Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/110
қаулысымен бекітілген
Дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу
тәртібі туралы нұсқаулық
-
Осы Нұсқаулық дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу тәртібін айқындайды.
-
Дауыс беруге арналған үй-жайларда орнатылатын жәшіктер «Дауыс беруге арналған жәшіктердің нысаны туралы» «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 4 қыркүйектегі № 133/174 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс. Сайлау жәшігінің қорабы мен қақпағында пломбалауға немесе мөрлеуге арналған көздер болуға тиіс.
-
Дауыс беруге арналған жәшіктер пломбалануға тиіс.
-
Дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау үшін пломбалар дауыс беруге арналған бір жәшікке бір пломба есебінен орталықтандырылған түрде дайындалады.
Пломбалау кезінде пломба міндетті түрде сайлау жәшігінің пломбалауға арналған көздері арқылы өткізілуі тиіс.
-
Объективті себептер (дауыс беруге арналған жәшіктің қақпағындағы немесе қорабындағы пломбаның, көздердің сынуы және басқалар) бойынша пломбалау мүмкін болмаған жағдайда, жәшік мөрленуге тиіс.
Жәшікті мөрлеу кезінде дауыс беруге арналған жәшіктің қақпағы мен қорабы қиысатын тұстарға ені кемінде төрт сантиметр екі қағаз жолағы желімделіп, оларға тиісті сайлау комиссиясының мөрі басылады, сондай-ақ мөрленген күні мен уақыты, мөрлеуді жүргізген адамдардың қолдары көрсетіледі. Мөрлеу кезінде қатысушы байқаушылар қалауы бойынша қағаз жолақтарында тегін, атын, әкесінің атын, өздерін жіберген ұйымды көрсетіп, өз қолдарын қояды, бірақ екі қолдан артық қоймауға тиіс.
-
Дауыс беруге арналған жәшіктер дауыс беру басталардан отыз минут бұрын пломбалануға немесе мөрленуге тиіс.
-
Жәшікті пломбалау немесе мөрлеу кезінде сайлау жәшігінің құрылымымен көзделмеген басқа тәсілмен сайлау бюллетеньдерін тастау мүмкіндігін болдырмайтындай етіп, дауыс беруге арналған жәшік қақпағының оның қорабына тығыз қабысқанына көз жеткізу қажет.
-
Дауыс беруге арналған жәшіктерді басқа тәсілмен пломбалауға немесе мөрлеуге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |