Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы _________
№ __ бұйрығына
1-қосымша
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет алушымен келістіру үшін мерзімдерін бөлумен - 50 (елу) жұмыс күні немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 3 (үш) немесе 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім, жер-кадастр жоспары (1-қосымша), уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шарты немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін ұсыну өтініш берушіні хабарландыру және жер-кадастрлық жоспарын жасау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін ақы төлеуге есебін (сметасын) беру арқылы кезеңдер бойынша жүзеге асырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету 2 кезеңде өтеді:
1 кезең – 25 жұмыс күні, 2 кезең – 25 жұмыс күні;
1 кезең:
ХҚКО өтініш берушіге жер учаскесін таңдау актісін келістіру үшін алған күні көрсетілген өтінішті қабылдағаны туралы қолхат береді, сонымен қатар, өтініш берушіге берілген қолхатта көрсетілген байланыс деректері бойынша ақпаратты алудың мүмкіндіктері туралы хабарлайды. ХҚКО курьерімен жұмыс күні сағат 18-00 дейін қабылданған қағаз түріндегі құжаттар қосымшаларымен өтініш, ХҚКО тізіліміне сәйкес, әкімдікке жеткізіледі. Сағат 18-00 кейін қабылданған құжаттар келесі жұмыс күні жеткізіледі.
Оң шешімі болған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы 25 жұмыс күнінің ішінде жер учаскесін таңдау түпкілікті актісін және «ЖерҒӨО» РМК дайындаған жер-кадастрлық жұмыстарын төлеуге есебін (сметасын) өтініш берушіге ХҚКО арқылы келістіруге жолдайды.
Сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы 6 жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқығын ұсынудан бас тарту туралы қорытындысын жолдайды.
Дайындалған құжаттар курьермен ХҚКО жеткізіледі.
Егер көрсетілген мерзім ішінде өтініш беруші келмеген жағдайда, хабарламада көрсетілген келу күнінен кейін келесі күні ХҚКО телефон байланысы арқылы өтініш берушіні жер учаскесін таңдау түпкілікті актісін келістіру қажеттілігі туралы хабарлайды.
Өтініш берушімен келістірілмеген жер учаскесін таңдау актісі 10 күн өткеннен кейін қайтадан сәулет және қала құрылысы органына жолданады.
2 кезең:
ХҚКО өтініш берушіге уақытша жер пайдалану шартына қол қойылатын күні көрсетілген, қол қойылған жер учаскесін таңдау актісін қабылдағаны туралы қолхат береді, сонымен қатар, өтініш берушіге берілген қолхатта көрсетілген байланыс деректері бойынша ақпаратты алудың мүмкіндіктері туралы хабарлайды.
Өтініш беруші қол қойған жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарын жасағаны үшін қызметті төлегені туралы төлем құжатын (түбіртек) оларды сағат 18-00 дейін қабылдаған жұмыс күні ХҚКО курьерімен "ЖерҒӨО" РМК жеткізіледі. Сағат 18-00 кейін қабылданған құжаттар келесі жұмыс күні жеткізіледі.
Жер қатынастары бойынша өкілетті органы 25 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қол қою үшін 2 дана жер-кадастрлық жоспары және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты қосымшаларымен жер учаскесіне жер пайдалану құқығын ұсыну туралы шешімінің көшірмесін ХҚКО-на жолдайды.
Егер көрсетілген мерзім ішінде өтініш беруші келмеген жағдайда, хабарламада көрсетілген келу күнінен кейін келесі күні ХҚКО телефон байланысы арқылы өтініш берушіні уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарлайды.
Өтініш беруші хабарлама алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде екі данадағы уақытша жер пайдалану шартына қол қояды.
Өтініш берушімен қол қойылған уақытша жер пайдалану шарты ХҚКО курьерімен жер қатынастары бойынша өкілетті органына ары қарай есеп жүргізу үшін жолданады.
Егер қолхатта көрсетілген мерзім ішінде өтініш беруші уақытша жер пайдалану шартына қол қоюға келмеген жағдайда, ХҚКО құжаттарды бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды жер қатынастары бойынша өкілетті органға ары қарай сақтау үшін жолдайды.
Өтініш берушімен уақытша жер пайдалану шартына қол қойылғаннан кейін, жер-кадастрлық жоспары және уақытша жер пайдалану шартының бір данасы қосымшаларымен әкімдіктің шешімінің көшірмесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысымен бекітілген "Жылжымайтын мүлікке құқығын (ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартымен көзделген тәртіпте жер учаскесіне құқығын мемлекеттік тіркеуге жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет құнына 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес мөлшерде есептелген жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды әзірлеу құны кіреді.
Жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспар әзірлеу үшін төлем «ЖерҒӨО» РМК-нің тиісті филиалының есепшотына екінші дәрежедегі банктер арқылы немесе «ЖерҒӨО» РМК филиалының ғимаратындағы кассаларға қолма-қол немесе қолма қолсыз тәсілмен жүргізіледі, онда осы мемлекеттік қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлем мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты (түбіртек) беріледі.
Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.
Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраным берген кезде төлем жасау «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚКО - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) порталда - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, ( өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ХҚКО-ға:
өтінім осы мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
жер учаскесінің орналасқан жерінің схемасы (ЖТҮҚ үшін сұралған жер учаскесінен тыс);
жеке тұлғалар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырылған сенімхат және жеке тұлға үшін – сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның өкілінің құзыретін растайтын құжатының көшірмесі және өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі.
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электронды форматты өтініш, 1-қосымшасына сәйкес;
электронды форматта жер учаскенің орналасқан сұлбасы (ЖТҮҚ үшін сұралған жер учаскесінен тыс);
жеке тұлғалар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электронды форматтағы жеке басын куәландыратын құжат немесе көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырылған сенімхат;
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның өкілінің құзыретін растайтын құжатының және өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесінің электронды форматта.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша бас тарту беріледі:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағымен көзделген тізімге келісті құжаттарының толық емес топтамасынұсынған жағдайда;
2) егер өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізбесінде тұрған жағдайда;
14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жазбаша бас тартылады:
3) сұралып отырған жер учаскесі бос болмаса;
4) егер сұралып отырған жер учаскесі саудада (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылуға арналған болса;
5) елді мекеннің бас жоспары жоқ болса немесе бас жоспарға сәйкес келмесе, бөлшекті жоспар жобасы болмаса;
6) санитарлы-қорғаныш аймағы болса;
7) сұралып отырған нысанның орналасуы құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, ХҚКО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлға үшін – оның тегі, аты-жөні, пошталық мекен-жайы;
2) заңды тұлға үшін – оның атауы, пошталық амекен-жайы, шығыс нөмірі және күні.
ХҚКО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына жіберіледі.
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның шағым қабылдағанын растау үшін нөмірі, тіркелген күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, берілген шағымға жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық түрде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде почта арқылы, порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» хабарланады.
Шағым сондай-ақ порталдың форумы арқылы www.1414.kz мекенжайы бойынша беріледі.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші, ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;
3) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) порталда орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Елді мекен шегінде объект салу үшін
жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Жер учакесінің жер-кадастр жоспары
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі __________________________________
Мекенжайы (мекенжайының тіркеу коды) ___________________________________
____________________________________________________________________
Жердің санаты _____________________________________________________
Жер учаскесінің ауданы (гектар, кв.м.) ______________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты __________________________________
____________________________________________________________________
Құқық түрі ___________________________________________________________
Жер учаскесін пайдалануға шектеу мен ауыртпалықтар ____________
____________________________________________________________________
Жер учаскесінің бөлінуі ________________________________________
(бөлінеді, бөлінбейді)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) немесе жер пайдалану құны (қажет кезінде заңнамада қарастырылған жағдайда) ____________________________________
Жоспар шекарасындағы басқа жер учаскелері
Жоспардағы
№
|
Жоспар шекарасындағы басқа жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері
|
Ауданы, (гектар, кв.м.)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе:
Жер-кадастр жоспары жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органының шешімінің ажырамайтын бір бөлігі болып табылады. Жер учаскесінің ерекше шекара нүктелерін, оның шекарас жоспарының масштабында көрсету мүмкін болмаған кезде, үлкен өлшемдегі парақта көрсетуге болады, жоспарға қосымша ретінде тек А-0 өлшемінен үлкен емес.
*Шектестіктерді көрсету осы жоспарды әзірлеген кезеңде қолданыста болады.
Жер учаскесінің жоспары
Масштаб 1:
Шектес учаскелерді көрсету (кадастрлық нөмірлер)*:
А-дан Б-ға дейін
Б-дан В-ға дейін
В-дан Г-ге дейін
Г-ден А-ға дейін
_________________________________________________________________________________
(жер кадастрын жүргізуші кәсіпорынның атауы)
__________________________________________________жер-кадастрлық жоспары әзірленді.
М.П. ________________ __________________________ 20___ жылғы « » __________
(қолы) (аты-жөні)
________________________________________________________________ басшысы
(жер қатынастарының уәкілетті органының атауы)
М.П. __________________ _______________________ 20 жылғы « » __________
(қолы) (аты-жөні)
«Елді мекен шегінде объект
салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
__________________________________
(облыс, аудан, қала, кент,
_________________________________________ ауылдық (селолық) округтің, ауылдың, селоның)
________________________________________ әкіміне
(тегі, аты, әкесінің аты)
(кімнен) ______________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды
_________________________________________
тұлғаның толық атауы)
ЖСН/БСН________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаны куәландыратын
_________________________________________
құжаттың деректемелері
_________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
Елді мекен шегінде объект салу
үшін жер учаскесін беруге өтініш
_________________________________________________________________________________
(құрылыстың болжамды алаңы,
____________________________________________________________________________
жоспарланған құрылыс объектісінің атауы, қабаттылығы)
__________________________________салу үшін __________________________________
____________________________________________________________________орналасқан
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)
алаңы _____________________гектар (ш. метр) жер учаскесін уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану құқығында беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Күні __________________________
|
Өтініш беруші_____________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның
_________________________________________________
немесе өкілетті тұлғаның
_________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
|
Өтінішке сұралып отырған жер учаскесін орналастырудың ситуациялық схемасы қоса берілді.
Елді мекен шегінде объект салу үшін
жер учаскесін беру өтінішіне қосымша
Сұранылған жер учаскесінің орналасқан орнының
жағдайлық сұлбасы
Өтініш беруші _______________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты-жөні, немесе заңды тұлғаның толық атауы, қолы)
Күні _______________
«Елді мекен шегінде объект салу үшін
жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә) немесе
көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
_______________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _________________________________________________________________________________;
2) _________________________________________________________________________________;
3) _________________________________________________________________________________.
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________ ____________
(ХҚКО қызметкерінің) Т.А.Ә (қолы)
Орындаушы Т.А.Ә.
Телефон.
Алдым: Т.А.Ә/көрсетілетін қызметті алушының қолы
«Елді мекен шегінде объект
салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
Жер-кадастрлық жоспарды дайындау жұмысының бағасы
№ р/р
|
Жер-кадастрлық жоспарды дайындау бойынша жұмыстар түрі
|
Жер учаскесінің ауданы, гектар
(га)
|
Жұмыстардың бағасы (ҚСҚ)
|
учаскенің базалық ауданынан, теңге
|
жұмыстардың бағасын арттыру коэффициенті
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Ғимараттар мен құрылыстардың, үйымдардар мен кіші кәсіпкерлік суъектілерінің астындағы жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын дайындау, оның ішінде:
-
жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын дайындау
-
жер-кадастрлық жоспар үшін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу
|
0,5 га дейін
1 га дейін
|
21062
12385
|
1,1 - 1 га дейін;
1,2 – 10 га дейін;
1,3 – 50 га дейін;
әрбір келесі 50 га-ға 5%-ға артады
1,1 – 10 га дейін;
1,2 – 50 га дейін;
1,3 – 100 га дейін;
сыртқа тарату – 100 га-дан жоғары;
|
|
|
барлығы
|
|
33447
|
|
2
|
Тұрғын үй құрылысы мен оны пайдалану, жеке үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы, гараждар үшін, оның ішінде:
-
жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын дайындау
жер-кадастрлық жоспар үшін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу
|
0,5 га дейін
ақысыз беру нормасының шегінде
|
14180
4607
|
-
1,3 - ақысыз беру нормасын жоғарылату кезінде
|
|
барлығы
|
|
18787
|
|
«Елді мекен шегінде объект
салу үшін жер учаскесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
Түбіртек
Ақша жіберуші _________________________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________________________________
ЖСН/БСН_______________________________________________________________________
Төлемді алушы___________________________________________________________________
кәсіпорынның атауы, БСН
Делдал банк_____________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
екінші деңгейдегі банктің атауы
Р/с №
|
Төлемнің атауы
|
Сомасы
|
Жиыны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде ҚҚС
|
|
|
Қол қою үшін және мөрдің орны
_____________________________________ _______________________________
ақша жіберушінің қолы жауапты орындаушының қолы, күні
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ақша жіберуші ___________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты,_____________________________________________________________
ЖСН/БСН ______________________________________________________________________
Төлемді алушы___________________________________________________________________
кәсіпорынның атауы, БСН
Делдал банк______________________________________________________________________
екінші деңгейдегі банктің атауы
Р/с
№
|
Төлемнің атауы
|
Сомасы
|
Жиыны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде ҚҚС
|
|
|
Қол қою үшін және мөрдің орны
______________________________ __________________________________
ақша жіберушінің қолы жауапты орындаушының қолы, күні
Достарыңызбен бөлісу: |