Денсаулық зор байлық



Дата06.03.2023
өлшемі18.11 Kb.
#470447
2-топ Денсаулық -зор байлық


Денсаулық - зор байлық
Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.


Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.


Фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.


Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық
Қазіргі таңда фаст фуд тағамдарын пісіріп, дайындайтын орындар көп. Оның көпшілігі адам денсаулығына өзінің кері әсерін тигізеді. Атап айтқанда, иммунитеттің төмендеуіне, тіс эмальдарының бұзылуына, инфарктқа, бүйрек ауруына, ас қорыту жүйелеріне зақым келтіреді, артық салмақ қосып семіздік ауруына ұшыратады.


Бүгінде жастардың арасында фаст-фуд тағамдарын қолдану жиілігі өте жоғары. Бұның себебі,көпшілік қауымның дұрыс тамақтануды біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі ретінде қарамауы.Яғни,өзін сау әрі салауатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігіне мән бермеуінде.
Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан…» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!
Фастфуд - бұл негізінен арзан, майлы және жоғары калориялы тағам, ол бос емес адамға жеңіл тамақ ретінде қол жетімді. Бұл, әрине, заманауи шындықтарда ыңғайлы, бірақ кез-келген фаст-фудтың пайдасы жоқ екенін түсіну керек. Егер сіз үйде гамбургерді жаңа піскен өнімдерден, көп май қолданбай және көкөністерді қоспай дайындасаңыз, оны жеудің зияны айтарлықтай төмендейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет