Оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Қазіргі уақытта орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуда тиімділігі жоғары түрлі оқыту технологиялары қолданылады. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік оқыту, ойындық технологиялық оқыту, коммуникативтік оқыту тағы басқа технологиялар қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренушілердің белсенділігін арттыруда қолайлы болып табылады.
Коммуникативтік технология деп оқуға қатысушылардың барлығын және мүмкін болған құрал-жабдықтар мен ақпараттарды қатыстыра отырып өзара белсенді тілдік қатынас әрекетіне ену негізінде оқу үрдісін құруды айтады. Оның жетекші әдісі – тілдік өзара қарым-қатынас. Қолданылатын жұмыс түрлері: ынтымақтастықта оқу (оқытушы мен оқушылар), жұптық оқыту (оқушылардың екеуара бірін-бірі оқытуы), топтық құрамда жұмыс істеу (топтардың құрамы өзгеріп отыруы шарт), оқу тілдік диалог (өзара пікір алысу). Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады.
«Коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағына білдіре келіп, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді. Осыдан барып «коммуникабельдік», түсінушілік деген сөздер мен ұғымдар пайда бола бастады. Коммуникация - қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді.
Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады. Оқушыларды белгілі бір дәрежеде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады.
Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі, олардың түпкі мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс. Осы біліктілік коммуниктивтік біліктілік деп аталады. Оқытудағы коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г.Нойнер, Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс ырғағы сияқты) әрекеттер арқылы болады. Ол алдын-ала жоспарланған, дайындалған болуы немесе жоспарланбаған болуы мүмкін. Сабақ үстінде әдетте дайындалған, жоспарлы сөйлеу коммуникациясына көп көңіл бөлінеді.
Коммуникативтік әдіс мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзады. Коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын іздестіруші Е.И.Пассов оқытудың коммуникативтік әдісінің негізгі белгілері деп мыналарды атап көрсетті:
1. Әдістің дифференциалдығы әр әдіс нақты бір мақсатқа жету құралы екендігінде көрінеді. Бұндай мақсат сөйлеу әрекетінің әрбір түрі, нақтылап айтқан осы әрекет түрін жасай білу.
2. Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі. Әдіс оқытудың тактикасы емес стратегиясын анықтайды және сол себептен осы таңдауды тілге,оқыту сатысына байланысты.
3. Коммуникативтік әдістің мүмкіншілігі сөйлеу әрекетінің берілген түрін жан-жақты қамтиды.
4. Әдісте негізгі өзек бар болғандығы немесе М.В.Ляковскийдің сөздерін пайдалансақ, «басты әдістемелік мәселенің шешуінің басымды ойы о бастағы әдістемелік мәселені шешу қызметінің бір-біріне байланысты болуын шарт етеді». Бұл негізгі ой әдіске кіретін кіретін принциптерді қарастырады, оларды интегралдайды. Осының негізінде Е.И.Пассов бұл өзара жағдай жасаған жеке әдістемелік принциптер жүйесі, бір стратегиялық оймен біріккен, сөйлеу әрекетінің қандай түрін болса да үйретуге бағытталған әдіс деп анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |