Дене пiшiнi жапырақ тәрiздi, сопақша ланцет тәрiздi, шар тәрiздi, лента тәрiздi болып келедi дене тұрқы



Дата08.07.2016
өлшемі9.31 Kb.
#184676
    Сорғыш құрттар тегi және құрылыс жағынан кiрпiкшелi құрттарға ұқсас болып келедi. Айырмасы сорғыштар түгел паразиттiк тiршiлiкке көшкен. Сондықтан паразиттiк тiршiлiк етуiне байланысты олардың құрылысында өзгерiстер бар. Трематодтар деген ұғым гректiң “сорғыштарында тесiк бар” деген мағына бередi. Сондықтан оларды сорғыштар класы дейдi. Барлық сорғыш құрттар омыртқалы жануарлардың әртүрлi iшкi мүшелерiнде эндопаразиттiк тiршiлiк етедi. Ересек түрлерi  омыртқалы жануарлар мен адамдардың организмiнде, көбiнесе ас қорыту жүйесiнде, ал личинкалары омырқасыз және омыртқалы жануарлардың организмiнде кездеседi. Ғылымға шамамен барлығы 7200 түрi белгiлi.         

     Паразиттiк тiршiлiкке бейiмделгендiктiң басты белгiсi көп мөлшерде ұрпақ беретiндiгi. Сондықтан олардың ұрпағы мындап-миллиондап есептеледi. Бұл олардың жер бетiнде кеңiнен таралуына мүмкiндiк бередi. Негiзгi өкiлi бауыр сорғыш құрттар. Құрылысы. Дене пiшiнi жапырақ тәрiздi, сопақша ланцет тәрiздi, шар тәрiздi, лента тәрiздi болып келедi. дене тұрқы 5- ЗО см, кейде одан да үлкендерi болады. Сорғыш құрттардың өздерiне тән ерекшелiктерi болады: бас жағында ауьтз сорғышы, дененiң бауыр жағында екiншi бауыр сорғышы орналасқан. Артқы жағында зәр шығаратын тесiгi болады. Терi-ет қапшығы кутикула мен оның астында жатқан ет қабаттары қосылысынан пайда болады. Дене қуысы паренхимамен толтырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет