Балабақшадағы театрландырылған іс-әрекет түрлері



Дата03.01.2022
өлшемі18.46 Kb.
#451909
Балабақшадағы театрландырылған іс-әрекет түрлері


Балабақшадағы театрландырылған іс-әрекет түрлері

Жазушының өмірден ең алдымен іздеп табатыны - өз шығармасының тақырыбы. Егер жазушы творчествосы үш процестен (материалдарды жинау, материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) тұрады десек, тақырып осы үш кезеңді де қамтиды. Жазушы материал жинаған кезде өмірдің әр алуан құбылыстарын зерттейді де солардың ішінен ең керектісін алады. Болашақ шығармаға негіз болатын осы таңдап алынған керекті құбылыс. Сонда жазушының шындықтан таңдап, талғап алып өзінің көркем шығармасынан негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын шығарманын тақырыбы деп атайды.

Жазушы өз шығармасына тақырып етіп, өмір құбылыстарын таңдап алғанда сол құбылыстарға өзінің бағасын береді. Осы өмір құбылысы жайлы жазушының берген бағасы, ойы шығарманың идеясы деп атайды.

Идеясыз шығарма болмайды. Тақырып пен идея бір-бірімен тығыз байланысты. Идеясыз шығарма болмайтын секілді тақырыпсыз идея болмайды. Бұл құбылысты дағыстанның жазушысы Расул Гамзатов былай деп суреттейді:

“Ой мен сезім құс десек,

Тақырып-аспан

Ой мен сезім бұғы десек,

Тақырып – арман

Ой мен сезім елік десек,

Тақырып – тау

Ой мен сезім жол десек,

Тақырып – сол жол алып баратын шаһар”.

Өмірдегі шындықтың шынай әдеби шығармаға айналуында оның сюжеті мен композиясы үлкен роль атқарады.

Шығарманың сюжеті дегеніміз – М.Горькийше айтқанда “Адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, бірін-бірі жек көруі, жақсы көруі, яғни әрбір ойдың өсуі, жасалу тарихы”. Кез-келген көркем шығарманың әрбір бөлшегін ондағы оқиғалардың басын құрастырып, біріктіріп сол шығарманы бүтін бір тұтастыққа келтіруді шығарманың композициясы деп атайды.

Шығармада сонымен қатар кейіпкер арасында күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар болып жатады. Сонда тартыс дегеніміз - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі. Адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі қарама-қарсы құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. Өнердегі өмірлік тартыс көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, арқауы немесе негізгі арқауы. Яғни әдеби шығармадағы тартыс, оның сюжеті мен композициясын дамытатын, өрбітетін негізгі құрал. Сондықтан да шағын, көлемді әңгімеден бастап үлкен романға дейін шығармада тартыс болады. Осы тартысқа түсетін әрбір құбылыстың өзіндік дәлелі болуы керек. Кейіпкер үшін ол дәлел психологиялық жағынан болады да, ол шығармадағы жалпы оқиға үшін логикалық дәлел керек.

Кез-келген шығармада дәлел болатын секілді шығармалардың барлығында да композияция болады. Ол композиция шығарманың басталуынан немесе оның кіріспесінен құралады. Шығармадағы осындай әдеби кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасқа түспей тұрғандағы оның хал-жағдайы, тіршілігі, өмір сүрген ортасы, онда болатын оқиғалардың өтетін орны туралы алғашқы түсініктеме экспозиция деп аталады. Әдетте шығармалардың экспозициясы қоңыржай үнмен хабарлау сазымен байсалды дауыспен оқылып, тыңдаушылардың назарын өзіне аударады. Бірақ кез-келген шығармада экспозияция болмайды. Шығарманың көпшілігінде оқиға бірден өрбиді. Әрбір шығармадағы оқиғаның шарықтауы іс-әрекеттің шиыршық атып шегіне жеткен жағдайы болып саналады. Ал оқиғанын шешімі дегеніміз – іс-әрекеттің дамуының аяқталуы. Сондықтан шығарманың ақталуын оқығанда дауыс баяулап барып бітуі керек те, ұзақ кідіріс жасалады. Мұндағы мақсат – тыңдаушылар естігененін ой елегінен өткізіп алған әсерін қорытындылау үшін жағдай туғызу. Егер оқылатын шығарманың көлемі үлкен болса, оны бірнеше бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою керек және шығарманың әр бөлігі аяқталған бір ойды, яғни эпизодты білдіруі тиіс.

Келесі эпизодты бастар алдында тыңдаушының назарын аудару үшін ұзақ кідіріс жасалады. Мәнерлеп оқуға дайындалған кезде шығарманың типтеріне /жанрына/ көңіл бөлу керек. Әдеби шығармалар типтері жағынан 3-ке бөлінеді.


  1. поэзия

  2. проза

  3. драма

Осы 3-ң тағы бірнеше түрлері бар. Мысалы, 1. Поэзия – поэма, жырлар /батыр/ лирика, баллада, тақпақтар. Поэзия ұзақ көлемді

2. Проза – романдар, повесть, әңгіме

3. Драма – комедия, спектакль

Шығармаларды оқыған кезде оның тіліне ерекше көңіл бөлу қажет. Әрбір шығарманың тілі – мәндікке, ықшамдылыққа, сұлулыққа негізделуі шарт. Сондықтан да әдеби тіл – жәй тіл емес көркем тіл. Яғни сұлулыққа құрылуы қажет. Бірақ бұл жердегі негізгі мақсат - әр сөз өз орнына қолданылып, сөздің табиғилығына тыңдаушыға түсініктілігіне, қарапайымдылығына, нақтылығы мен тазалығына көңіл бөлінуі керек. Кез-келген шығармада антоним, синоним, омоним, көп мағыналы сөздер орпоизмдер, неологизмдер кездеседі.

Антоним – биік-аласа, үлкен-кіші т.б.

Синоним – әдемі-сұлу-ажарлы т.б.

Омоним – ара /жәндік/, ара /құрал/ т.б.

Орпоизм – көнерген сөздер.

Сонымен қатар шығарма тілінде эпитеттер де кездеседі, заттың, құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтайтын бейнелі сөздерді эпитет деп атайды.

Мысалы: Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Көктемнің балғын кезі еді

Әнші құс көкте ағылған

Желінің де жасыл өзегі



Көгілдір мұнар жамылған.

Әдеби тілге үстеме мағына беріп шығарманың мазмұнын түрлендіріп тұратын көркемдегіш құралдардың бірі – теңеу.

Заттың,құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу теңеу деп аталады.

Мысалы: Шілдеде қандай момақан

Толқының майда мақпалдай

Бірнеше жұмбақ алақан



Көтеріп бара жатқандай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет