Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2015 жылы орындалуы туралы ақпарат 2016 жылдың 01 –қаңтар айына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»



Дата14.06.2016
өлшемі43.81 Kb.
#135927
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2015 жылы орындалуы туралы ақпарат
2016 жылдың 01 –қаңтар айына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға өтініш берген. 255 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалып жұмысқа орналасты, оның ішінде84 адам 29 жасқа дейінгі жас азаматтар. Өзін өзі жұмыспен қамтылған азаматтар саны 134, жұмыссыздар-91, және Жұмыспен қамту бөліміне тіркелмеген жұмыссыздар-30, аз қамтылған азаматтар саны-15 және7 мүгедектер.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру мынадай бағыттар бойынша атқарылады:



1бағыт: Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2бағыт: кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту;

3бағыт: жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Шілікті орта мектебі терезелерінің күрделі жөндеу жұмыстары, Қарабұлақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясының ағымдағы жөндеу жұмыстары және осы ауылдың көшелеріне су құбырын тарту жұмыстары, сондай-ақ Сартерек ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылыс жұмыстарын жалғастыру мен Зайсан қаласы Абай атындағы саябағының ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлық 5–жобаға 29 –адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, оның 50%-ы 15 –адамын жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарланған.Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданатын 15 адамның орнына 20 –адам жұмысқа жолданып, жоспар 133 % -ға орындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша Зайсан ауданы бойынша62,8 млн. теңге қаражат алынды, несиелік серіктестік арқылы 18 млн. теңге 1 жоба тауарлы сүт фермасын және 2 млн. теңге 1 жоба жеке мал шаруашылығын дамытушы. 20 млн. теңге несие қаражатын алу үшін «Сейфулла» несиелік серіктестігі мен «Ертіс» ӘКК ҰК АҚ-ы келісімшартқа отырды, соңғы қарыз алушыларға несие қаражаты аударылып берілді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 17 адам 42 млн. 800 мың теңге несие қаражаты алды. 2,2 млн. теңге 1 жоба, құжаттары қарастырылуда.

Жалпы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2015 жылы несие алған азаматтар ішінен барлығы 100 бас ірі қара малдары сатылып алынды. Оның ішінде:

Қалиев Азамат, Уалиев Асқар, Бокетов Тлеубек, Бокетов Ораз, Берикболова Айзат, Джадринова Раушан – 30 бас ірі қара

Типеев Елдар – 15 бас ірі қара

Омарғалиева Гүлзат – 7 бас ірі қара

Қарабаева Меруерт – 9 бас ірі қара

Сақалбаева Гүлнар – 9 бас ірі қара

Амренов Қайрат – 30 бас ірі қара
Зайсан ауданы бойынша 2011-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 301 адам 713,9 млн. теңге несие қаражатын алған, оның ішінде:


  • «Ертіс» ӘКК ҰК АҚ-ы арқылы 242 адам – 594,5 млн. теңге;

  • «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 59 адам 119,4 млн. теңге қаражат алған.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2015 жылдың 14 желтоқсан айына 40 млн. 057 мың 234 теңге, сонымен қатар 2015 жылдың 21 желтоқсан айына «Ертіс» ӘКК ҰК АҚ-ы берген ақпарат бойынша 4 тоқсанның қарыз сомасы 62 млн 624 мың 708 теңгені құрады. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қарыз сомасы 2015 жылдың 25 желтоқсан айына 58 млн. 656 мың 418 теңге болып отыр. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеретін болады.

Бүгінгі күнге 13 несиелік серіктестіктер бойынша төмендегідей қарыз қалыптасқан:

1.Ұшқын 2030 (Адибаев Саян), қарыз сомасы – 25 млн. 232 мың 297 т

2. Тәуекел 2020 (Богамбаева Алмагүл), қарыз сомасы – 13 млн. 226 мың 068 т

3. Сағыныш 2020 (Жакенова Кульнас), қарыз сомасы – 452 мың 526 т

4. Нұрдана 2020 (Амингазинова Гүлмира), қарыз сомасы – 1млн.635мың813 т

5. Айнабұлақ 2020 (Шәкенұлы Ризабек), қарыз сомасы – 6 млн. 104 мың 883 т

6. Мадияр 2020 (Байқоңыров Серік), қарыз сомасы – 1 млн. 330 мың 231 т

7. Әсем 2020 (Бұлғынбаев Қазбек), қарыз сомасы – 2 млн. 231 мың 975 т

8. Мирас 2020 (Әшімхан Аманкелді), қарыз сомасы – 2 млн. 078 мың 816 т

9. Самұрық-Зайсан (Себетбаев Әлібек), қарыз сомасы – 789 мың 204 т

10. Молшылық-А (Ахметжанова Алмагүл), қарыз сомасы – 829 мың 302 т

11. Жалғасыма 2020(Сақалбаева Гүлбақыт),қарыз сомасы –2млн.614мың796 т

12. Игілік (Кокышева Санияш), қарыз сомасы – 1 млн. 158 мың 070 т

13. Шынар (Қысбаев Ануарбек), қарыз сомасы – 996 мың 064 т

Қарызды қайтаруға байланысты ауданда комиссия құрылып, аптасына бір рет несиелік серіктестік төрағалары және соңғы қарыз алушылармен бірлесіп комиссия отырысы өткізіледі. Қала, ауылдық округ әкімдері мен жұмыспен қамту орталығы тарапынан соңғы қарыз алушылардың үйлері араланып, пайда болған қарызды жою туралы хабарланып отырады.

Әр сенбі сайын аудан орталығында жәрмеңкелер ұйымдастырылады, осы жәрмеңкеге ауыл әкімдеріне берілген тапсырмаға сәйкес несие алған қарызы бар борышкерлер малдарын өткізу басты назарға алынған.

Сонымен қатар «Ертіс» ӘКК ҰК АҚ-ына Жұмыспен қамту орталығы тарапынан 5 несиелік серіктестіктің келісімшарттарын бір жақты бұзу туралы хат жіберілді. Олар: «Әсем-2020», «Айнабұлақ-2020», «Мадияр-2020», «Мирас-2020» «Тәуекел-2020» несиелік серіктестіктері. «Ертіс» ӘКК ҰК АҚ-ы осы 5 несиелік серіктестіктердің істерін алдағы уақытта Зайсан аудандық сотына жіберетін болады.

Бағдарламаның үшінші бағытының бірінші компоненты негізінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша Зайсан технология колледжінде газэлектрдәнекерлеуші мамандығы бойынша 10 адам оқуын аяқтап 9 адам жұмысқа орналасты, 1 адам әскерге кеткен. Бөлінген қаржы 3042,0 мың теңге толығымен игерілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жолдау жоспарланған 10 мекемемен шарттар жасалып, 24 адам жұмысқа жолданды, бұл шараға 2544,0 мың теңге бөлінген.Қаржы толығымен игерілді. Жоспар 160 %- ға орындалды.

Жастар практикасына 10 адам жолдау жоспарланған, бұл шараға 2141,0 мың теңге бөлінген. 9 мекемемен шарттар жасалынып 16 адам оның ішінде 2 мүгедек жастар практикасына жолданды, бөлінген қаржы толығымен игерілді.жоспар 160 % -ға орындалды.

Бағдарламаның үшінші бағытының 2-ші компоненті

Зайсан қаласының Боқажанов көшесінде екі 60 – пәтерлі үйдің құрылысы жұмыстарының аяқтау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта жұмыс берушінің қажетті мамандықтары бойынша қоныстандырылатын азаматтардың тізімі мен құжаттары жинақталып, аудандық комиссияның бірінші отырысы үйымдастырылды. Комиссияның отырысы барысында 50 көшуге ниет білдіруші азаматтардың құжаттары қаралды, қазіргі уақытта екінші аудандық комиссияның отырысына құжаттар жинақталуда.



Жұмыспен қамту

орталығының директоры А.Алибеков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет