ДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
Джулаева Балия Бабыққызы
Джулаева Гүлзат Мырзағалиқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына сай ұлттық идеялармен ұштастыруды көздейді. Елбасының жолдауында «біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. Білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтпақшы, жас ұрпақ бойындағы қабілет-қарымын тамыршыдай тап басып бағыт берілсе, жасампаздық қасиеттерді бойына сіңіріп өскендіктен, нағыз ұлтын сүйетін азаматтар елінің тағдырына бей-жай қарамай, келешегі көркем болар еді.
Бүгінгі таңда оқушы құзіреттілігін арттыру басты мақсат болып отыр. Ал, психологиялық сөздіктерде «компоненттілік», «құзіреттілік – жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген. Competent сөзі французша «копонетті» заңға сай, латынша «сай болу», «қабілеті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
С
Сөйлеу мәнерін жетілдіру, пікірталастар ұйымдастыру
онымен, құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады. /1.1/ Оқушының құзіреттілін арттыру үшін не істеуіміз керек?
Оқушы құзіреттілігін арттыру
Бәсекелестік қабілеті бар, ізденімпаз, білімді, шығармашыл, жеке тұлға
Өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау, еркіндік беру
Баспасөзбен байланысты нығайту, түрлі тапсырмалар беру
Оқушылардың құзіреттілігін арттыру, жүйелі білім, сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени- рухани жағынан өсіп жетілуіне дебат ойындарының маңызы аса зор.
«Дебат» (Debate) немесе пікірталас әртүрлі контекске орай сыни тұрғыдан ойлау немесе іскер ойын ретінде ұғынылады. Пікірсайыс – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Дебат бағдарламасы тыңдармандарды пікірталас үрдісіне тарту арқылы интеллектің даму технологиясын ұсынады. Пікірталасқа түсушілердің мақсаты, әдетте, даулы проблемалар бойынша қандай да бір позицияны қорғап, өзге позицияны теріске шығаруды көздейді.
Жастар пікірсайысының арнайы құрылымы, ережесі бар, тақырып аясы мен уақыты шектеулі. Пікірсайыстың әзірге үш-төрт үлгісі бар. Олар:
-мектеп оқушыларына арналған Карл Поппер дебатының бағдарламасы;
-студенттерге арналған Американ Парламенттік Дебаты және Британ Парламенттік Дебаты;
-Линкольн және Дуглас пікір сайысы. /2.1/
Сабақтарда пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану оқушыларды ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
- өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге баулиды;
- шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды;
- оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады.
Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керекті кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:
Ой жүгірту арқылы алғашқы дәйектерді анықтау;
Негізгі пікірлерді қолдайтын дәлел іздеу;
Дұрыс түсіну үшін алғашқы дәйектерді жетілдіру;
Кейс жазу;
Кейсті әсірелеу.
Мектеп оқушыларына арналған саяси элементтері бар Карл Поппер ойынының ережесіне келсек, оның ерекшелігі – кейстің құрылымында. Жақтау тобы жоспарын таныстыруы және қорғауы керек, сол жобадан шыққан пайдалы нәтижені анықтауы керек. Даттау тобы жақтау тобы ұсынған жобаға даттау жасайды, яғни жоспарынан келетін шығын мен зиянның салдарын көрсету керек. /3.3/
Ал пікірсайыстағы даттау тобының өте жақсы терістеуі жақтау тобының логикасы мен құрылымына сәйкес құрылады.
Ж ақтаушы Даттаушы
1-спикер (6-минут). Тобын таныстыру. Өз кейсін ұсыну. Д-2 сұрақ қою.
1-спикер (6-минут). Тобын таныстыру. Қарсы пікір білдіру. Өз жобасын ұсыну. Ж-2 сұрақ қою
2-спикер (5-минут). Д-1 ойынына қарсы пікір білдіру. Ж-1 ойын өрбіту. Өзінің позициясын жақтап шығу.
2-спикер (5-минут). Ж-2 тойтарыс беру. Ж-2 ойын жоққа шығару. Даттау жасау
3-спикер (5-минут). Өз тобының жетістігіне, даттау тобының қателігіне сараптама-анализ жасау. 4 спикерге өзіндік баға беру. Ойынның негізгі сәтін атап өту. Д-1 сұрақ қою.
3-спикер (5-минут). Барлық ойыншыларды салыстыра отырып талдау. Ойынның қызықты сәтттерін атап өту. Сараптама-анализ. Ж-1 сұрақ қою.
Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісі ойын барысында көрінеді. Қыннан қылыш қылыш суырғандай сұрақтары қарсы топты ойландырып, өз кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек.
Жалпы, оқушылардың бойына ұлттық үрдісті сіңдіруде, баланы озық қоғамға сай етіп тәрбиелеуде дебат технологиясының берер пайдасы мол. Оқушыларға сапалы білім мен саналы білім беру – бүгінгі күннің басты өлшемі. Өз позициясын жақтап шығуға тырысқан оқушылар бос уақытта сенделмей, кітапханаға барып түрлі материалдар іздестіреді. Қазіргі таңда ғаламтордың шеңберінен шырматылып шыға алмай қалған балалардың көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта түседі. Ойын барысында өз ойларын келелі сөз, шынайы шеберлікпен, шешен тілмен жеткізуге тырысады. Кез келген тыңдаушыға жүйелі сөз әсер етері хақ. Шешендік салтанат құрған жерде оқушылар ұлттық-рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, алдағы күнде ел жүгін мойнымен арқалауға дайын тұрады. Жаһандану заманында білім берудің озық үлгілерін пайдалана отыра нақты нәтижелерге қол жеткізу – бүгінгі заманның басты талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
К.Қалелхан. «Дебат» әдісін пайдаланудың тиімділігі. //»Ертіс дидары» газеті. 18.04.2009
З.Н.Қасымқанова Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру. // Конференция материалдары.
Дебат ойынының ережелері.
Қазақ тілі сабағында дебат технологиясын қолданудың тиімділігі
- · 13 АПРЕЛЯ, 2023
Исаханова А.Б.
«Тұран» Лицейі» мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі сабағында дебат технологиясын қолданудың тиімділігі
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ыбырай Алтынсарин
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.
Қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни мектепте оқу процесінің негізінде интербелсенді әдістемелер керек: әрбір мұғалім әрбір сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет.
Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші. Оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін үйымдастыруға көмектеседі. Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін сабақ барысында пайдалану арқылы сабақтың сапалы, қызықты өтетіндігін байқадым.
Білім беру процесінде ізденістің алар орны ерекше. Құр дайынды көшіру оқушының шығармашылық ойлау қабілетін, талабын өшіреді. Сондықтан әр түрлі әдіс-тәсілдерді оқыту барысында жиі қолдануға тырысамын.
Бүгінде білім беру саласында сан – алуан педагогикалық технологиялар қолданылып жүр: ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, модульдік технология, кредиттік жүйе, дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту технологиясы, т.б. осындай әдіс – тәсілдердің тағы бір тиімді де жан – жақты ізденуге мүмкіндік беретін түрі — дебат технологиясы.
Коммуникативті құзырлылық білім алушының білімін, іскерлігін, дағдысын іс жүзінде қоғаммен, ұжыммен, отбасымен әлеуметтік қарым-қатынасқа түскенде бағыт беріп, әр жағдайдан, әр қайшылықтан шыға білуіне, қалыптасқан көзқарасты талдай білуге бағыттайды.
Ал, дебат технологиясы – осы мақсатқа жетудегі ең маңызды да қажетті жолдардың бірі.
«Дебат» (Debate) немесе пікірталас әртүрлі контекске орай сыни тұрғыдан ойлау немесе іскер ойын ретінде ұғынылады. Пікірсайыс – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Дебат бағдарламасы тыңдармандарды пікірталас үрдісіне тарту арқылы интеллектің даму технологиясын ұсынады. Пікірталасқа түсушілердің мақсаты, әдетте, даулы проблемалар бойынша қандай да бір позицияны қорғап, өзге позицияны теріске шығаруды көздейді.
Пікірсайыстың әзірге үш-төрт үлгісі бар. Олар:
-мектеп оқушыларына арналған Карл Поппер дебатының бағдарламасы;
-студенттерге арналған Американ Парламенттік Дебаты және Британ Парламенттік Дебаты;
-Линкольн және Дуглас пікір сайысы.
Сабақтарда пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану оқушыларды ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
— өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге баулиды;
— шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды;
— оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады.
Сабақ барысында аталған технологияны қолдануда сынып міндетті түрде үш топқа бөлінеді:
І топ – жақтаушы болса,
ІІ топ – даттаушы, яғни оппозициялық көзқарастағы топ мүшелері,
ІІІ топ – бұл екі топқа сұрақ қоюшы міндетін атқарады.
Сонымен қатар, сабақ барысында алты оқушы, үш баланы екі топ құрып, бірінші оқушылар 6 минут, екінші мен үшінші оқушылар 5 минут аралығында өз тұжырымдамаларымен таныстырып үлгеруі тиіс. Әр топқа ойын барысында сегіз минут уақыт дайындыққа беріледі. Әр топ тақырып бойынша өз критериі мен аргументтерін таныстырып тұжырымдамаларын дәлел арқылы бекітіледі.
Дебат технологиясы бойынша дайындық барысында оқушылар тек қана әдебиет пәнін қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге тарих, география, музыка, этнография сияқты салалармен де байланысуға тура келеді. Даулы мәселелерді сабақтарда қарастырғанда дебат технологиясын қолданып, оқу үрдісін түрлендіруге, мұғалімнің біліктілігін арттыруға, оқушылардың жан – жақты терең білім алуына шығармашылық тұрғыдан ізденіс қабілеттерін арттыруға маңызын тигізеді.
Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісі ойын барысында көрінеді. Қыннан қылыш қылыш суырғандай сұрақтары қарсы топты ойландырып, өз кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек.
Дебат технологиясы студент бойына мынадай қасиеттерді қалыптастырады:
• жан-жақты білім;
• тапқырлық;
• шешендік;
• зеректік;
• аңғарымпаздық;
• сын тұрғыдан ойлауды;
• өз ойын ашық айтуға
• адамдармен дұрыс сөйлесе білуге;
• көпшілік алдында сөйлеп үйренуге;
• адамдармен мәдениетті қарым-қатынас жасауға, т.б.
Сондай-ақ, дебат өткізуді кері байланыс элементі ретінде, оқу материалдарын бекіту және танымдық қабілетті активтендіру ретінде пайдалануға болады. Бірақ бұл технологияны қолданған кезде төмендегідей қиыншылықтар ұшырасты:
• кейбір пікірсайысқа қатысушылар басқалардың сөйлеуіне, өз ойларын толық жеткізулеріне бөгет жасайды;
• қатысушылар кейде берілген тақырыптан ауытқып кетеді;
• барлық идеялар мен ұсыныстардың логикалық байланысын бақылап, жазуды жүргізу қиынға соғады.
Қорыта айтқанда, орыс тілді аудиторияда қазақ тілін үйрету, дамыту, жетілдіру мақсатында қолданылатын әдістердің бірі ретінде дебат технологиясын сабақта қолдану оқушының өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашады, тіл үйренушінің танымдық өрісін дамытады, белгілі бір мәселелерді шешуде өз бетінше әрекет жасауына ықпал етеді.
Қазіргі таңда ғаламтордың шеңберінен шырматылып шыға алмай қалған балалардың көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта түседі. Ойын барысында өз ойларын келелі сөз, шынайы шеберлікпен, шешен тілмен жеткізуге тырысады. Кез келген тыңдаушыға жүйелі сөз әсер етері хақ. Шешендік салтанат құрған жерде оқушылар ұлттық-рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, алдағы күнде ел жүгін мойнымен арқалауға дайын тұрады. Жаһандану заманында білім берудің озық үлгілерін пайдалана отыра нақты нәтижелерге қол жеткізу – бүгінгі заманның басты талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Қалелхан. «Дебат» әдісін пайдаланудың тиімділігі. //»Ертіс дидары» газеті. 18.04.2009
2. З.Н.Қасымқанова Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру. // Конференция материалдары.
3. Дебат ойынының ережелері
Достарыңызбен бөлісу: |