Деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата17.11.2023
өлшемі1.25 Mb.
#483546
1   2   3   4
Тұрмыс салт жырлары Pdf

Көңіл айту – азалы адамды жұбатуға арналған дәстүрлі ғұрыптық
салт. Бұл ізгі дәстүр көп халықтарда ертеден бар. К. а. жаны
ашығандықты, қайғыға ортақтықты, жақындықты, сыйластықты 
білдіреді. Қазақ халқында кісі, отбасы, ауыл, ру басына түскен қайғы-
қасірет, өлім-жетімге байланысты К. а. қара сөзбен де, өлеңмен де 
айтылады. Қаза алдымен естіртіледі де (қ. Естірту)`, содан кейін К. а. 
басталады. К. а-ға жұбату жалғасады. Бұл ғұрыптық салттардың бәрі 
өзара сабақтасып, адам ойын тереңнен тербеп, қайғысын сейілтетін
филос. ойлы, ұтқыр сөздермен көркем жеткізіледі. Негізгі ой мақал-
мәтелмен алыстан орағытыла келе, қайғылы адамның жігерін
қайрап, үмітін жебейді. Мыс., Байдалы би Уәлидің кіші әйелі 
Айғанымға “Үміт, сенім, тілек бар, қуантып, қуат алдырар. Жылау
деген азап бар, қуартып отқа жандырар. Мен қайғыңды қозғағалы 
келгем жоқ, қайратыңды қолдағалы келдім” деген екен. Бөлтірік 
шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанда “Аққу құсқа оқ
тисе, қанатын суға тигізбес, Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне 
сездірмес... Әлімдердің ақ сөзі, өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар, 
Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!” деп көңіл айтыпты. 
Адамның қайғысын бөлісу қазақ қоғамында ертеден тамырын үзбей 
келе жатқан рәсім.



Естірту– қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның
жақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы 
оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен Естірту
дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ардақты азаматы не 
батыр-бағланы өлген үйдің жанкүйер жақын, туыстарын азалы
хабарға дайындап, әзірлеп алу үшін естірту, көбінесе, “Аққу 
ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып шөлге кетті, ол адасып кеткен
жоқ, әркім барар жерге кетті” деген сияқты салыстырулар
түрінде болған. Ауыз әдебиетінде естіртудің мол ұшырасуы 
қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы 
болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге
көтерісетінін танытады. Жалғаншы дүниеде баянды ештеңе 
жоқ, бәрі де өтеді деген ишарадан кейін барып қана өлең
қайғылы халді естіртеді. Яғни естіртудің образдық
құрылысында пернелеу, тұспалдау басым. Мұнда поэтикалық
образ үшін табиғат құбылыстары, жануарлар, тарихи
тұспалар алынады, Қайғылы хабар содан кейін барып
естіртіледі. Ал өлеңнің соңғы бөлімі көңіл айтуға - жұбату 
жырына ауысады



Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан 
түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері
тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт
өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (
Ахмет
Байтұрсынұлы
), сыншылдық салт өлеңдері (
М.Әуезов
), салт
өлең-жырлары (
С.Сейфуллин
), тұрмыс-салтқа байланысты
туған шығармалар (
М.Ғабдуллин
), әдет-ғұрыппен байланысты
өлеңдер (
Б.Уахатов
), т.б. Уахатовтың “
Қазақтың халық
өлеңдері
” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне 
түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы
жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге 
жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, 
жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске 
ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде 
тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана
бастады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет