ҚҰмжиек ауылдық округі әкімінің есебі бюджет. 2015 жылы «Құмжиек ауылдық округі әкімі аппараты»



Дата25.02.2016
өлшемі29.76 Kb.
#23414
ҚҰМЖИЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2015 жылы «Құмжиек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджеттен 49327,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Жиналуға тиісті мүлік салығынан 8,2 мың теңге, жер салығынан 63,1 мың теңге, көлік салығынан 1181,0 мың теңге жиналып, 100 пайызға орындалды.

Жыл көлемінде ауылдық округі әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 9 өтініш түссе, жеке қабылдауда 4 ұсыныс – пікір айтылып, тиісті заңдылықтар бойынша түсіндірілді.



Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. 2015 жылы 18 отбасының 57 баласына балалар жәрдемақысы төленді.

Жыл көлемінде 30 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 10 азамат маусымдық жұмыспен қамтылса, 4 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.



Кәсіпкерлік. Округте 63 шаруа қожалығы, «Байқоңыргаз» ЖШС және 12 кәсіпкер жұмыс жасайды.

Ауыл шаруашылығы. Округ бойынша 1937 бас мүйізді ірі қара, 3803 бас жылқы, 2066 бас түйе, 10 534 бас уақ мал бар.

Сонымен қатар «Жеңіс», «Аян», «Серимов Кенес» шаруа қожалықтары мен «Байқоңыргаз» ЖШС мал өсірумен айналысады.

«Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары бойынша «Дәулетияров Олжас» және «Ерқосаев Сұлтанхан» шаруа қожалықтары несие алып, мал шаруашылығын дамытуда.

Құрылыс, абаттандыру, жарықтандыру. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 236,0 мың теңге қаржыға елді-мекенге кіре беріске бас қақпа орнатылды. «Тағзым алаңын» абаттандыруға 240,0 мың теңге қаржы бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Елді-мекенді көркейту-көгалдандыру және аяқ сумен қамтамасыз ету жұмыстарына барлығы 1 698,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

2015 жылы елдімекенге кіре берістегі 2 км автомобиль жолы жөндеуден өткізілді. Ауыл орталығындағы Ғ.Мұратбаев, Т.Ізтілеуов, Т.Ақжігітов көшелері түнгі жарықшамдармен қамтамасыз етілген.

Байланыс. Ауылда «Қазпошта» АҚ-ның пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді. Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері және газет-журналдар уақытылы таратылуда. Сонымен қатар, ауылда несие төлеу мен ақша аударуға мүмкіндік бар.

Тапа, Қожақазған, Мәдениет елді-мекендері телефон нүктелерімен қамтамасыз етілген.



Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт. Қазіргі таңда №92 орта мектепте 248 оқушы білім алуда. 2014 - 2015 жылғы оқу жылында мектеп бітірген 15 оқушының 9-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 4-і мемлекеттік грант иегері атанды. Мектеп жанындағы шағын орталықта 50 бала тәрбиеленуде.

Қ.Пірімов дәрігерлік амбулаториясында 1 дәрігер, 9 орта буын медицина қызметкері, 1 медициналық қызмет көлігі халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.

Өткен жылы күндізгі стационарда 147 науқас ем алды.

Қ.Пірімов ауылдық клубына күрделі жөндеу жүргізіліп, сахналық киім мен көрермендер залы жаңа орындықпен толықтырылды.

2015 жылы жеке кәсіпкер тарапынан ауыл орталығындағы «Шындалы қожа» мешіті жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылыққа қарсы күрес. Ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес құқықтық оқу, дөңгелек үстел, тұрғындармен кездесу жиындары өткізілді.

Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды.

Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:

- елді-мекенді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына сәйкес шағын және орта бизнесті дамыту арқылы «Агробизнес 2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламаларын округ тұрғындарына түсіндіре отырып, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында нақты іс-шараларды жүзеге асыру;

- Қарақұм және Қызылқұм беткейіндегі мал жайылымдық жерлерін тиісті бағдарламаларға сәйкес суландыру жұмыстарын жүзеге асыру;

- Мал ұрлығының алдын алу мақсатында тұрғындардың малдарын кезекпен бағу, пада ұйымдастыру және жеке адамдардың малдарды ақылы бағу жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру;

- «Жастар саясаты» бағдарламасы негізінде өскелең ұрпаққа рухани-имандылық, адамгершілік, діни-сауаттылық бағытында тәрбие беру арқылы дәстүрлі ислам жолымен жүруіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қолжетімді несие алып беруге жұмыстар жасап, ауыл жастары арасында жұмыссыздықты азайтуға жұмыс жүргізу.



Құмжиек ауылдық

округінің әкімі Т.Сермаханов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет