Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
4) ведомстволық статистикалық бақылау жүргізеді;
5) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7)аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық және халықаралық спорт жарыстарын, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;
8) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру және спорт практикасына енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
10) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады
12) спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтар береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды мынадай спорттық атақтардан айырады: «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы»;
13) біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы жоғары санатты спорт төрешісі, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі;
14) республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
15) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындық және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілерді және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;
16) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекітеді;
17)халықаралық спорт жарыстары тізімін әзірлейді;
17-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді;
17-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оларды қайтару қағидаларын әзірлейді;
18) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету төлеу қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді және төлемдерді қамтамасыз етеді;
19) дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
20) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттар беруге арналған нормалар мен талаптарды бекітеді;
21)спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекітеді;
22) республикалық аккредиттелген федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекітеді;;
23) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекітеді;
24) спорттық атақтарды, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
25) жарыстар, оқу-жаттығу жиындары түрлерінің тізбесін бекітеді және олардың сыныптамасын айқындайды;
26) спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекітеді;;
27) спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидаларын бекітеді;
28) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
29) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуы бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын жыл сайын бекітеді;
30)спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекітеді;;
31) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жасын бекітеді;
32) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуы бойынша – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша Мемлекеттік жаттықтырушыларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен келісу бойынша – олимпиадалық спорт түрлері бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша келісім – Қазақстан Республикасының Ұлттық Сурдлимпиада комитетімен келісім бойынша;
33) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін жүзеге асырады;
35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін даярлау және олардың халықаралық спорттық жарыстарға қатысуы кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді;
36) спорт түрлерін, спорт пәндерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;
37) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;;
38) республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
39) оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;
40)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 29.09.2014 № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды;
41)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 29.09.2014 № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды;
42)спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларын бекітеді;
43) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарының тізілімін жүргізеді;
43-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорттық іс-шараларға, оның ішінде оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақшалай қаражатты жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
44) спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорт ұйымдарына «үздік» номинациясында атақтар беру қағидаларын бекітеді;
45) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын әзірлейді;
46) спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекітеді;
47) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекітеді;
48) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі;
49) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;
50) республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;
50-1) жеңімпаздарына дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
50-2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
51)спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың тамақтану нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
52) жоғары сыныпты спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары сыныпты спортшылармен, дене шынықтыру және спорт саласындағы жаттықтырушылармен және мамандармен спорттық қызмет туралы шарттар бойынша ақша төлемдерінің мөлшерін бекітеді;
53) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекітеді;
54) спорттық іс-шаралар шығыстарының құрылымын бекітеді;
55) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді;
56) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді;
57) 29.09.2014ж. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
58) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарын әзірлейді, жасасады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, Халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
59) 11.05.2017ж. № 65-VI ҚР Заңымен алып тасталды(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
60) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
61) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
62) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлейді және бекітеді;
63) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
64) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі;
65) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
65-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65-2) Қазақстан Республикасының спорт этикасын әзірлейді және бекітеді;
65-3) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен Мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
65-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
65) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
65-5) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65-6) осы Заңға сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;
65-7) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлейді;
65-8) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65-9) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65-10) мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
65-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
66) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 29.09.2014ж. № 239-V ҚР Заңына 7-бапқа өзгерістер енгізілді (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.05.2017ж. № 65-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017ж. № 91-VI заңдарымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018ж. № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен; 01.04.2019ж.№ 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019ж. № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020ж. № 395-VI заңдарымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2баптан қараңыз);
Достарыңызбен бөлісу: |