Сабақтың тақырыбы: Қоршаған дүние (әлем). Ө.Қ. Н



бет1/49
Дата21.11.2023
өлшемі334 Kb.
#483996
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Дүниетану пәнінен сабақ жоспары "Қоршаған дүние (әлем)". (1 сынып)


Пән: Дүниетану.
Өтілу мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған дүние (әлем). Ө.Қ.Н.
Сабақтың мақсаты: 1 Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру.
2.Әсемдікке баули отырып, логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Бір затпен екінші затты ажырата білу.Табиғатқа деген құштарлығын арттыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпты сабаққа дайындау. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Психологиялық дайындық.

Өзімді жақсы көремін,
Сені де сыйлаймын.
Бүгін, ертең,
Жақсылық болсын!
ІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.Өтілген материалдарды еске түсіру, сұрақтар қою.
ІІІ Жаңа сабақ: - Балалар,табиғат құбылыстарына нелер жатады? -Адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады? - Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде? Ендеше балалар, бүгін біз сендермен «Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар» а) Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы. Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік береміз.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
ә/ Мәтінді бөліктерге оқып беру;
б/ Әр бөліктің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға – солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
Дәптермен жұмыс
ІҮ. Қорытындылау:Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?
-Табиғат дегеніміз не? -Табиғат құбылыстары деген не?
-Табиғат заттарына нелер жатады?
-Табиғи нешеге бөлінеді?
Оларды ата. -Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:
Ү Бекіту кезеңі: Біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет