа сазы» фольклорлық ансамбліне, ан­самбльдің жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқан­баевқа айтар алғысымыз шексіз.

Айсұлтан ЖАҚЫПОВ.


Орталық Қазақстан. - 2011. - 28 сәуір (№ 66). - 3 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет