Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №284 бұйрығы



Дата19.06.2016
өлшемі57.5 Kb.
#148124
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 284 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 86) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына мәлімет үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрі

 

 

Т. Дүйсенова



 

Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

284 бұйрығымен



бекітілген

 

 



 

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік

нормативі

 

1. Аудандық деңгейде:



1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

халқының саны 50-ден (елу) 800 (сегіз жүз) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) медициналық пункт құрылады;

халқының саны 800-ден (сегіз жүз) 2 000 (екі мың) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) фельдшерлік-акушериялық пункт* құрылады;

тіркелген халқының саны 2000 (екі мың) және одан көп елді мекенде (ауылдық округте) дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) құрылады;

тиісті медициналық кадрлар және үй-жайлары болған кезде тіркелген халықтың саны 10000 (он мың) адам және одан асатын шағын ауылдық елді мекендерде ауылдық емхана құрылады;

аудан орталығында аудандық емхана (бұдан әрі - АЕ):

2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

қызмет көрсетілетін халықтың саны 5000 (бес мың) адамнан кем болмайтын ауылдық елді мекендерде ауылдық аурухана;

аудан орталығында аудандық аурухана;

қызмет көрсетілетін халықтың саны 20 000 (жиырма мың) адам және одан да көп ауылдық елді мекендері бар ауданда нөмірлік аудандық ауруханалар құрылады;

қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (жүз мың) адам және одан көп аудандарда орталық (аудандық) аурухананың базасында көп бейінді ауданаралық аурухана;

туберкулезге қарсы аурухана (диспансер) аудандық (ауданаралық) деңгейлерде құрылады;

3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары - жедел медициналық жәрдем станциясы орталық (аудандық) және көп бейінді аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде;

4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары - ауылдық (аудандық, көп бейінді) аурухананың жанындағы оңалту бөлімшесі (төсектері);

5) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар - ауылдық (аудандық, көп бейінді) аурухананың жанындағы хоспис (бөлімше, төсектері);

6) патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - орталықтандырылған патологоанатомиялық бөлімше аудандық (көп бейінді) аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде;

7) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары - саламатты өмір салтын қалыптастырудың аудандық орталығы.

2. Қалалық деңгейде:



1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

тіркелген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем емес қалаларда бір аумақтық учаске шегінде дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы);

тіркелген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда бір аумақтық учаске шегінде қалалық емхана (бұдан әрі - ҚЕ), бірақ кемінде бір ҚЕ;

республикалық маңызы бар қалада және астанада стоматологиялық емхана;

республикалық маңызы бар қалада және астанада консультациялық-диагностикалық орталық;

2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

қалаларда (аудан орталығын қоспағанда), республикалық маңызы бар қалада және астанада көп бейінді стационар түріндегі қалалық аурухана;

қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (бір жүз мың) адамнан 300 000 (үш жүз мың) мың адамға дейін болатын қалаларда көп бейінді стационар түрінде қалалық аурухана (жедел медициналық жәрдем ауруханасы);

республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (бір жүз мың) адамнан асатын қалаларда көп бейінді стационар түрінде қалалық балалар ауруханасы;

республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда перинаталдық орталық (көп бейінді стационар жанында перзентханалық бөлімше);

республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда туберкулезге қарсы аурухана (диспансер);

республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда онкологиялық аурухана (диспансер);

республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда наркологиялық аурухана (диспансер);

республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда психиатриялық аурухана (диспансер);

республикалық маңызы бар қалада және астанада тері-венерологиялық аурухана (диспансер, көп бейінді аурухананың жанында бөлімше);

республикалық маңызы бар қалада және астанада инфекциялық аурухана (көп бейінді аурухананың жанында бөлімше);

3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары:

республикалық маңызы бар қалада және астанада, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (бір жүз мың) адамнан асатын қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы;

тұрғылықты халықтың саны 100 000 (бір жүз мың) адамнан аспайтын қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары - қызмет көрсетілетін халықтың саны 150 000 (жүз елу мың) адамнан асатын қалаларда санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы;

5) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар - қызмет көрсетілетін халықтың саны 400 000 (төрт жүз мың) адамнан асатын жерлерде хоспис (бөлімше, төсектер), мейіргерлік күтім көрсететін аурухана;

6) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - республикалық маңызы бар қалада және астанада қан орталығы;

7) патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға ретінде немесе республикалық маңызы бар қалада, астанада және халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше;

8) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары - республикалық маңызы бар қалада және астанада саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы;

9) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары - республикалық маңызы бар қалада және астанада ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық.

3. Облыстық деңгейде:



1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

облыстық орталықта тіркелген халықтың саны 30 000 (отыз мың) адамнан аспайтын бір аумақтық учаскенің шегінде дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы);

тіркелген халқының саны 30 000 (отыз мың) адамнан асатын облыстық орталықта бір аумақтық учаске шегінде ҚЕ, бірақ кемінде бір ҚЕ;

стоматологиялық емхана:

консультациялық-диагностикалық орталық;

2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:

облыстық аурухана;

облыстық балалар ауруханасы;

перинаталдық орталық (көп бейінді ауруханалардың жанындағы перзентханалық бөлімше);

туберкулезге қарсы аурухана (диспансер);

онкологиялық аурухана (диспансер);

наркологиялық аурухана (диспансер);

психиатриялық аурухана (диспансер);

тері-венерология аурухана (диспансер), көп бейінді аурухананың жанындағы бөлімше;

инфекциялық аурухана (көп бейінді аурухананың жанындағы бөлімше);

3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдары:

жедел медициналық жәрдем станциясы;

халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесі (санитариялық авиация) облыстық аурухананың немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы айқындайтын өзге ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары - қызмет көрсетілетін халықтың саны 150 000 (жүз елу мың) адамнан асатын облыстық деңгейде оңалту орталығы, санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий;

5) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар - қызмет көрсететін халықтың саны 400 000 (төрт жүз мың) адамнан асатын жерде мейіргерлік күтім көрсететін аурухана, хоспис (бөлімше, төсектер).

6) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - қан орталығы;

7) патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар - патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға немесе стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше;

8) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары - саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы;

9) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары - ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталық.

4. Апаттар медицина ұйымдары - апаттар медицина орталығы республикалық деңгейде құрылады.

5. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары - дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы объектілер - «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы өндіретін ұйымдар.

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары республикалық деңгейде құрылады:



1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;

2) санитариялық-эпидемиологиялық станция;

3) обаға қарсы станция;

4) дезинфекция станциясы.

7. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар: ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.

8. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары - орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдары республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық, аудандық (аудандық маңызы бар қалада) деңгейлерде құрылады.

9. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг республикалық деңгейде құрылады.

10. Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіне сәйкес құрылады.

 

Ескертпе:



* Кодекстің 9-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тіркелген халқының көрсетілген саны бар ауылдық елді мекендерде кадрлар мен тиісті үй-жай болған жағдайда дәрігерлік амбулатория құрады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет