«Дене шынықтыру» білім саласы пəндерінің ОҚу бағдарламалары



Дата14.06.2016
өлшемі232.94 Kb.
#136032
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

Жалпы орта білім беру деңгейінің

«Дене шынықтыру» білім саласы пəндерінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 10-11 сыныптар)

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы

3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылы 10

сəуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық жəне

жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Дене

шынықтыру» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламалары. – Астана, 2013. – 28 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013
«Алғашқы əскери дайындық»пəнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-математикалық

бағыттары)

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген.

2. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы əскери дайындауға негіз болып табылған құжаттар:

1) 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» атты Қазақстан Республикасының Заңы;

2) 2013 жылдың 11 ақпан айындағы «Азаматтарды əскери қызметке

даярлау, ұйымдастыру жəне өткізу, сондай-ақ алғашқы əскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №118 шешімі.

3. Алғашқы əскери дайындық теориялық жəне практикалық сабақтарда іске асырылады:

1) теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық əдістерді қолдана отырып əңгімелеу жəне сұхбаттасутүрінде өткізіледі;

2) практикалық сабақтар қарулану жəне əскери-техникалық мүлікті, құралдарды жəне өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.

4. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, əскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс жəне медициналық білім негіздерінен тұрады.

5. Əрбір оқу орнында алғашқы əскери дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбе-тақырыптық жоспары құрылады.

6. Əрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АƏД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады жəне жетілдіріліп отырады:

1) қамтамасыз ету табеліне сəйкес көрнекі құралдармен жəне АƏД оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі;

2) алғашқы əскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері жəне азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;

3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;

5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;

6) тактикалық алаң;

7) кедергілерден өту жолының кешені;

8) ату тирі;

9) əскери жəне еңбек даңқының бұрышы.

7. Оқу орындарын қару жəне өзге де əскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іскеасырылады.

8. Барлығы 68 сағат берілген: 10 сыныпта 1 жылға 34 сағат жəне 11сыныпта 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына 30 сағат қарастырылған.

9. Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау жəне жетілдіру, сонымен қатар əскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, əскери бөлім (ƏБ) базаларында (ƏБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі.

10. Далалық оқу жиындары алғашқы əскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады жəне білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.

11. 11-сынып оқушыларының бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.

12. Кіріспе сабақты өткізу кезінде жастарды əскери қызметке даярлау жəне Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы əскери дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілік-жігер, психологиялық жəне денелік сапаларды жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады.

13. Алғашқы əскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы əскери іс негіздерін оқыту үдерісінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділік, əскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыру тəрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.

14. Əр сабақ сайын жастардың əскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дəстүрлері мен əскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, əскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, жастардың əскери білім алуларына деген

ұмтылыстарын ынталандыру керек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Əскери Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – əрбір əскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.

15. Тактикалық дайындық оқыту мен үйретудің негізін қалаушы тараулардың бірі болып табылады, ол алғашқы əскери дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді:

1оқушылар сабақ кезінде қаруды жəне қол гранаталарын қолдану техникасы бойынша дағдыларды нық игереді;

2) тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін винтовка, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаталарының қалтасы болуы міндетті.

16. Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару жəне оқ-дəрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс;

1) оқушылар сабақ кезінде атыс қаруының құрылысы, оларды атуға даярлау мен ату, сондай-ақ қаруды күту жəне сақтау ережелерін игереді.

17. Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы алаңда (плацта) өткізіледі:

1) практикалық сабақтарды өткізу кезінде оқушыларды үйрету əдістемесіне баса назар аударылады, оқытушының саптық тəсілді тұтас жəне бөлшектеп көрсетуі;

2) оқушылардың жаттығуы.

18. Əскери топография сабақтарында:

1) 10-сыныпта оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау жəне азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен жəне компассыз табуды үйренеді;

2) 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс жəне медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта жəне соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар жəне жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі.

19. Оқыту үдерісінде оқу пəндермен пəнаралық байланыс іске асырылады:

1) «Қазақ тілі, орыс тілі»: сөз қорын алғашқы əскери дайындық саласына қатысты терминдермен толықтыру;

2) «Физика»: «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «бірқалыпты жəне бірқалыпты емес сырғу», «қуат» жəне «күш» түсініктері туралы алынған білім негіздерін қолдану;

3) «Биология»: шылым шегу жəне алкогольдің ағзаға тигізетін зияны

туралы білімді қолдану; 4) «Химия»: улы заттардың адам ағзасына тигізетін əсерін білу, əскерде қолданылатын жарылғыш заттарды пайланудың қауіпсіздік ережелерін білу;

5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: отансүйгіштікті тəрбиелеу, Қазақстан халқының тарихы мен мəдениетіне деген құрметті тəрбиелеу, қазіргі заманғы Қазақстан тарихының көршілес елдерге қатысты ортақ мəселелерін, адамзаттың даму тарихын білу;

6) «Адам. Қоғам. Заң»: мемлекеттің заң шығару негіздерін, Қазақстан азаматының құқығы мен міндеттерін білу;

7) «География»: бағыт тұстарын білу, түрлі белгілер жəне топографиялық карта бойынша жергілікті жерде бағдарлау біліктілігі, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аумағы мен шекараларын анықтау;

8) «Дене шынықтыру»: саптық жаттығуларды қолдану, кедергілерденөту;

9) «Технология»: еңбексүйгіштік жəне ұзақ мерзім еңбек ету қабілетін тəрбиелеу.


2. Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

20. Кіріспе сабақ (1 сағат):

1) алғашқы əскери дайындаудың мақсат-міндеттері жəне мазмұны, «Қазақстан Республикасы қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы», «Əскери қызметкерлердің əскери міндеттері жəне мəртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі;

2) оқушылардың құқықтары мен міндеттері.

21. Қарулы Күштер – Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда (3 сағат):

1) Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері, Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы. Қоғам жəне мемлекеттегі Қарулы Күштер (1 сағат);

2) Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – отансүйгіштік жəне көпұлттылық мектебі, əскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын талабы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рəміздері, əскери бөлімнің туы (1 сағат);

3) қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы жəне атқаратын қызметтері, жоғары əскери оқу орындары, олардың əскери мамандарды даярлаудағы рөлі (1 сағат).



22. Қарулы Күштердің, басқа əскерлердің жəне Қазақстан

Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары (5 сағат):

1) Қарулы Күштердің, басқа əскерлердің жəне Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары. Жалпыəскери жарғылардың əскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы. Əскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Əскери атақ жəне айыру белгілері (1сағат);

2) əскери қызметкерлер жəне олардың өзара қарым-қатынастары,

бастықтар жəне бағыныштылар, аға жəне кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, əскери əдептілік ережесі жəне əскери қызметкерлердің тəртібі, бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі, бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасау (1 сағат);

3) əскери тəртіп, оның мəні жəне маңызы, əскери тəртіпті сақтау бойынша əскерилердің міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тəртіптік жаза (1 сағат);

4) ротаның тəуліктік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы жəне қарулануы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау жəне жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл жəне өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері, бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің əрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мəлімдеме беру тəртібі, ротаға басқа ротаның əскерилері келген кездегі, рота аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің əрекеттері (1 сағат);

5) қарауылдық қызметтің атқаратын қызметі мен міндеттері, сақшының міндеттері, бекет, оны жабдықтау жəне жарақтандыру (1сағат).

23. Тактикалық дайындық (8 сағат):

1) бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану жəне ұрыстық техника,

бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері (1 сағат);

2) қазіргі заманғы ұрыстың сипаты, жауды жою құралдары, сарбаздардың

жəне əскери бөлімдердің ұрыстық міндеттерді сəтті орындауларын қамтамасыз ететін шарттар (1 сағат);

3) бөлімшенің ұрыстық жəне жорықтық тəртібі, бөлімшенің ұрыстық

əрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану, жасырыну, қорғау, инженерлік, химиялық, тылдық жəне техникалық қамтамасыз ету), бөлімшені басқару, ұрыс кезіндегі сарбаздың міндеттері (1 сағат);

4) инженерлік бекіністер, Қазақстан Республикасының жаяу əскерге қарсы жəне танкіге қарсы негізгі миналары, олар туралы техникалық-тактикалық мəліметтер, жалпы құрылысы жəне əрекет ету механизмі, миналарды орнататын орын жəне орнату тəртібі, жасырынған миналарды, анықтау табу тəсілдері (1 сағат);

5) жаяу тəртіппен əрекет ету кезіндегі сарбаздың қозғалу тəсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі əрекет (1 сағат);

6) шабуылдағы сарбаз, шабуылға дайындалу кезіндегі əрекеттер жəне оқпанадан шығып қозғалу тəртібі, шабуыл кезінде жауды жою тəсілдері (қол гранаталарымен, қарумен ату жəне қоян-қолтық ұрыс кезінде) (1 сағ.);

7) қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын орынды) таңдау жəне орналасу. Жатып атуға арналған оқпананы жабдықтау жəне жасыру (1 сағат);

8) бақылаушы сарбаз, бақылау жасауға арналған орынды таңдау жəне жабдықтауға қойылатын талаптар, жергілікті жерде бақылау жүргізу тəсілдері жəне түрлі нысандарды айқындау белгілері бойынша табу, бақылау жүргізу нəтижелері бойынша мəлімдеу тəртібі (1 сағат).



24. Атыс дайындығы (8 сағат):

1) Калашников автоматы жəне қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы жəне жұмыс істеу тəртібі (1 сағат);

2) Калашников автоматын (қол пулеметін) бұзу жəне жинау, қару жəне патронды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жартылай бұзудан кейін автоматты жартылай бұзып-жинау (1 сағат);

3) Калашников автоматының (қол пулеметінің) жəне патронның атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы (1 сағат);

4) Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға даярлау, автомат жабдықтары, атудан кейін автоматты тазалау жəне майлау тəртібі, автоматты сақтау, автомат пен оқтарды тексеру жəне атуға даярлау, ату кезінде болуы мүмкін кедергілер жəне оларды жою амалдары (1 сағат);

5) Калашников автоматын (қол пулеметін) бұзу жəне жинау, оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы, оқтау жəне ату кезіндегі автоматтың мехнизмдерінің жұмысы (1 сағат);

6) Калашников автоматынан (қол пулеметінен) атуға ыңғайлануға жаттығу, оқжатарды оқтау жəне оны қалташыққа салу, таянып жатып атуға дайындалу (ату қалпын қабылдау жəне автоматты оқтау), ату (нысананы жəне өткізгішті дəлдеу, автомат дүмін иыққа тіреу, көздеу, шүріппені басу жəне ату кезінде автоматты ұстау), атуды аяқтау, оғын алу жəне атуды аяқтаған соң автоматты тексеру (1 сағат);

7) «Жарықшақты қол гранаталары (1 сағ.): жарықшақты қол

гранаталарының (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) атқаратын қызметі, ұрыстық

қасиеттері, гранатаның жəне тұтандырғышының құрылысы, гранатаны лақтыру кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, гранатаны лақтыруға дайындалу (1 сағат);

8) жарықшақты қол гранаталарын алысқа жəне дəл лақтыру (1 сағат).

25. Саптық дайындық (7 сағат):

1) сап түрлері жəне олардың элементтері, алдын-ала жəне орындауға берілетін пəрмендер, сарбаздың сапқа тұруға дейінгі жəне саптағы міндеттері, бір орында тұрып сəлем берген əскеримен сəлемдесу (1сағат);

2) саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Баскиімді – ШЕШ», «Баскиімд – КИ» пəрмендерін орындау (1 сағат);

3) бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру жəне қайтадан бір қатарға сап құру (1 сағат);

4) саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу (2 сағат);

5) бір орында жəне қозғалыс кезінде сəлемдесу тəсілдерін орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру (1 сағат);

6) саптан шығу, бастыққа бару, қайта сапқа тұру (1 сағат).

26. Əскери топография (2 сағат):

1) жергілікті жерде картасыз бағдарлау, бағдарлау туралы түсінік, көкжиек тұстарын компас бойынша, аспан белгілері жəне жергілікті жер бедері бойынша анықтау, өзінің орналасқан жері туралы мəлімдеме беру;

2) магнитті азимутты анықтау, азимут жəне оны анықтау, көкжиек тұстары мен бағыттарын жергілікті заттар бойынша анықтауға жаттығу
5 күндік далалық оқу жиынында өткізілетін тақырыптар:

27. Оқу жиынына оқу материалын тақырып бойынша жоспарлау үлгісі.



28. Тактикалық дайындық – 16 сағат:

1) əскери бөлімнің қарулануы жəне ұрыстық техникасымен, атқаратын қызметі жəне техникалық-тактикалық сипатымен танысу, қарулануды жəне ұрыстық техниканы іс жүзінде көрсету (2 сағат);

2) жаудың танкілері мен бронды машиналарының ұрыстық сипаты жəне

олардың əлсіз тұстары, жаудың танкілері мен бронды машиналарын жоюдағы бөлімшенің қарулануының ұрыстық мүмкіндіктері, жаудың танкілері мен бронды машиналарын жою үшін танкіге қарсы қол гранаталарын қолдану (1 сағат);

3) шетел армияларының əуеден шабуылдау құралдары, жаудың ұшақтары мен тікұшақтарының ұрыстық сипаты жəне əрекет ету тактикалары, оларды ажырату белгілері, шетел армияларының төмен ұшатын ұшақтары жəне тікұшақтарымен күресуде атыс қаруын қолдану (1 сағат);

4) бөлімше позициясын инженерлік жабдықтау жəне оқпана, траншея, таса мен мина жарылғыш бекіністер орнатумен таныстыру (1 сағат);

5) жаудың оқ атуы кезінде ату позициясын (атыс жүргізетін орын) қабылдау, оқпана қазу жəне оны жасыру (1 сағат);

6) шабуылдау кезінде сарбаздың колоннада қозғалуы жəне бөлімшенің ұрыс жүргізуі кезінде өз орнын табуы, жолдағы кедергілерден өту жəне шабуылдау, траншеядағы жауды қарудан ату, гранат лақтыру жəне қоян-қолтық ұрыста жою тəсілдері, шабуылдау нысанын басып алу, шабуылдау кезінде радиобелсенді (улы) заттармен зақымдалған жерлерде əрекет ету (3 сағат);

7) қарсыласпен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде сарбаздың бөлімше позициясында өз орнын алуы, жау ядролық қару қолданғанда, атуға дайындалған, əуеден шабуылдаған, радиобелсенді, химиялық жəне бактериологиялық зақымдау қаруын қолданғаны туралы дабыл қағылған кезде орындалатын əрекеттер, жаудың танкілері мен жаяу əскерінің түрлі бағытпен

бастаған шабуылына тойтарыс беру, жаудың əуе нысандарын ату (2 сағат);

8) бақылаушы сарбаз, бақылау жүргізуге арналған орынды таңдау, оны жабдықтау жəне жасыру, əскери нысандарды анықтау жəне бақылау нəтижелері туралы мəлімдеме беру, жергілікті жердің үлгісін құру жəне əскери нысандарды үлгіде белгілеу (2 сағат);

9) шолушы болып тағайындалған сарбаздың əрекеттері. Шолушының

қимыл-əрекеттері жəне жергілікті жер мен заттарды (ор, орман, елді-мекен, көпір, өзен жəне т.б.) шолу, бақылау нəтижелері туралы мəлімдеме, жау əуеден шабуылдағанда жəне ядролық жарылыс кезінде берілген дабыл бойынша əрекет ету (2 сағат);

29. Атыс дайындығы - 4 сағат:

1) пневматикалық винтовкадан ату, төртінші дайындық жаттығуын орындау (2 сағат);

2) жарықшақты жəне танкіге қарсы қол гранаталарын лақтыру (2 сағат).

30. Қарулы Күштердің, басқа əскерлердің жəне Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпы əскери жарғылары - 4 сағат:

1) əскери бөлімнің тарихы, əскерилердің орналасуы, ақпараттық-тəрбие бөлмесі, қару сақтайтын бөлме, оқу қалашықтары, спорттық база, асхана (2 сағат);

2) бекеттегі сарбаздың əрекеттері, бекеттегі сарбаздың қаруын ұстау қалпы, қаруды оқтау тəртібі, бекетті қабылдау жəне тапсыру кезіндегі, бекетті өрт шыққанда жəне бекет маңында немесе көрші бекетте тəртіп бұзылған кездегі сақшының əрекеттері (1 сағат);

3) бекетке шабуыл жасалған кездегі сақшының əрекеттері, қаруды қолдану тəртібі (1 сағат).



31. Саптық дайындық – 4 сағат:

1) саптық тəсілдер жəне қарумен орындалатын қимыл-əрекеттер,

«Автоматты кеудеге», «Белдікке», «Қаруды қой», «Қаруға», «Қаруды» тəсілдерін орындау (1 сағат);

2) бөлімшені жазылған жəне жорықтық сапқа тұрғызу, бөлімшені жазылған саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу жəне қайтадан жазылған сапқа тұрғызу, бөлімшенің ажырауы жəне қосылуы (1 сағат);

3) сапты басқару белгілері - «Назар сал», «Командирлерді жина», «Бас», «Тоқта», «Қашықтықты ұлғайт», «Қашықтықты қысқарт», «Колоннаға», «Барлығың шеңбермен», «Барлығың оңға (солға)» жəне т.б. (1 сағат)

4) машина маңындағы жəне машинадағы əскерилердің əрекеттері, машина маңында сапқа тұру, отыру жəне орналасу, отыру кезіндегі қаруды ұстау қалпы, машинадан түсу (1 сағат).



32. Əскери топография (2 сағат):

1) жергілікті жерде картасыз бағдарлау: жергілікті жерде картасыз

бағдарлау. Азимут бойынша қозғалу.

3. Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны

33. Қарулы күштер – Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда - 2 сағат:

1): мемлекеттің əскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері (1 сағат);

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери дəстүрлерінің

құрылу тарихы, офицер мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері (1 сағат).



34. Саптық дайындық (3 сағат):

1) саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу (2 сағат);

2) бір орында жəне қозғалыста сəлемдесуді орындау, қозғалыс кезінде

сəлемдесуге жауап беру (1 сағат).



35. Өмір қауіпсіздігінің негіздері (25 сағат):

1) азаматтық қорғаныс – жалпымемлекеттік қорғану іс-шаралары жəне оның міндеттерінің жүйесіндегі құрам-бөлік, шаруашылық нысандарын (оқу

орындары) азаматтық қорғаудың ұйымдастыру құрылымы, əскери емес азаматтық қорғаныс, олардың атқаратын қызметі жəне жабдықталуы (1 сағат);

2) ядролық қару жəне оның сипаттамасы, ядролық жарылыс түрлері,

ядролық жарылыстың зақымдау факторлары (толқынды соққы, жарықтық сəулелену, радиацияның денеге өтуі, радиоактивті зақымдау жəне элетрлімагниттік импульс) жəне олардан қорғану əдістері, нейтронды оқ-дəрілердің зақымдау ерекшеліктері (1 сағат);

3) ядролық зақымдау ошағы жəне оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы жəне олардың сипаттамасы, ядролық жарылыс бұлтының ізінен пайда болатын зақымдау аумағы жəне оның радиациялау деңгейі, сəулелену мөлшері, радиациялау деңгейі жəне оларды өлшеу бірлігі туралы жалпы түсінік (1 сағат);

4) химиялық қару жəне оны қолдану белгілері, улы заттар, оның зақымдау қасиеттер жəне одан қорғану əдістерінің қысқаша сипаттамасы, химиялық зақымдау ошағы, зақымдаудың алғашқы жəне екінші аумақтары (1 сағат);

5) бактериологиялық (биологиялық) қару жəне оның зақымдау əсері мен қолдану белгілері, бактериялық құралдар, олардың зақымдау əсері мен одан қорғану құралдарына қысқаша сипаттама беру, бактериологиялық зақымдау ошағы жəне оның сипаттамасы, бактериологиялық зақымдау ошағында жүргізілетін іс-шаралар, карантин жəне обсервация (1 сағат);

6) жалпыəскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі жəне құрылысы,

ГП-5, ГП-4у, ПДФ-Ш газтұмылдырықтары құрылысының ерекшеліктері,

сауыт-қорғанысты (маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты жинау жəне қалтаға салу, газтұмылдырықты алып жүру мен қолдану ережелері, зақымдалған адамға кигізу əдістері, бұзылған газтұмылдырықты қолдану (1 сағат);

7) тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары, Р-2

респираторы жəне оны қолдану тəртібі, тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары (дəкеден дайындалған байлам, шаңға қарсы матадан дайындалған маска), олардың атқаратын қызметі, қорғау қасиеттері, оларды даярлау жəне қолдану əдістері, жеке аптекасы жəне химияға қарсы дербес қалта, олардың атқаратын қызметі жəне қолдану əдістері (1 сағат);

8) теріні қорғаудың қарапайым құралдары (күнделікті қолданылатын,

өндірістік киім жəне аяқкиім), қосымша герметизациялау жəне арнайы майды сіңдіру арқылы олардың қорғау қасиеттерін жоғарылату, арнайы киім үлгісінің атқаратын қызметімен таныстыру (Л-1 жеңіл қорғау киімі, сүзгілік қорғау қасиеті бар киім, жалпы əскери қорғану киімі) жəне оларды қолдану тəртібі (1 сағат);

9) нормативтерді орындау № 1 – газ тұмылдырықты кию, № 2 – респираторды кию, № 3 – «зақымдалған адамға» газ тұмылдырық кигізу, № 4 –дəкеден байлам əзірлеу жəне кию, 5 – жалпыəскери қорғану киімін кию (1 сағат);

10) ұжымдық қорғану құралдары - жасырынатын орын жəне радиацияға қарсы таса, олардың қорғау қасиеттері, жалпы құрылысы жəне бөлменің ішін жабдықтау, жасырынатын орынға орналасу жəне ондағы тəртіп. Радиациядан қорғануға арналған жерасты жəне жер бетіндегі бөлмелер(ғимараттар), жасырынатын орынды толтыру, белгі бойынша тасадан (бөлмеден) шығу жəне негізгі жол бітеліп қалған жағдайда шығу амалдары, қарапайым тасалар,

жабынды тасаны əзірлеу, оның атқаратын қызметі жəне қорғау қасиеттері (1 сағат);

11) эвакуациялау жəне тұрғындарды орналастыру əдістері мен тəртібі, эвакуациядағы адамдардың міндеттері, оларды қажетті жабдықтармен жəне тамақпен қамтамасыз ету, эвакуация бекетіндегі тəртіп, жүру бағыты жəне орналастын орынға келу ережелері (1 сағат);

12) азаматтық қорғанысты хабарлау белгілері жəне əрекет ету тəртібі, тұрғындардың радиобелсенді жəне химиялық зақымданған аудандарда əрекет ету тəртібі (ұжымдық жəне дербес қорғану құралдарын қолдану, дербес қорғанудың медициналық құралдарын пайдалану, АИ дербес аптекасындағы радиоқорғаныс құралдарын қолдану) (1 сағат);

13) ядролық зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттер, олардың қысқаша сипаттамасы, құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын күш жəне құралдар, ядролық зақымдау ошағында қирау орындарын жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттер (1 сағат);

14) құтқару жұмыстарын орындаудың əдіс-тəсілдері - жұмысқа бару

бағытын жəне учаскені (нысанды) барлау; қирандыларды тазалау жəне оған өту; өртті сөндіру жəне жəбір көрушілерді құтқару; қираған құрылымдарды ашып, жəбірленушілерді алып шығу; құлаған құрылымдарға ауа беру; жəбірленушілерге алғашқы дəрігерлік көмек көрсету; тұрғындарды қауіпті аймақтан қауіпсіз аудандарға көшіру (1 сағат);

15) адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау жəне залалсыздандыру, адамдарды жартылай жəне толығымен санитарлық өңдеу, жартылай санитарлық өңдеуді жүргізу тəртібі, дезактивация, дегазация жəне дезинфекция: оларды жүргізуге қажетті заттар мен ертінділер, қорғану киімдері мен аяқкиімдерін, қару мен техниканы жартылай дезактивациялау, дегазациялау жəне дезинфекциялау əдістері (1 сағат);

16) радиациялық барлау жəне дозиметрлік қадағалау құралдары,

радиобелсенді заттар жəне олардың сəулелендіру жолын табудың иондалған əдісінің негіздері, ДП-5В мөлшер қуатын өлшегіш (радиометр - рентгенметр), оның атқаратын қызметі, құрылғының техникалық-тактикалық құрылысы, жұмысқа дайындалу, жергілікті жерді жəне судың радиация деңгейін өлшеу, құрылғыны күту, ДП-22В (дербес дозаметр) радиобелсенді сəулеленуді қадағалау құралы, атқаратын қызметі жəне жұмысқа даярлау, сəулелену мөлшерін өлшеу, сəулеленуді ұжымдық жəне дербес қадағалау (1 сағат);

17) химиялық барлаудың əскери құрылғысының (ХБƏҚ) атқаратын

қызметі жəне құрылысы, ауадағы, жергілікті жерлердегі, қарулануда бар қауіпті жəне қауіпсіз құрамдағы УЗ анықтау тəртібі, төмен темпереатура кезінде аудағы УЗ анықтау, химилық бақылауды ұйымдастыру, құрылғыны күту (1 сағат);

18) барлау, оның міндеттері, барлауға қойылатын талаптар, оны жүргізу

əдістері, радиациялық жəне химиялық қадағалау бекеті, оның атқаратын қызметі мен құрамы, жабдықталуы жəне жарақталуы, жау ядролық қару қолданған кезде, радиобелсенді жəне химиялық зақымдану анықталған жағдайда бақылау жүргізу тəртібі, дабыл қағу жəне бақылау нəтижелері туралы мəлімдеме, бақылау жүргізу дəптерін толтыру (1 сағат);

19) табиғи апат, олардың сипаттамасы жəне апаттың салдары, табиғи апатты тұрғындарға хабарлау жəне табиғи апат кезінде тұрғындардың əрекет ету тəртібі, табиғи апат салдарын жою жəне құтқару жұмыстарын жүргізуге тұрғындартың ат салысуы, қоғамдық тəртіпті сақтау, жеке жəне мемлекеттік мүлікті қорғау (1 сағат);

20) жарақат жəне оның түрлері туралы түсінік, дененің күю себептері жəне оның өмірге қауіп төндіру дəрежесі, естен танудың пайда болу себептері, жарақаттану мен қансырау кезінде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, асептика жəне анитсептика туралы түсінік (1 сағат);

21) жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер, көктамырлардан жəне ұсақ тамырлардан аққан қанды тоқтату əдістері, таңу түрлері, бинтпен таңудың негізгі түрлері, ұстап тұрушы байламдар, қысып тұратын байламды таңу тəртібі (1 сағат);

22) бас, кеуде, құрсақ, дененің жамбас бөлігі жəне аяқ-қолдарды таңу ережесі жəне əдістері (1 сағат);

23) бас жəне ми жараланған кезде жəбірленушіге алғашқы дəрігерлік көмек көрсету, көкірек қуысының жарақаттану сипаты, көкірек қуысы жəне құрсақ жараланған кезде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек (1 сағат);

24) сүйектің сынуы жəне оны анықтау туралы түсінік, буынның шығып

кутуі, сіңірдің созылуы жəне оларды анықтау, шинаны салудың негізгі тəртібі, бассүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі, аяқ-қол сүйектері сынған жағдайда қолда бар заттарды пайдаланып алғашқы дəрігерлік көмек көрсету əдістері (1 сағат);

25) үсудің алдын алу шаралары жəне үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары жəне күн тиген кезде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, өкпені жасанды желдендіру жəне жүрекке жанама массаж жасау əдістері (1 сағат).



26) қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) 4 сағат

4. Оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

36. Оқушылардың дайындық деңгейлері пəндік, тұлғалық, жүйелік-əрекеттік нəтижелер бойынша бағаланады.

37. Пəндік нəтижелер екі аспектіде айқындалады: білуі/түсінуі тиіс жəне меңгере білуі тиіс.

38. 10-сынып оқушылары:

1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы

Қарулы Күштерінің алатын орны жəне рөлі;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рəміздері жəне əскери бөлім туының маңызы;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскер түрлері, офицерлік жəне сержанттық құрамның əскери атақтары;

4) ел тəуелсіздігін жəне мемлекетіміздің территориялық тұтастығын қорғау бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық жəне заң шығарушы құқықтары мен міндеттері.

5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпыəскери жарғылары

26) қарулы Күштердің Тəртіптік жарғыларының ерекшеліктері жəне жалпы талаптарының мазмұны;

7) қарулы Күштердің ішкі қызмет жарғыларының ерекшеліктері жəне

жалпы талаптарының мазмұны;

8) қарулы Күштердің саптық жарғыларының ерекшеліктері жəне жалпы талаптарының мазмұны;

9) қазіргі заманғы ұрыстың жалпы сипатын;

10) ұрыс түрлері жəне олардың сипатын;

11) мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру жəне оның қарулануын;

12) автоматтың (пулеметтің) атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы мен жұмыс істеу механизмдерін;бөлімшенің ату карточкасын құруды;

13) қару жəне оқ-дəрілерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;

14) «сап» жəне «сап элементтері» анықтамаларын;

15) сапқа тұру жəне саппен қозғалуға арналған пəрмендер, алдын ала

берілетін жəне орындауға берілетін пəрмендердің арасындағы айырмашылықты;

16) саптық жəне жорықтық адыммен қозғалу, бір орында жəне қозғалыс кезінде бұрылуды орындау əдістеріді;

17) бөлімшені бір жəне екі қатарға тұрғызуға берілетін пəрмендер жəне тұру тəртібі; бір қатардан екі қатарға сап құру жəне екі қатардан бір қатарға қайта сап құруды;

18) саптан шығу жəне қайтадан сапқа тұруды орындауға берілетін

пəрмендер жəне орындауды;

19) бағдар жəне жергілікті жерде бағдарлау туралы жалпы түсінікті;

20) Адрианов компасының құрылысын;

21) азимут туралы түсінік: А – шынайы азимут, мА – магнитті азимуты, δ –магниттік тəуелділікті;

22) компас бойынша көкжиек тұстарын анықтау əдістерін;

23) магнитті азимут бойынша қозғалудың мəнін білуі/түсінуі тиіс.

39.10-сынып оқушылары:

1) бөлімшенің ату карточкасын құруды;

2) кез келген жерде жаудың оғының астымен қозғалуды;

3) кедергілерден (бекіністер) өтуді;

4) бақылау жəне атыс жүргізетін орынды таңдау, сондай-ақ ұрыс кезінде оқпана қазуды;

5) «Радиациялық қауіп», «Химиялық дабыл!», «Əуе!», «Бөлімше, ұрысқа!» белгілері бойынша əрекет етуді;

6) автоматтың (пулеметтің) атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы мен жұмыс істеу механизмдерін;

7) қару жəне оқ-дəрілерді қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;

8) автоматтың (пулеметтің) жарамдылығын, тазалығын тексеру, оны

майлау жəне атуға дайындауды;

9) саптық қалыпты қабылдау, «Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!» жəне «Жинақтал!» пəрмендерін орындауды;

10) саптық жəне жорықтық адыммен қозғалу, бір орында жəне қозғалыс кезінде бұрылуды орындау əдістерді;

11) саптан шығу жəне қайтадан сапқа тұруды орындауға берілетін

пəрмендер жəне орындауды;

12) бас киіммен, бас киімсіз бір орында жəне қозғалыста сəлемдесуді орындауды;

13) жергілікті жерде бағдарлауды;

14) компас бойынша бағдарға қатысты магнитті азимут бағытын

анықтауды;

15) магнитті азимут бойынша жергілікті жерде қозғалуды орындай білулері керек.

40.11-сынып оқушылары:

1) əскери қызметті өтудің құқықтық негіздерін;

2) əскерге шақырушылар мен əскерге шақыру жасына дейінгілерді

даярлауды;

3) əскери мамандықтар бойынша даярлықты;

4) қозғалыс кезінде бұрылуды;

5) қарумен сапта тұруды;

6) машина маңында жəне машинадағы сарбаздың əрекеттерін;

7) сапты жəне машинаны басқаруға арналған белгілерді: қолмен,

жалаушамен жəне шаммен;

8) радиациялық құралдар жəне химиялық барлауды;

9) радиациялық жəне химиялық қадағалау бекетінің құрамындағы

барлаушының əрекеттерін;

10) жұқпалы аурулардың негізгі топтарының сипаттамасын;

11) карантин жəне биологиялық зақымдау ошағында обсервациялауды;

12) қыша қолдану арқылы қанайналымға əсер ету шараларын;

13) бинтпен таңудың негізгі əдістерін;

14) нығайтушы жəне қысушы байламдарды таңу ережелерін;

15) бас, кеуде жəне құрсақ жарақаттанған кезде байламды таңу

ерекшеліктерін;

16) өкпені жасанды желдендіру тəсілдерін («ауызбен ауызға», «ауызбен мұрынға», Сильвестр бойынша, Каллистов бойынша) білуі/түсінуі тиіс.

41.11- сынып оқушылары:

1) машина маңында жəне машинадағы əрекет ету кезінде бұйрық беруді;

2) қарумен түрлі қимыл-қозғалыс əрекеттерін орындауды;

3) қозғалыс кезінде бұрылуды;

4) белгінің көмегімен сапты жəне машинаны басқаруды.

5) радиациялық жəне химиялық барлау құралдарымен жұмыс істеуді;

6) науқасты күтуді;

7) артериялық қысымды анықтауды;

8) жүрекке жанама (жабық) массаж жасау жəне өкпені жасанды

желдендіруді;

9) ашық жəне жабық түрдегі сынықтарда шина қолдана отырып алғашқы

дəрігерлік көмек көрсетуді;

10) бассүйек, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі жəне аяққол сынған кезде алғашқы дəрігерлік көмек көрсетуді (қолда бар құралдарды пайдалана отырып);

11) бас, кеуде, құрсақ, жамбас жəне аяқ-қолға байлам таңуды;

12) түрлі қайғылы оқиғалар кезінде (үсу, күн тию, электрлік жарақат, суға бату) алғашқы дəрігерлік көмек көрсетуді орындай білулері керек.

42. Тұлғалық нəтижелер,оқушылардың бойында:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заң жəне тəртіпке деген

құрмет;

2) белсенді азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, өз Отанына қызмет ету

жəне қорғауға дайындық;

3) мемлекеттік жəне ана тілін меңгеру; қазақ халқының жəне Қазақстан аумағында өмір сүретін өзге де ұлт өкілдерінің тарихына, мəдениеті мен дəстүрлеріне жəне өзге де құндылықтарына құрметпен қарауы;

4) жеке басының қауіпсіздігі жəне өзін қоршаған адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдылары;

5) үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болу; өзге адамдарға деген жақсылық жасау жəне қамқор болуы керек.

43. Жүйелік-əрекеттік нəтижелер,оқушылар:

1) адамзат қоғамын дамыту үшін ғылым негіздері мен ғылыми жетістіктер жүйесін;

2) ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, сараптай жəне қолдана алуды;

3) таным, құру, зерттеу əдістері жəне оларды қолдануды;



4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды білулері керек.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет