Сонымен қатар бүгінгі оқу процесінде тағы да басқа жаңаша әдістер педагог мамандар арасында кеңінен қолданылып келеді. Олар: ассоциация, деформация, салғастыру, модельдеу, топтастыру, тест, көрнекілік.
Ең алдымен ассоцииция әдісіне тоқталайық. Ассоциация әдісі – белгілі бір заттың әсерінен жаңа бір түсінік пайда болады, соның нәтижесінде санада ұқсас бейнелер елесі туындайтын тәсілдің түрі. Бұл әдісті негізінен фонетика саласы бойынша, соның ішінде тіл дыбыстары, буын түрлері оқыту мен меңгертуде, орфография мен орфоэпия нормаларының айырмашылықтарын көрсетуде қолданған дұрыс. Мысалы, жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбындағы қазақ тілінде буын түрлерін өткенде мұғалім жаңа сабақты түсіндіру барысында мынадай мысал келтірген екен: «Буынның үш түрі бар. Олар: ашық, тұйық және бітеу буындар. Оларды бір-бірінен ажырата білу үшін буындарды басқа мысалдармен салыстырып көрелік. Көз алдарыңызға жол бойында кетіп бара жатқан ақ түсті көлікті елестетіңдер. Ақ түсті көлік – ол дауысты дыбыс деп есептейік. Егер көлік жалғыз жүріп бара жатса немесе артынан басқа машина кетіп бара жатса, яғни алды ашық болса, онда мұны ашық буын дейміз. Ал егер көліктің соңында ешқандай машина ермей, ал алдында басқа көліктер жүріп бара жатса, онда ол тұйық буын болады. Егер де көліктің алдынан да, артынан да басқа көліктер болса, онда оны бітеу буын деп атаймыз».
Осындай мысал арқылы мұғалім дауысты дыбысты көлікке теңей отырып, ассоциация әдісімен буын түрлерін түсіндіреді.
Келесі деформация әдісіне тоқталайық. Түріне өзгеріс енгізілген тапсырмаларды дұрыс қалпына келтіру – деформация әдісі деп аталады. Осы әдістің көмегімен оқушыларды әліпбиді рет-ретімен айтып үйренуге, дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуін араластырып, оқушыларға дыбыстық жүйені ретімен таба білуге дағдыландырады.
Мысалы: дұрыс жазылған сөздерді теріп жаз: ашшы, башшы, жұмысшы, жегсенбі, көбелөк, бүгін, құрлышшы, тазша.
Тағы бір танымдық әдістердің бірі – салғастыру әдісі. Бұл әдістің ерекшелігі – біртектес немесе ұқсас түсініктерді өзара бір-бірімен салыстыру болып табылады. Мысалы, 2-кестедегі оқып шығыңдар, оларды салыстырып, талдау жасаңдар. Ой қорытыңдар.
2-кесте. Тапсырма
Орфография
|
Орфоэпия
|
басшы
|
башшы
|
Айкүміс
|
Айгүміс
|
бүгін
|
бүгүн
|
Дұрыс жазу нормасы
|
Дұрыс айту нормасы
|
3-кесте. Ықпалға тапсырма
Ілгерінді ықпал
|
Кейінді ықпал
|
Тоғыспалы ықпал
|
Қара ала
Ала қия
|
жұмысшы
қосшы
|
Төре келді
Жиренкөл
|
Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесінде тілдік құбылыстарды қатысымдық негізде оқыту, яғни қазақ тілінің әлеуметтік рөлін, қолдану аясын кеңейтуді осы бағытта іске асыру қажеттілігінің маңызы күннен-күнге артып келеді. Сондықтан да қатасым әдісінің тілдік құбылыстарды меңгертудегі ерекшеліктері мен мәнін, алатын орнын ажырата білу мен айқындау – бүгінгі маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Coл ceбeптi пeдaгoгикa ғылымдapының дoктopы, пpoфeccop Фayзия Opaзбaeвa тiлдi қaтыcымдық әдici apқылы oқытyды ұcынaды [17, 187].
Тағы да бір әдісті айтып өткеніміз жөн. Ол – инсценизация әдісі. Бұл әдісті түрлі формада қолдануға болады. Мысалы, алдын ала дайындалған диалог, белгілі бір нақты тақырыпқа негізделген пікірталас (дискуссия), театрланған көрініс, инцинировка.
Ал пікірталас әдісі (дискуссиялық әдіс) көптеген елдердің оқу орындарында тіл құбылыстарын өткенде кейбір міндеттерді шешуде жоғарыда айтылған басқа әдістерге қарағанда жоғары нәтиже берген.
Бұл әдістің мәні мен тиімділігі белгілі бір нақты мәселені шешу барысында пікір алмасып, көзқарасын білдіруде аңғарылады. Пікірталас әдісінің көмегімен оқушылар жаңа тақырып бойынша білімді толық игеріп, өздерінің пікірін қалыптастырып, көзқарастарын дәлелдеп бере алады. Оқыту процесінде пікірталастың басты атқаратын қызметі – оқушылардың танымдық қызметін арттыру. Бұдан бөлек қосалқы қызметтері де бар, яғни оқыту, дамыту, тәрбиелеу және түзету бақылауы.
Пікірталас оқушыға бұрыннан белгілі материалдардың мазмұнын толықтырып, оны терең тиянақтауға, сондай-ақ оны бекітуге көмектеседі. Мысалы, мұғалім дыбыс үндестігі (сингармонизм) тақырыбы бойынша жан-жақты ақпарат беруде, оқушылардың санасына және ойлау қабілетіне ықпал етіп, оны әрі қарай дамытуына бағыт-бағдар береді.
Қазіргі кезде жоғарыда көрсетілган әдістерден басқа оқушылардың танымдық және зияткерлік іс-әрекетін белсендірудің алуан түрлі амал-тәсілдері қарастырылып келеді. Олардың қатарында сабақ барысында жүргізілетін жеке, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерімен бірге «миға шабуыл» әдісі мен жобалау әдісі де тәжірибеге кеңінен енгізілуде [18, 5].
Орфография мен орфоэпияны оқытуда тиімді болып саналатын әдістердің кезекті бір түрі – тест әдісі. Тест әдісі – оқушылардың білімін толық бағалау, білім сапасы мен ой-өрісін арттыру, өтілген тақырыптар бойынша меңгерген білімдерін бақылау және бір жүйеге келтіру мақсатында қолданылатын тәсіл. Тест ідісінің де бірнеше түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |