Мазмұны : I. Кіріспе



бет1/4
Дата25.12.2022
өлшемі327.26 Kb.
#467882
  1   2   3   4
Қадырхан Ш


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті



БӨЖ

Тақырып: Температура және оны өлшеу әдістері, өлшеу аспаптарының жіктелуі

Қабылдаған:Х.ғ.к., аға оқ. Түйебаев М
Дайындады:Қадырхан Ш
Тобы: ЖФЗ-011

Мазмұны :
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Температураны өлшеу әдістері.
2.2 Температураны өлшейтін аспаптар.
III. Қортынды
IV . Пайдаланған әдебтиеттер

I.Кіріспе
Температура - дененің қызу дәрежесін,макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын және денелер арасындағы жылу алмасу бағытын анықтайтын физикалық шама. Жалпы алғанда барлық технологиялық процестер мен заттың әртүрлі қасиеттері температураға тәуелді.
Температураның ұзындық, масса және т.б. физикалық шамалардан айырмашылығы, ол экстенсивті (параметрлі) емес, интенсивті (активті) шама болып табылады. Сонда, егер гомогенді денені екі түрлі бөлікке бөлсек, онда масса теңдей бөлінеді. Интенсивті шама болып табылатын температура мұндай аддитивті қасиетке ие болмайды, яғни термикалық тепе-теңдікте орналасқан жүйенің кез-келген микроскопикалық бөлігінің температуралары бірдей болады. Сондықтан экстенсивті шамалардың эталондарын құруға ұқсас температураның эталондарын құру мүмкін емес. Темпертураны тікелей өлшеуге жүгінетін дененің физикалық қасиеттерінің температурасына тәуелділігіне негізделе отырып, тек жанама жолмен өлшейді. Дененің мұндай қасиеттері термометриялық деп аталады. Оларға ұзындықты, көлемді, тығыздықты, термоЭҚК-ні, электр кедергісін және т.б. жатқызамыз. Термометриялық қасиеттермен сипатталатын заттар термометриялық заттар деп аталады. Температураны өлшеу құралдарын термометрлер деп атайды. Термометрді құру үшін температуралық шкала қажет.
Температуралық шкала деп температураның өлшенетін термометриялық қасиеттердің мәндерімен нақты функционалды санды байланысын айтады. Бұл байланыста температуралық шкаланы кез-келген термометриялық қасиетті таңдап алу негізінде құру мүмкіндігі беріледі. Сол уақытта температураны өзгертумен сызықты түрде өзгеретін және темпратураныөлшеудіңкеңаралығындағы басқа факторларға тәуелді емес бір де бір термометриялық қасиет болмайды.
Қазіргі кезде екі термометриялық шкала қолданылып келеді: абсолютті термодинамикалық және халықаралық тәжірибелік. Термодинамикалық шкаланың санау басы болып абсолютті ноль нүктесі таңдап алынған, ал жалғыз реперлі нүкте ретінде 273,16 К-ге тең судың үштік нүктесі қабылданған. Дегенмен термодинамикалық шкала газды термометрлердің көмегімен пайдалану қиындығына байланысты тәжірибеде кеңінен қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет