Конспект Тақырыбы: Бауыр циррозы. Бауыр циррозы



бет1/3
Дата04.05.2024
өлшемі34.28 Kb.
#500544
түріКонспект
  1   2   3
бауыр цирозы


Тіректі конспект


Тақырыбы: Бауыр циррозы.


Бауыр циррозы бауыр жасушаларының үдемелі диффузды - морфологиялық өзгерісі және бауыр қызметінің төмендеуі (бауыр жетіспеушілігіне және порталды гипертензияға әкеледі). Ер кісілер жиі ауырады. Жылына жершары бойынша бауыр циррозымен шамамен 300 000 жуық адамдар қаза табады.
Этиологиясы:

  • инфекция (созылмалы вирусты гепатиттер:B,С,D,G гепатит).

  • ішімдікке салыну. Ер адамдардың алкогольді күн сайын 60 г, әйелдердің 20 г ішуі.

  • токсикалық заттармен улану (хлорланған көмірсутегі, ауыр металдар, саңырауқұлақтың улары)

  • дәрі- дәрмектер (туберкулезге қарсы антибиотиктер, цитостатиктер, стероидты анаболиктер, психотропты дәрілер)

  • аутоиммундық өзгерістер.

Патогенезі: Бауыр циррозы дамуының негізгі түрткісі- бауыр паренхимасы түрлі себептерден некроздануы. Вирустардың, алкогольды, дәрі-дәрмектерді, протеолиздік ферменттердің гипоксияның әсерлері немесе кейбір заттардың жасуша ішінде жиналуы гепатоциттердің некрозына әкеледі.
Жіктелуі:
І. Морфологиялық өзгерісіне байланысты :

ІІ. Себебіне байланысты :

  • Вирусты бауыр циррозы

  • Алкогольді бауыр циррозы

  • Аутоиммунды бауыр циррозы

  • Кардиалды бауыр циррозы

  • Токсикалық бауыр циррозы

  • Криптогенді бауыр циррозы

  • Гендік кемістік бауыр циррозы

  • Бауыр ішілік немесе бауырдан тыс холестазды бауыр циррозы

ІІІ . Даму сатысына байланысты

  • компенсация

  • субкомпенсация

  • декомпенсация



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет